Қазақ халқының салт-дәстүрлері

0
1266
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі — қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт — дәстүрлерді бойларына сіңіру;

Білімділік: Қазақ халқының  салт — дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру және тақырып бойынша білімдерін толықтыру, кеңейту.

Дамытушылық: ой — өрісін кеңейту, дүниетанымын, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын молайту

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін құрметтеуге, елін, жерін, Отанын сүйюге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, комуникативтік, топпен, интербелсенді тақтамен жұмыс, қызығушылықты ояту стратегиясы.

Көрнекілігі:  слайдтар, интербелсенді  тақта, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, музыка.

  Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Сыныпта жағымды ахуал туғызу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

ІІ. Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.

Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының  салт — дәстүрлері».

Кіріспе сөз:
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей салт — дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың  салт — дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым — қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. ( слайд көрсету)

  1. Бесікке салу
  2. Бата беру
  3. Тұсау кесу
  4. Құда түсу, сырға салу
  5. Беташар

Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі. Сөздікпен жұмыс.

Шілдехана – торжество по поводу рождения ребенка

нәресте – новорожденный, младенец

Қырқынан шығару – отмечать 40 дней со дня рождения

Дәстүр – традиция

Кәде – подарок

Құндылық – ценность

Мұра – наследия

Енді осы жаңа сөздермен сөйлем құраңыз (ауызша)

Мәтінмен жұмыс:

  • Мәнерлеп оқу;
  • Орыс тіліне аудару
  • Сұрақ құрастыру
  • Әңгімелеу

Әр топқа мәтін таратып беріп тапсырма беру

1 топ. Шілдехана туралы айтып беру
2 топ. Баланы қырқынан шығару
3 топ. Тұсау кесу

Қорытынды:   викторина

  1. Балалар, біз бүгін қазақ халқының қандай салт – дәстүрлерімен таныстық?
  2. Бесікке салу дәстүрі не жайлы?
  3. Бата беру дәстүрін кім айтып береді?
  4. Тұсау кесу дәстүрін қай кезде өткізеді?
  5. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып

Сабақты бекіту мақсатында Жазира Байырбекованың « Тәй – тәй» бейнебаянын көрсету

Бағалау.

Үйге тапсырма: Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы қосымша материалдар жинақтау.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ