Қазақ кітабы тарихының теориялық зерттеулері

0
920
Freepik.com

Негізгі сұрақтар: Кітап тарихының объектісі, зерттейтін мәселелері. Кітап тарихының жалпы және арнайы әдістері. Кітап тарихы және көмекші тарихи пәндер.

XIX ғасырдың орта кезінде орыс ғалымдары түркі тілдес халықтардың, оның ішінде
қазақ халқының этнографиясын, тарихын, тілін, әдебиетін жинауға, ғылыми талдаулар жасай отырып зерттеуге кірісті. Зерттеу жұмысымен айналысатын, орысша оқыған бірді-екілі адам қазақ арасынан шыға бастады.

  1. Қазақ баспа кітабының даму тарихы
  2. Жазу мәдениеті: араб, латын, орыс алфавиттері
  3. Қазақстан баспа саласының демократияландыру кезеңі. Заманауи Қазақстан баспа саласын жүйелеу.

Бұлар қазақтың ауыз әдебиет нұсқаларын, ақын-жыраулардың өлең-жырауларын жазып алып, кітап етіп бастыруға ұсынды. Орыс алфавитінің графикасымен қазақ тілінде кітаптар жазды.

Бұл ретте Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Әбубәкір Диваев, В.В. Радлов,
Г.Н. Потанин, И.Н. Березин, Н.Н. Пантусов, П.М. Мелиоранский, Н.И. Ильминский,
А.Е. Алектров және т.б. еңбектерін атауға болады.

Ауыз әдебиетін, тілін, мәдениетінзерттеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың көбімен ғылыми қарым–қатынаста болған кісі, ғалым–тілші, фольклорист, этнограф, Қазан университетінің профессоры–Николай Феодорович Катанов Н.Ф. Катанов атақты лингвист болумен қатар, ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы, оны зерттеуші, орыс тіліне аударушы, түрлі комментариялар жазып, ғылыми құндылығын анықтап, жанрларға жіктеуші, оларды бастырып шағарушы.

Соның ішінде қазақтың әдебиеті, мәдениеті, тілі туралы жазған А.Е. Алектров пен П.М.
Мелиорнскийдің; қазақ тілі мен эпосы туралы жазған Н.Я. Саркин мен М.Н.
Бекимовтың; тарих, этнография, фольклор жайында жазған Ә. Диваевтың; қазақ
ауыз әдебиеті туралы жазған А.Д. Нестеров пен Пантусовтың мақала, зерттеулерін
редакциялаған, әрқайсысына алғы сөз жазып, бастырып шығаруға ат салысқан
ғалым.

Петербург университетінің шығыс факультетін бітіріп, ұзақ жылдар бойы бұрынғы
Верный қаласында қызметте болған, Түркістан ғылыми қоғамының белсенді
мүшесінің бірі–Н. Пантусовтың (1849-1909) жинаған материалдарын Ғылым
академиясы арқылы бастырып шығарады.

Солардың бірі–«Материалы к изучению казак–киргизского наречия» деген сериямен 1900-1904 жылдар арасында жарық көрген жеті кітап. Қазақтың ертегілері, мақал–мәтелдері, жұмбақтары, терме–нақыл сөздері және тарихи жырларынан құрылған осы кітаптардың алғы сөзін, транскрипциясын, аудармасын жазып, бастырып шығарған – Н. Катанов.

Н. Катанов 1896-1901 жылдар арасында Қазанда шығып тұрған «Деятель»
журналының «Шығыс библиографиясы» бөлімінде қазақ кітаптары туралы
алғағашқы мақалаларын үнемі жариялап отырған. Олардың ішінде қазақ әдебиеті
нұсқалары, шыққан кітаптар, ақын–жазушылар жайында құнды пікірлер, ғылыми
деректер молынан берілген. Мысалы, қазақ лиро–эпосының асыл маржандарының
бірі – «Қозы Көрпеш–Баян сұлуй жырының 1896 жылы Қазанда басылған кітабына
сын мақала жариялаған.

Мақалада автор қазақтың «Қозы Көрпеш» жырының сюжетімен Европа елдері ерте кезден таныс екендігін жазған. Жырды мешін жылы туған жиырма жастағы ақын айтып отырғаны туралы дерек береді де, ақын мен айтушы (жыршы) жайындағы пікірін жазады.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Салалық баспалардың репертуары
  2. Отандық тележурналистика тарихы
  3. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  4. Қазақстандағы кітап шығару индустриясы. Полиграфиялық кәсіпорындар
  5. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  6. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  7. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  8. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ