Қазақ еліндегі оқу-ағарту шараларына ресейлік әдебиетші әдіскерлердің жаңаша ықпал-әсері

0
722
Иллюстрация: Freepik.com

       Мақсаты: Қазіргі орта мектептердегі әдебиет пәнінің оқытылу жүйесін толық игеру үшін, аталған пәннің өткен ғасырлардағы жүргізілу жайын білу, бағдарлау қажеттігі сөз болады. Бұл орайда, ең алдымен XIX-XX ғасырдағы әдебиеттік оқу туралы әдістемелік нұсқау-еңбектер жазған орыс әдебиетші әдіскерлерінің ұстанымдарын түсіндіруді мақсат етеді.

ХIX ғасыр басында қазақ арасында оқу-ағарту жұмысы екі түрлі болды. Оның бірі – мұсылманша оқу, екіншісі – орысша оқу. Бұл жай 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін жалғасып келді. XIX ғасырдың бас шеніндегі ескі орыс орта мектептерінде (кейде Ф.И. Буслаевқа(1818-1897) дейін делінеді. В.В. Голубков) Әдебиет емес, әдебиет теориясы өтілген (риторика және мистика(ақындық).

Әдебиетті бұлай оқытуда догмалық, сыңаржақ қағидалар басым болды. Мысалы, 1828 жылғы гимназия уставы мен 1833 жылы сол уставқа сәйкес жасалған программа бойынша алғашқы үш төменгі кластарда-грамматика; 4 класта синтаксис, сөйлем құрылысы және жеңіл-желпі өлеңдер жаттау; 5-6 сыныптарда – логика және риторика, қысқа-қысқа шығармалар жазу; 7 сыныпта пиитика (ескі ақындық) және орыс сөзінің қысқаша тарихы өтілді. Мұнда әдеби текстерді оқу, үйрену дағдылары жоқ, тек өлеңді жаттап алу басты орында тұрды.

XIX ғасырдың бас шеніндегі әдебиетті оқытудың осындай жүйесіне Ф.И. Буслаев (1818-1897) біршама жаңалық енгізді. Ең басты еңбегі «О преподавании отечественного языка» (1844) деп аталады. Ф.И. Буслаев әдебиетті оқытудағы қасаңдыққа қарсы күресті, оқытудың «гейристикалық» (эвристикалық) әдісін ұсынды: оқытушы ұғымтал, ыңғайлы сұрақтар қою арқылы оқушыны өзінше ізденуге, нені үйрену керектігін аңғаруына жетелеуі керек болды. Әуелі тиісті материалды игеріп, сосын оған теориялық түсінік берілуін құптайды.

Өйтпеген күнде алдын ала берілген теориялық пікір оқушының еркін түсінуін шектеп, матайды деп санады. Ф.И. Буслаевтың бұл айтқандары, педагогтік пікірлері шынында да ескі мектеп үшін, оның программасын жаңарту жолындағы ілерілегендік еді. Буслаевтың ескішілдік түсінігі Грибоедов, Пушкин, Лермонтов, Гоголь шығармаларын дұрыс ұғуына кедергі жасады. Оның тағы бір кемшілігі – шығарманың құрылысын талдау, композициясын тануға көңіл бөлмеді, керексіз деп санаған.

1840-60 жылдардағы мұғалімдер Буслаевтың әдістемелік оқулықтарымен келіспеді. Олар: В.И. Водовозов («Существует ли теория словесности и при каких условиях возможно ее существования?» 1859 г.), В.И. Кречетова сияқты мұғалімдер ескі гимназиядағы бірыңғай риторика заңдылықтарын жаттау, немесе Буслаевтың ізімен Карамзин шығармасының тілін талдау («История Госдарства Российского») тәрізді жаттандылықтан жери бастайды.

Олардың (Водовозов, Кречетова) оқушылары патшалық бюрократизмді, крепостнойлықты сынаған Грибоедов («Горе от ума»), Гоголь («Мертвые души»), Пушкин, Лермонтов реалистік шығармаларын жасырын, мектеп қабырғасынан тыс сәттерде оқып танысады. Мәселен, В.И. Водовозовтың өзі гимназияда оқып жүрген кезінде (1835-1842) тыйым салынған өлеңдерді оқып  отырған.

XIX ғасырдың 60-жылдардағы әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша елеулі еңбек еткендердің қатарына В.Я. Стоюнинді жатқызамыз. (1826-1888). Оның басты әдістемелік еңбектері: «Руководство для исторического изучения русской литературы», «Руководство для теоретического изучения литературы», «Хрестоматия по литературе»№ Ең негізгі әдістемелік оқу-құралы – «О преподавании русской литературы».

Бұл оқулық 1864 жылы жарық көріп, 1917 жылға дейін қолданылды. В.Я. Стоюнин ескі бағдарламаға қарсы шықты. Әдебиет сабағын көркем мәтінді толық білмей тұрып, оқулықтар бойынша оқытуға болмайды деп санады (біздіңше мұнысы өте дұрыс). Ол ескі риторикалық, Буслаевтың филологиялық әдістемелерін сынады. Оқушыны әр сөзге, сөйлемге қадалтып қоюдың тиімсіздігін айтты. Ондай «схоластикалық эстетикаға» (риторикаға) қарсы Стоюнин мектептің міндеті ретінде мынадай мәселелерді атады:

1). «Оқушыларға табиғат пен адамға қатысты шынайы түсініктерді» хабарлау.

2). Оқушылардың бойында «шындық пен ынтызарлыққа (любовь) деген ұмтылысты» отанға деген сүйіспеншілікті, эстетикалық сезімді, гуманизмді дамыту.

3). Еңбекке тәрбиелеу.

Осы аталған үш міндетті Стоюниннің пікірінше әдебиет пәнінің мұғалімі де қабылдауы шарт.

Әдебиеттік оқу әдістемесінің келесі бір өкілі – В.П. Острогорский.  Ол оқытудың тәрбиелік сипатына баса көңіл бөлді. (основоположник художественного воспитания). В.П. Острогорскийдің (1840-1902) эстетикалық көзқарастары оның «Письмы об эстетическом воспитании» деген еңбегінде баяндалған. Ол оқушыға эстетикалық, этикалық тәрбие беруде басты рөльді көркем әдебиетке береді. Сондықтан әдебиет пәнінің мұғалімі педагогтік ұжымның ортан қазығы (центральная фигура), оған қойылатын талап та өте жоғары болуға тиіс деп санайды.

В.П. Острогорский «Беседы о преподавании словесности» (1885 г.) деген методикалық кітабында әдебиет сабағының бағдарламасын гимназияның I-IV кластарына арнап былай бөлген:

1) белсенді, нақыштап оқу.

2) жаттау, мәнерлеп айту.

3) сыныптан тыс оқу, сыныпта тәрбиелік сипатта әңгімелеу, сұрақ қою арқылы бақылау.  4) мұғалімнің әсерлі, мәнді сөзі. (живое слово учителя).

Салыстырып қарағанда:

1). Стоюниннің алдына қойған мақсаты — әдебиеттік оқу арқылы оқушылардың дүниетанымын, қоғамдық өмірге көзқарасын қалыптастыру. Ол оқушыны көркем шығарманың мәнін түсінуге үйретеді, ондағы қоғамдық-моральдық идеяны ұғуға баулиды. Стоюниннің күшімен, мұғалімнің басшылығымен, тексті талдау, әдеби әңгімелесу.

2). Острогорскийдің басты мақсаты – оқушыны әдемілікке, құштарлыққа тәрбиелеу. Идеал мазмұны нақты аталмайды. Бірақ ол әрқашан мектеп оқушысын, жеткіншек ұрпақты «кесір, кесепат, келеңсіздікке қарсы тәрбиелеп, оның бойына асқақ, сәулелі сезім, ізгі ниет дарыту қажет деп білген. Острогорский мәтінге талдау жасауды жоққа шығармайды, бірақ Стоюнин сияқты талдау үлгісін келтірмейді.

 Әдебиеттер:

1).Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. –Алматы:    Қазмемкөркемәдеббас, 1961. -694 бет. (2,13,25,29,32,37 – қара сөздері).

2).Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-бас. –Алматы: Жазушы, 1985. -560 бет.   (Мақала: «Сахарадағы мұсылмандық туралы» = 197-бетте).

3).Голубков В.В. Методика преподавания литературы. -Москва: Учпедгиз, 1955. -460 с.

Дереккөз: Қазұу, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. ХVІІІ ғасырдың ақырғы ширегіндегі дала жыршылары
  2. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  3. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  4. Көркем троптар, олардың түрлері
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  11. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  12. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  13. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  14. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  15. Ел аңыздары және жыраулық мұра
  16. Қазақ хандығының құрылу дәуірінен дерек беретін жыраулық мұра

ПІКІР ҚАЛДЫРУ