Отарлау және ұлт-азаттық күрес. Ресей империясының отаршылдық саясаты: мақсаттары мен әдістері (сабақ жоспары)

0
5030
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты
— Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау.

Зерттеу сұрағы:
Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге асырды?

Оқулық
Ресей империясының отаршылдық саясаты: мақсаттары мен әдістері. 66–71 беттер.

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. – 3 том. –
Алматы: Атамұра, 2010.
2. Омарбеков Т. Ұлы Даланың дара тұлғалар: Қазақ хандары. – Алматы,
2015.
3. Қойгелдиев М. Қазақ елі: Ұлттық бірегейлілікті сақтау жолындағы
күрес (ХІХ ғ. – ХХІ ғ. басы). –Алматы, 2014
4. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк) Алматы, 1993.
5. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999.
6. Артықбаев Ж.О. Этнос және қоғам. ХVІІІ ғ. – Қарағанды, 1995.
7. Букейхан А. Исторические судьбы Киргизского края и культурные его
успехи // Избранное. – Алматы, 1995.

Тірек сөздер

Тұз өндіру, өнеркәсіп, кәсіпорын, сауда-саттық, ұлы Дала, отарлау, Кіші жүз, Ералы, Нұралы, Айшуақ, Жоңғария.

Көрнекілік

Отарлау қарсаңындағы Қазақстан мен Ресейдің картасы. Ресейдің Қазақстанмен шекарада әскери шептер салу картасы. Отарлау саясаты дегеннің мәні мен мағынасын ашу, Ресей империясының қазақ көшпенділері мекендеген аймақты отарлауға қызығу себептерін және отарлау барысында алдына қойған басты мақсаттарын оқушыларға нақты деректер негізінде түсіндіру.

XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстанмен Ресейдің шекаралық аймақтарын көрсететін карта. Ресейдің қазақ жерін отарлауда әртүрлі әдістерді қолданғанын, осы мақсатпен әскери шептерді нығайтудың, қазақорыс сауда байланыстарын нығайтудың, қазақтарға өз жерін пайдалануға шек қоюдың, орыс-казак шаруаларын қоныстандырудың қолға алынғанын оқушыларға түсіндіру.

Мақсатты айқындау

Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатында алға қойға мақсатының оған көрші халықтар үшін аса қауіптілігін Қазақстанның мысалында айқын көрсету, Ресей тәрізді үлкен державаның көршісі болу қазіргі саясатта онымен үздіксіз санасуды қажет ететінін оқушыларға түсіндіру.

Дамытушылық маңызы. Ресей тәрізді империяның өзіне көрші әлсіз халықтарға жасаған отаршылдық қысымы соңғылардың өзіне ұсақтау қорғану қабылетін және азаматтарының отаншылдық сезімін үздіксіз көтеруді қажет ететіндігін оқушыларға ұғындырып оларды патриотизмге тәрбиелеу.

Ресейдің қазақ жерін отарлауда әртүрлі әдістерді қолдануы және оның Қазақстанды
отарлауға алып келгені қазіргі замандағы көрші елдермен қарым-қатынаста
әрқашан ескерілуі тиіс.

Тәрбиелік маңызы. Отаршылдыққа қарсы күрес әрқашан қажет екендігін әсіресе Қазақстан үшін отаршылдықтан азат болған қазіргі тәуелсіздіктің бағасы мен қадірі жоғары болып табылатынын оқушыларға түсіндіру.

Сабақтың деректік материалдары.

Оқытушы көрнекілік деректерін пайдалана отырып, отарлау саясаты дегеннің не екендігін оқушыларға нақты түсіндіреді, патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау мақсатын ашады, оның себептерін көрсетеді.

Әсіресе жер мәселесіндегі отаршылдық саясатын оның Кіші жүздегі іс-әрекеттері
негізінде көрсетеді. Сондай-ақ әскери шептерді салу жұмысының шекаралық аймақтарда кең қанат жаюы Қазақстанды отарлауға негіз жасағанын нақты деректермен баяндап айтады. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Бірінші топ Ресейдің қазақ жерін отарлауға себеп болған мәселелерді тезистер түрінде тізіп жазады.

Екінші топ қазақ жерін отарлауға себеп болған жер мәселесіндегі саясаттың мәнін ашатын шығарма жазады.

Үшінші топ патша үкіметінің шекаралық аймақта әскери шепті салуды өркендету саясатын осы әскери шептерді картаға түсіру арқылы көрсетеді.

Мұғалім нақты деректер негізінде Ресейдің қазақ жерін отарлау үшін әртүрлі әдістерді
қолданғанын, осы мақсатпен қазақ-орыс сауда байланыстарын нығайтуға байланысты шараларды қолға алғанын, Сібір, Жайық, Орынбор казак әскерлерін ұйымдастырып, қазақтардың жайылымдық жерлерін тартып алғанын, патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануға шек қоя бастағанын, орыс-казак шаруаларын қазақ жеріне қоныстандырудың басталуын деректерге сүйене отырып түсінікті де ұғымды тілмен баяндайды.

  • Оқушылар картадан орысқазақ саудасын дамытуға негіз болған орталықтарды көрсетеді;
  • орыс-казак шаруалары көптеп қоныстанған аймақтарды картаға белгілейді;
  • жайылымдық жерінен айырылған көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар мекендейтін өңірлерді сипаттап жазады.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

1. Оқытушы сабақ өткізу барысында оқушылар назарын төмендегідей
мәселелерге аударады:
2. Отарлау саясатының мәні мен мазмұны
3. Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты
4. Қазақ даласында хандық биліктің әлсіреуі

5. Патша үкіметінің әскери шептер салуы. Ресейдің отарлау мақсатымен
қазақ-орыс сауда байланыстарын күшейтуі
6. Отаршылдардың қазақтардың өз жерін пайдалануларына шек қоюы
7. Орыс-казак шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру саясаты
8. Шекарадағы орыс шептеріндегі әскери бекіністерді күшейту
9. Қазақ даласын отарлаудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалімнің төмендегідей жоспарды тақтаға жазып қоюы оқушылардың
тапсырмаларды орындауын жеңілдетеді:

1. Отарлау саясатына түсінік беру.
2. Ресейдің қазақ жерін отарлаудағы мақсатын ашып көрсету.
3. Отарлау саясатындағы саяси әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде жер
мәселесін айқындау.
4. Қазақ жерімен шекарада әскери шептер салу әрекетінің кең өріс алғанын
көрсету.
5. Қазақ хандығының әлсіреу себептерін анықтау.

Бағалау парақшасы.

1. Қазақ хандарының ататек шежіресін пайдалана отырып, қазақ жеріндегі хандық биліктің қалыптасу тарихына қысқаша сипаттама жаса.

2. Қазақ жеріндегі хандық құрылыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсететін кесте жаса. Онда қазақ даласында хандық билiктiң жойылуына не себеп болғанын анықта?

Хандық құрылыстың артықшылықтары Хандық құрылыстың кемшіліктері Хандық биліктің жойылу себептері

 

3. Арнайы кестеде хандық биліктің жойылуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен саяси ақуалдың ықпалы қандай болғанын және Ресей билігінің қазақтардағы хандық басқаруға неліктен қарсы болғанын көрсет.

Хандықтың жойылуына ықпал еткен әлеуметтік экономикалық жағдайлар Хандықтың жойылуына ықпал еткен саяси ақуалдар Ресей билігінің хандыққа қарсы болу себептері

Бағалау мүмкіндіктері Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Оқушы аты-жөні Оқушының өзінің өзіне қойған бағасы Топ басшысының қойған бағасы Топтық жұмысқа қатысуы Тапсыр-маларды орындауға қатысуы Бекіту сұрақ-тарына жауабы Қорытынды баға

Қосымша тапсырма

1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.
Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Білемін Білдім Білдім

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ