Қазақ халқының ұлттық киімдері (сабақ жоспары)

0
1915
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты.
– қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау

Зерттеу сұрағы
Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?

Оқулық
Қазақ халқының ұлттық киімдері. 63–64 беттер.

Тірек сөздер
Шекпен, Камзол, Сәукеле, Орамал, Кимешек.

Ресурстар
1. Жәнібеков Ө. Жолайырықта. – Алматы: Рауан, 1995.
2. Алимбай Н., Муканов М., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. – Алматы: Ғылым, 1998.
3. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек. – Алматы: “Өнер” баспасы, 1987.

Көрнекілік
Фотоальбомдар, слайд, қолданбалы өнер туындылары. Музыкалық фоны бар ұлттық киімдер фотоклипі.

Мақсатты айқындау

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің үлгілері мен түрлерін қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде, қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде паш ету. Киім белгiлi дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтiк ерекшелiктерi мен этникалық ортасын, ұлттық ерекшелігін танытатынын ұғындыру.

Дамытушылық маңызы. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің үлгілері мен түрлерін қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастыру арқылы, қазақ киімдерінің күрделілігін, маусымдық қолданысын, тіршілік қамы жүйесін қамтамасыз етуін, тіршілік қамы жүйесіндегі алатын орнын көрсету арқылы  оқушыларды мәдени мұрамызға аса құрметпен қарауға баулу.

Тәрбиелік маңызы. Қазақтың ұлттық киімдерінің бірегейлігін таныту арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, дамыту, бекіту.  Ұлттық құндылықтарымызды паш ету арқылы патриоттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары
Дерек:
”Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер тігіп киген шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы оның соңынан ереді…

Салт атқа мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең алдымен көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ер-тұрман олар үшін барлықтың, байлықтың белгісіндей болып, безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын көбінесе күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан – бәрі де шебер өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі” (Бронислав Залесский.
Қазақ сахарасына саяхат. – Алматы: “Өнер” баспасы, 1991.)

”Қазақтың қандай кәсіпке болмасын табиғатынан қабілеттілігіне тек сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды.

Қазақтардың тіккен аяқкиімдері өте берік, киюге ыңғайлы”. (Леваневский М.А. Очерки киргизских степей Эмбинского уезда. Землеведение. Кн ІІІ. М., 1894.)

Деректерді оқып, оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің ерекшелігін айту керек.

Сабақ түрі мен әдісі
Пәнаралық байланыс (Қазақстан тарихы мен Технология пәндері),интербелсенділік, танымдық.  Аралас, мәдени экскурсия. Сауалнама, технологиялық ақпараттылық.

Сабаққа қатысты ескертпелер
1. Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі.
2. Маусымдық киім түрлері.
3. Бас киімдердің түрлері мен ерекшеліктері.

Сабақты ұлттық киім үлгілері салынған ұлттық музыка өнерінің туындысы жазылып, дыбысталған фонокоментариймен бірге жүріп отыратын фотоклип (музыкалы слайд) жасап, көрсете отырып жүргізеді. Ұлттық киім үлгілерін ҚР мұражайлары сайтынан, “Қазақ киімі” фотоальбомынан алуға болады.

Тақырыпқа сәйкес мұғалім қазақтың ұлттық киімдерінің бірін (шапан, камзол, бөрік, тақия т.б.) киіп келіп сабақ өткізсе болады. Тақырыпқа мұражай қызметкерін көшпелі дәріске шақыруға болады. Кездесу сабақ, дәріс сабақ, экскурсия сабақ ретінде өткізуге болады.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушылардың білімін тексеруге қойылатын сұрақтар жобасы:

1. Шекпеннің ерекшелігі неде?
2. Сәукеленің ерекшелігі неде?
3. Маусымдық киім түрлері.

Қосымша тапсырма
Ұлттық киімдер туралы деректерді оқып, талдау жасаңыз.

Білімін шыңдауға берілген тесттен 1 қате жауабын тап!
Тапсырма
Сабақтың мәтінін оқып шығып, берілген киім түрлерін жіктеп кестеге түсіріңдер.

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Сырттық киімдерді табыңыз:
А) Көйлек; Е) Күпі;
В) Дамбал; F) Байпақ;
С) Шекпен; G) Мәсі;
Д) Шапан; H) Саптама.

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Қазақ ерлер бас киімдерін көрсетіңіз:
А) Желек, орамал; Е) Шәлі, жаулық;
В) Тақия, құлақшын; F) Күлпара, тымақ;
С) Күндік, кимешек; G) Бөрік, сәукеле;
Д) Жалбағай, құлақшын; H) Қарқара, бүркеніш;

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ