Жиырмасыншы ғасырдағы әдебиет пәндерін оқытудың әсіре әдіснамасы (Кеңестік кезең)

0
423
Иллюстрация: Freepik.com

       Мақсаты: Кеңестік құрылыс, оның идеологиясы түсіндіріледі. Жаппай сауатсыздықты жою науқаны (ликбез – ликвидация безграмотности), жақсы жақтары. Оқу-ағарту ісіндегі өзгерістер баяндалады. Әдебиет бағдарламаларының түрлері, бағыты, түзілісі туралы мағлұмат беру мақсат етіледі.

1917-1927 жылдардағы мектеп түрлері. 1921 жылғы «Әдебиет бағдарламалары». Осы бағдарлама негізінде «Әдебиеттік оқу» терминінің (атауының) қалыптасқандығы. Бағдарламадағы әдебиеттік оқуға қойылған талаптар, нұсқаулар. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін халыққа білім беру жүйесіне түбірлі, жаңа өзгерістер енгізілді.

Мектептердің алдына тың мәселелер қойылды. 1918 жылғы «Бірегей еңбек мектебі туралы» («Положение о единой трудовой школе») партиялық документте және 1919 жылғы РКПСб VIII съезінде (18-23.03-1919) Кеңес мектебінің алдында тұрған міндеттер, оның сипаты жөнінде жан-жақты сөз болды. Мектеп сабақтарында Некрасов, Салтыков-Щедрин, А.П.Чехов, М. Горький және өзге де жұмысшы-шаруа ақын, жазушылардың шығармалары кеңінен өтіле бастады.

Әдебиеттік оқуға арналған Кеңес мектебінің алғашқы бағдарламасы (VI-VII кл.) 1921 жылы жасалынды. (П.Н. Сакулинаның редакциясымен): «Программа по литературе». Осы бағдарламадан бастап, мектептерде «әдебиеттік-оқу» деген ұғым, термин қалыптасты. Аталған бағдарламаның түсінік хатында мынадай мәселелерге көңіл бөлінген.

1). Әдебиеттік оқудың негізгі материалдары тұтастай көркем шығармалар болып табылады.

2). Әр шығарма жанды көркем организм ретінде қабылданып оқытылады, оның эстетикалық жағының толымдылығы, әсерлігі, идеялық мәні ескеріледі.

3). Шығармалар белгілі бір ұстаным бойынша топталады.

4). Шығармаларды таңдап, орналастырған кезде оқушылардың психологиясы, жолы, ақыл-ой дәрежесі, сұраным, талғамы ескеріледі.

Бұл 1921 жылғы бағдарлама Қазан төңкерісіне дейінгі методиканың ілгерішілдік жақсы жақтарын пайдалана отырып, әдебиетті оқытудың жаңа жолдарын дұрыс көрсетті. Дегенмен, бағдарламада әдебиеттік оқудың методы, тәрбиелік рөлі нақты, дәл ашылмады. Ірі әдебиет шығармаларын оқып үйренуде, оның ағым, стильдерін жете анықтамады. Бұл бағдарламаның және бір кемшілігі материалдарды іріктеу мәселесін түпкілікті шеше алмады. Мұнан кейін де бірнеше рет бағдарламалар жасалды. (1923-1925, 1927, 1930-1931 жж.), бірақ олар да оқушыларға әдеби білім берудегі ғылыми талаптарға толық жауап бере алмады.

Міне, осындай кемшіліктерді түзету мақсатында 1931 жылдың 5 қыркүйегінде «ВКП(б) Орталық Комитетінің бастауыш және орта мектептер туралы» қаулысы шықты. Онда мектептің жалпы білім беру көлемінің жеткіліксіздігі атап көрсетілді. Негізгі ғылым салалары (физика, химия, математика, ана тілі, т.б.) бойынша техникумдар мен институттарда оқуға жарамды адамдар дайындаудың қанағаттанғысыз екендігі айтылды.

Бұдан бір жылдан соң, 1932 жылы 25 тамызда ВКП(б) Орталық Комитеті «Бастауыш және орта мектептердің оқу программалары мен тәртібі» («Об учебных программах и режиме в начальной и средней школе») туралы қаулы қабылдап, әлі де «мектептерде түбірлі кемшіліктер» барлығы, сауатты адамдар дайындаудағы олқылықтар көрсетілді. Сонымен қатар, 1933 жылдың 1 қаңтарына қарай бастауыш және орта мектеп бағдарламасын қайта қарап, толықтырып жасау ұсынылды.

1933 жылы жасалған бағдарлама ішінара өзгертулер мен 1939 жылға дейін қолданылды. Бұл бағдарламаның мақсаты «оқушыларды көркем әдебиеттің бұрынғы және қазіргі дәуірдегі озық үлгілерімен таныстыру» болды. Бағдарламаның басты жетістігі ол оқушыларға түпкілікті, жүйелі түрде білім беруді көздеді. Бірақ бағдарлама оқыту мәселелерін толық шеше алған жоқ, оның әрі методологиялық, әрі методикалық  кемшіліктері де болды. 1933 жылғы бағдарламаның кемшіліктерін болдырмау мақсатында 1939 жылы жаңа бағдарлама жасалды. Бұл бағдарлама 19 ғасырдың 60-жылдарына дейін пайдаланылды.

1928-1939 жылдарда қабылданған әдебиет бағдарламалары.  А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, т.б. қазақ әдебиетін оқыту әдістері туралы ойлары. 1940-90 жылдардағы халыққа білім беру жүйесі. В.Голубков, В.Никольский, Н.Кудряшев, т.б. әдебиетті оқыту жөніндегі әдістемелік кеңестері, бағалылығы. Орыс әдебиетін оқыту әдістемелерінің қазақ мектептеріндегі әдебиет пәндерін жүргізу ісіне ықпалы. М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Бекқожин, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов, Ш.Кәрібаев, т.б. әдіскерлік, педагогтік үлгі-өнегелері, оқу құралдары.

Тәуелсіздік(1991) жылдарындағы қазақ мектептері, әдебиет пәні оқу құралдары, әдістеме нұсқаулықтары, авторлары. Базалық әдеби білім аймағына енгізілетін шығармашылықтар көлемі мен түрі. Халық әдебиеті және оның іріктелген жанрлары. Ежелгі дәуір әдебиеті, оның мектептік үлгілері. Жыраулар поэззиясы, оның көрнекті өкілдері. Қазақтың ХІХ-ХХ ғасырлардағы классикалық әдебиеті, ақын-жазушылары.

Әдебиеттер:

1).Жұмабаев М. Шығармалары. –Алматы: Жазушы, 1989. -448 бет. (Мақала:

«Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» = 313-бетте).

2).Мағжан Жұмабаев. Пидагогика (баланы тәрбия қылу жолдары ). –Алматы: Рауан,

  1. -112 бет. (Мақала: «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» = 109-бетте).

3).Дулатов М. Шығармалары. –Алматы: Жазушы, 1991. -384 бет. (Мақалалар:

«Мұғалімдерге» = 237-бетте; «Қазақ әдебиет кеші» =271- бетте; «Надандық

құрбаны» = 277-бетте).

Дереккөз: Қазұу, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. ХVІІІ ғасырдың ақырғы ширегіндегі дала жыршылары
  2. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  3. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  4. Көркем троптар, олардың түрлері
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  11. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  12. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  13. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  14. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  15. Ел аңыздары және жыраулық мұра
  16. Қазақ хандығының құрылу дәуірінен дерек беретін жыраулық мұра 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ