Америкадағы қоныстану мәселесі және алғашқы өркениеттер

0
1362
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Америка континентін адам баласынын қашан, қалай қоныстанғаны осы күнге дейін шешімін таппаған, аса күрделі мәселе болып келеді.

Кейбір бағыттағы ғалымдардың болжамы бойынша Американы алғашқы қоныстану осыдан 40 000 жыл бұрын басталды деп жүр ал келесі бір ғылымдар бұл процесстің басталғанына шамамен 20 000 жыл болды деп есептейді. Бірақ бұл болжамдардың бірде — бірі нақты дәлелденбеген, оны растайтын археологиялық заттар табылған жоқ.

Ал енді адам баласы Америкаға қалай барды, бұл мәселе континенттің қай жағынан басталады деген сұраққа да нақты жауап берілген жоқ .

Америка археологиясын зерттеуші ғалымдардың барлығы бір пікірмен келіседі — ол пікір адамдар бұл континетке Солтүстік – Шығыс Азиядан келген деген көзқарас. Археологтардың көпшілігі Америкаға адамдар Сібір мен Амерканы қосып жатқан (Беринг бұғазы- М.Е.) “көпір ” арқылы өткен деген пікірі қолдайды. Мұздақ дәуірінің соңында мұхитардың деңгейі қазіргіден 91 метр төмен болған.

Сонымен қатар, зерттеушілер арасында адамдар Сібірдің ең алыс жақтан солтүстік — шығыс аудандарына осыдан 15 000 -18 000 жыл барғаны туралы да нақты деректер жоқ.

Ғалымдар арасынада Американы қоныстану континент аралық ( көпір) арқылы немесе мұздақтың ең соңында теріден жасалған қайықпен жағалап отырып жеткен деген пікір бар. Бұл осыдан 15 000 жыл бұрын басталған болса керек.

Аляскадан осыдан 10 000 жыл бұрын өмір сүрген адамдардың тұрақтары табылған. Ал Солтүстік Америкадан Оңтүстік Америкаға адамдардың қалай жеткеніде нақты анықталмаған. Кейбір ғалымдар бұл процесс континенттің оң жағасын жағалап барған болуы мүмкін деген пікірде. Қолда бар деректерге қарағанда осыдан 10 500 жыл бұрын алғашқы аңшы-термешілер (жинаушылар) Американы қоныстанғаны белгілі болып отыр.

Америка егіншіліктің даму тарихв осы заманғы әртүрлі әдістердің анықталуына қарағанда ,әсіресе Орталық , Оңтүстік Америкада б.з.д. 3000 жылда маис, бобтар өскені , егілгені анықталған. АҚШ – тың оңтүстік батысында б.з.д. 1500 жыл бұрын егілген. Анд тауында б.з.д. 2500 жылы картошка егілген.

Орталық Америка өркениеті 1519 жылы испандық конкистадор Эрнан Кортес Мехико алқабының ортасында орналасқан ацтектердің астанасы Теночтитлан қамасын көргенде таң қалған, оны храмдар мен сарайлар өте қызықтырған. Астанада 25 000 адам тұрған, ал оның базарына күніне 20 000 адам келіп кетеді екен.

Екі жылға созылған соғыстан кейін қаланың қираған орны ғана сақталған Ацтектер империясы 2 500 жыл өмір сүрген. Орталық Америкадағы Ольмек өркениеті әсіресе б.з.д. 1500 жылдан кейін тез өркендей бастады – Веракрус алқабында оларда шаманизм мен Ягуарға сенім күшті болды. Б.з.д. 1200 жылдардан бастап ольмек мәдениеті Орталық Американың жазықты, таулы алқаптарында кең таралды .

Ольмек өркениетінің гүлденіп тұрған кезінде Юкатан ойпатында Майя өркениеті дамып, өркен жая бастады. Б.з.д. 1500 жылдарда майялықтардың астанасы Накбе и Эль Мирадор қалаларында патшалық қалыптасып, дамыды. Қалаларды аса күшті лордтар басқарды.

Б.з. 100 жылдарында , осы кезде үлкен және шағын қалалар арасында билік үшін қатты күрес, талас жүріп жатты. Майялықтардың өз жазуы болды. Классикалық майя өркениеті IX ғасырға дейін өмір сүрді , оларда қала мемлекеттер өмір сүрді олар: Калакмуль,

Копан Паленка, Тикаль. Осы кезде тауда Теотиуакан қаласы ө мір сүрді, оның халқы 120 000 адмға дейін жетті. Б.з.д. 200 — б.з. 750 жылдары аралығында бұл ққала глдеген орталық болды. VIII ғасырда қала құлдырай бастады.

1517 жылы испандықтар келгенде бұл қала әлі өмір сүріп жатқан болатын.

Мехико алқабында Тольтек өркениеті өмір сүрді, ол б.з.д. 1200 жылы құлдырай бастады. Анд өркениеті. Бұл өркениет Чили ,Боливиядан бастап Эквадорға дейінгі аралықта өмір сүрді.Өркениеттің гүлденіп тұрған кездегі халқының саны 6 000 000 адамға жеткен.Оның құрамына Андтың таулы аудандары,Амазонканың жағалаулары, Тынық мұхиттың құрғақ ауа райлы жағалауы кірді.

Бұл өркениет анчоус және басқа балықтарды аулауды кәсіп етті.Б.з.д. 900 жылдар өркениеттің гүлденген кезі болды. 1- мыңжылдықта Анд өркениетінің екі даму аймағы болды: 1-сі Мочика мемлекеті.Бұл мемлекетте суландыру жүйесі өте жақсы дамыды.Халқның басты тіршілік көзі мақта,басқада мата дақылдарын егіп ,теңіз жануарларын аулау болды.

Бұл өркениет ұзаққа созылған құрғақшылықтан және Эль-Ниньо жылы ағысының әсерінен болған катострофикалық су тасқынынан опат болды.1100 жылдардаЧиму мемлекеті өмір сүрді оны 14-ғасырда инктер басып алды. Анд өркениетінің 2- аймағы Титикака өзенінің алқабында өмір сүрді,оның басты орталығы Тиванаку болды. Бұл өркениет 1-мыңжылдықта өркендеп, 1000-жылы қатты құрғақшылықтан опат болды. 1438 жылы Титикана қаласын инктер басып алды.

Гүлденіп тұрған инктер мипериясын 1530 жылы испандықтар жаулап алып қиратты. Сонымен қатар елдің қатты әлсіреп исрпандықтарға қарсылық көрсете алмауына империяға таралған оспаның қасіреті зор болды.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 

  1. Археологиялық периодизация және хронология
  2. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  3. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  4. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  5. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  6. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  7. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  8. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  9. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  10. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  11. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ