Ақжелкеннің пайдасы қандай?

0
1183

Ақжелкеннің адамның жүрек-қан тамырларын қорғау қасиеті бар. Қан қысымын төмендетеді, қандағы май құрамын азайтады.

Күн салқындағанда ерін кезеріп, тыныс тарылуы іште ыстық барын білдіреді. Ақжелкен бауырдың ыстығын қайтарады. Оның тәбетті ашатын да қасиеті бар. Ақжелкен ішекті де тазалайды.

— Мандарин қабығынан 10 гр, ақжелкеннің 10 гр алып, оны 200 мл суда қайнатып ішсе, асқазанды тазалайды, бауырдың ыстығын қайтарып, жұмысын жақсартады.

— Бүйректегі тастарды ерітуге көмектесетін ақжелкенді қолданудың ең жақсы тәсілі — жаңа шырын қоспасын жасау. 50 грам шырын сығып ала салысымен, бірден пайдалану қажет. 10 минут тұрғаннан кейiн сапасы жойылып кетедi. Шырынды ішкен соң, бүйректi тазарту үшiн жер бауырлап жатып, аяқ-қолды бiр мезгiлде жоғары 3 рет көтеріңіз. Бұл қозғалыс тастың үгiтiлiп, құмға айналуына, ыдырап, сыртқа шығуына мүмкiндiк жасайды.

— Радикултті емдеу үшін мынадай компресс дайындаңыз. Ұсақ көзді үккіштен бір картоп пен пияз және ақжелкектің бір тамырын өткізіп, өсімдік майын қосып араластырады. Осы қоспаны белдің ауырған тұсына қойып, оранып жата тұрған дұрыс. Бұл компресс ауырған жерді қыздырып емдейді.

— Кіші дәреті жүрмегенде: 2 қасық ұсақталған ақжелкен тамырына 1 стақан қайнаған су құясыз. 10 сағат термоста тұндырып қоюсыз. Дайын тұнбаны күніне 3 мезгіл тамақтан жарты сағат бұрын 1 үлкен ас қасығын ішесіз. Осылай 10 күн қабылдау керек.

— Остеохондроз кезінде: 100 гр ақжелкен тамырын, 100 гр сельдерей жапырағын турайсыз. Жарты литр суға салып қайнатасыз.Қайнаған қоспаға 1 лимонды сығып, шырынын қосасыз және 2 қасық бал саласыз. Жылы күйінде бірден қабылдайсыз. Бұл ағзадағы артық тұзды шығарады.

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ