Қарлығаш пен құз көктекесінің айырмашылығы қандай?

0
2330
қарлығаш

Қарлығаш — жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, ауылдық деп аталады.

Елімізде кент, сұр, құз, жар және қос рең қарлығаштар да кең тараған. Олар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықпен ұшады екен. Сондай-ақ жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олардың негізгі қоректері: маса, шіркей, қоңыз, кене, көбелек, инелік, өрмекші, тағы басқа. Бір қарлығаш күніне мыңнан аса маса жеп, зор пайда келтіреді.

Ұясы — балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауыннан қорғайтын шебер жасалынған баспана. Ұя салуға сілекейімен араласқан  балшық пен шөп қиқымдарын, жылқының қылын, т.б материалдарды пайдаланады. Қарлығаштар ұяларын үйдің шатырына, мал қораның төбесіне, құлаған құрылыстар мензираттардың басына, т.б жерлерге салады.

Олар жұптарын өмір бойы сақтап, балапандарына екеуі де қамқорлық жасайды. Халқымыз қарлығашты киелі санайды. Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз, әңгімелер бар.

Құз көктекесі. Құз көктекесі — тас, құздарда тіршілік етуге бейім құс. Салмағы 35-38 гр. Дене пішімі торғайдан сәл үлкенірек. Осы денесіне қарамай, бұл құс — керемет құрылысшы.

Құз көктемкесінің ұясы өте мықты болады. Ол үшін 8 килограмдай саз балшықты пайдаланатын көрінеді. Сазды, балшықты, тасты құз қабырғасына  өз сілекейімен жабыстырып, сыртын қоңыз қабыршақтары, құс қауырсыны, шыны сынықтарымен сылайды да, ішін мамықтайды (жүн, жұмсақ жапалақ мамығымен, мақта және т.б) екен. Тіпті осындай бір құз көктекесінің ұясының сыртынан түлеген жылан қабығы да табылған.

Бұл қолмен бұза алмайтындай берік ұя тіпті адамды да көтере алады дейді. Жалпы, құз көктекесінің ұя жасау шеберлігіне кім де болса таңқалары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Қазақстанның құстары. Үкі мен құр

  2. Қоқиқаз бен аққу құсы

  3. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  4. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  5. Көксерке мен қортпа балығы

  6. Алабұға және сазан балығы

  7. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  8. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  9. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  10. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  11. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  12. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  13. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ