Жаңаша оқыту амалдары жөніндегі он тоғызыншы ғасыр зиялыларының тың ой-толғамдары

0
460
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі жөніндегі ой-толғаныстары бүгінгі тәуелсіз әдіснама негізінде баяндалады. Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбайұлының, Ыбырай Алтынсариннің қазақ балаларын оқытып, білім беру жөніндегі жол-жобалары мен ой-тұжырымдары мысалдар арқылы қозғалады.

Ресейлік жаңа әдебиет пен қатар, Қазақ қауымы оқығандарының арасында, елді мекендерде, ауылдарында мектепте ресейлік жаңа әдебиет пен қатар  В.Г. Белинскийдің (1811-1848) көркемөнер мен әдебиет турасындағы сын-пікірлерінің де ықпалы өте зор болды. Белинскийдің мақалалары мұғалімге әдебиет ғылымының принциптерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге оған әдеби шығарманы оқытудың әдістемелік жолдарында нұсқайды.

Мысалы, Белинский көркем мәтінді дұрыс оқуға, оқушының (читатель) жан-тәнімен беріле оқуына айрықша зор мән берген.  Белинскийдің пікірінше, жазушы шығармасының кілтін табу үшін оның пафосын анықтау керек. Сонымен қатар, В.Г. Белинский мектепте әдебиетті оқыту мәселесіне ерекше ден қойған: Грег, Кошанский, Плаксин, т.б. оқулықтарын схоластикалық, ескі, зиянды кітаптар деп тапқан.

30-40жылдардың азды-көпті мұғалімдері Белинскийдің мақалаларын қызыға оқып, тәлім алып отырған. Ал Белинский идеяларының әсер-ықпалы әдебиетті оқыту жөніндегі 60-жылдары өсе түсті. XIX ғасырдың 60-жылдарында мектептердегі оқыту ісіне халықтық рухтағы демократтар Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбовтың әсері зор болды.

Орыс әдебиетін түсінудегі Белинскийдің эстетикасын, әдеби теориялық қөзқарасын Чернышевскиймен Добролюбов одан ары жалғастырды. (Н.Г. Чернышевскийдің диссертациялық еңбегі «Эстетические отношения искусства к действительности» — 1853-1855 г.г.). Бұл еңбегінде Чернышевский нағыз көркемөнердің міндетін анықтады: «воспроизвеления жизни», «объяснения жизни», «приговора о явлениях жизни». Н.А. Добролюбов, негізінен, Гончаров, Островский, Тургеневтердің шығармаларына терең талдау жасады. Әсіресе, оның «Что такое обломовщина?», «Темное царство», «Луч света в темном царстве» деген мақалаларының 60-жылдардағы әдебиетті оқыту әдістемесі үшін мәні ерекше болды.

Міне, осындай жаңа бағыттағы озық ой-пікірлермен қазақтың алдыңғы қатарлы білімпаз азаматтары Шоқан Улиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сияқты оқығандары да жақсы таныс болған еді. Мәселен, Ш.Улиханов өзінің «Сахарадағы мұсылмандық туралы» мақаласында қазақ мектептері, оқу жүйесіне баға беріп, жаңаша жол сілтеді. Ал, оқу-ғылым, тәлім-тәрбие жөніндегі Абай Құнанбаев айтқан өнеге, үлгі сөздер қазіргі күні де мән-мағынасын жойған жоқ.

Қазақ халқы үшін оның оқу, білім, ғылымды насихаттаған өлеңдері мен қара сөздері мәңгі ескірмейді. Мәселен, Абай Құнанбаев шығармашылығындағы ең  өзекті тақырыптардың бірі — қазақ жастарына білім беру, оқыту ісі екені рас. Жастарды оқытудағы мақсат не, балаларына білім бермек болған ата-ананың, үлкендердің көздегені не еді, ал оқуға ұмтылған сол жастардың өздерінің діттегені, алға қойған арман-мұраты қайда жатыр – міне, тура осындай мәселелер ұлы Абайды көп толғандырғаны, барынша тебіренткені  даусыз.

Мұны ойшыл ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдерінен байқаймыз. Алдымен, ақын өз басындағы кешігушіліктен бастайды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім…

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім-

дейді. Дейді дағы балаларын оқытуға, оларға жан-жақты білім беру шараларына айрықша ден қойғандығын  ашық айтады, баланы оқытуды жек көрмегендігін паш етеді. Әсіресе, осы орайда ақын білім алатын жастардың ішкі ниет-пығылына  баса назар аударған. ғұлама ақын  өзінің атақты өсиетті шығармасы «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде ол пікірін бұдан ары тереңдете  түскен:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз…

Алдымен, адамды құртатын бес түрлі бәлені атайды. Олар: өсекшілдік, өтірікшілдік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтық. Сонымен қатар, дана Абай  жан баласын алға бастыратын, атын асқақтататын асыл қасиеттерді де санамалап атап берген. Олар: талаптылық, еңбеккершілік, терең ойлылық, қанағатшылдық және рақымшылдық. Ал, қамшының сабындай қысқа тірлігіңде мұндай сұмдыққа ұшырамаудың дауасы мен ем-домын, алдын алудың жол-жобасын тағы  да данышпан Абай көрегендікпен дәл меңзеген.

Ондай болу қайда, ол менің қолымнан келмейдіге салынып, күні бұрын күңіреніп, қара аспанды суға алдырып бір істі бастамай жатып, түңілушілік жас адамға жараспайды, қандай қиын шаруа болмасын адам талаптанып, күш-қайратын салып көру керек деген ой түйеді.

Ыбырай Алтынсарин — педагог, жазушы, әдіскер.

Ыбырай Алтынсариннің жаңаша ұстаздық қызметі, әдеби шығармашылығы. Әдеби оқу-әдістемелік мақалары, халық ағарту мәселелері туралы жазысқан хаттары. Ыбырай ашқан қазақ мектебі, ерекшелігі, жаңалығы. «Қазақ хрестоматиясы» — жаңа үлгідегі әдебиет пәні оқулығы, түзілісі, әдеби мәтіндері. Ы. Алтынсариннің «Мұсылмандық тұтқасы» атты оқу құралы, әлеуметтік мән-маңызы.

Әдебиеттер:

1). Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы.

–Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1961. -694 бет. (2,13,25,29,32,37 – қара сөздері).

2).Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-бас. –Алматы: Жазушы, 1985. -560 бет.

3).Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. – Алматы: Білім, 2003. -112 бет.

4).Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы = Шариат-ул-ислам.

(Дайын.А.Сейдімбеков). –Алматы: Қазақстан,ТПО Қаламгер, 1991. -80 бет.

Дереккөз: Қазұу, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. ХVІІІ ғасырдың ақырғы ширегіндегі дала жыршылары
  2. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  3. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  4. Көркем троптар, олардың түрлері
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  11. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  12. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  13. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  14. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  15. Ел аңыздары және жыраулық мұра
  16. Қазақ хандығының құрылу дәуірінен дерек беретін жыраулық мұра

ПІКІР ҚАЛДЫРУ