Қазақстан тарихынан ҰБТ-да кездесуі мүмкін 189 сұрақ жауабымен

0
5788
Иллюстрация: Freepik.com

1. Ең көне тас құралдар табылды: Оңтүстік Қазақстаннан
2. Әмір Темір Орта Азияда билік құры: 1370-1405 жж
3. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: Үш жүзді
4. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша ауыл құрады: 50-70 шаңырақтан
5. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы жүздің руы: Үйсін
6. ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар
7. Ресейдегі Ақпан төңкерісі болған жыл: 1917 жылы
8. Ұлы Отан соғысы басталды: 1941 жылы
9. Көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген: Ә. Марғұлан
10. Үйсіндерде жерленген адамның басы қаратылған тұс: Батысқа
11. Қимақ қағанатының құрамында болған ең көп және күшті тайпа: Қыпшақтар
12. «Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 жж
13. «Жамиғат-тауарих» еңбегінің авторы: Қадырғали Жалайыр
14. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға
15. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты: Атақты, сыйлы шонжарлары
16. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А. Тевкелев
17. Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала:Торғай
18. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декреті шыққан жыл:1928 ж
19. Қарағанды кеншілері ереуілге шыққан мерзім: 1989 ж. Шілде
20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет:Қарахан мемлекеті
21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы: Рузбихан
22. 1584 ж. Ермакты жеңген қазақ батыры: Сәтбек
23. ХІХ ғ. соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: өндіріс орнының ұсақтығы, жұмысшы санының аздығы
24. Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар
a. жылы республикадағы жоспарлаудың жаңа формасына көшірілген кәсіпорындардың үлесі: 80 %
25. Еуразия құрлығының Шығысы мен Батысын жалғастырып отырған ежелгі сауда жолы: Ұлы Жібек жолы
26. Қайыр хан әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған: 5-6 ай
27. 1711-1781 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ханы: Абылай
28. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары: Әлия мен Мәншүк
29. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүшелікке өткен уақыты: 1992 жылы 2 наурыз
30. Кейінгі палеолит дәуірін алмастырған дәуір: Мезолит
31. Археологтар тапқан Қазақстан жеріндегі қола дәуіріне жататын тайпалардың жұрттарының саны: 100-ден астам
32. 1211-1213 жж. Жетісудағы билік қай найман билеушісінің қолына өтті: Күшлік ханның
33. XV ғ. 20 ж. Әбілқайыр хандығы қандай жерлерді алып жатты: Батыста Жайықтан, шығыста Балқашқа дейінгі
34. Столыпиннің аграрлық реформасы қабылданды: 1906 және 1910 жж
35. 1929 ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАКСР-ы астанасы: Алматы
36. Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдық қорытындысы бойынша бірінші орынға шыққан Қазақстан өндірісі: Қорғасын
37. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті: Қ. Сәтбаев
38. Қазақстанда 1954-1958 жж. неше өнеркәсіп орындар мен цехтар іске қосылды: 730
39. Ертедегі жазба деректерде өмірі аттан түспейтін аттылы адам: «түркі» деген мағынаны беретін
40. 1253 ж. Вильгельм Рубруктың осы қалада ирандықтардың сауда орындары бар деп атайтын Іле аңғарындағы үлкен қала: Эквиус
41. Ресейдің қазақстанды жаулап алуы аяқталды: ХІХ ғ. 70 жылдары
42. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісшілер арасында сатқындық-опасыздық жасағандарға жазаның қандай түрін қолданды? Өлім жазасына кесу
43. . 1867-1868 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буыны: Билер мен қазылар соты
44. 1920 ж. Наурыздың аяғына қарай Семей облысының солтүстік жағы ақгвардияшылардан азат етіліп, соған байланысты жойылған майдан: Жетісу
45. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынып, «Екінші Баку» деп аталған жаңа мұнай базасы: Ембі мұнай кәсіпорны
46. 1930 жылғы Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі басшыларының бірі: Жақыпов
47. 1960-1980 жж. КСРО-да жүргізілген мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің атауы: Тоқырау
48. Қазақ халқынан шыққан алғашқы ғарышкер: Тоқтар Әубәкіров
49. XV ғ. соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары
50. Қоршау, қамал немесе қала ішіндегі күшті қорғаныс құрылысы бар бөлік: Цитадель
51. Орда Ежен хандығын үйсін руынан шыққан қандай би арқылы басқарған: Майқы би
52. Қазақ халқының жылқы сүтінен жасап ішетін сусыны: қымыз
53. Жер-жерде даладағы дәстүр бойынша кімдердің өкілдерін хан сайлаған? Ақсүйектердің
54. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы: Ә. Бөкейханов
55. Қазақ шаруаларының 1821 жылғы көтерілісін басқарған: Тентек төре
56. Түгіскен кесенесі салынған құрылыс материалы: Күйдірілмеген кірпіш
57. XIV ғ. Ақ Орданың астанасы: Сығанақ
58. 1860 жылы Қазандағы орыс әскерлері мен Қоқан әскері арасындағы үш күндік шайқас болып өткен жер: Ұзынағаш түбінде
59. ХХ ғ. басында Қазақстандағы ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда белгілі орын алған журнал: «Айқап»
60. Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция басшыларының бірі: С. Сәдуақасов
61. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан ақын: Жамбыл
62. 1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің авторларның бірі: Е. Бекмаханов
63. 1958 жылы өнім өндіру жөнінен Қазақстан Одақтық Республикалар ішінде алған орны: 3
64. ІХ-ХІІ ғ. Сырдария сағасындағы ірі сауда орталығы: Янгикент
65. Зороастризм дінін VI-VII ғ. Қазақстан қалаларында таратқан: соғдылар
66. Қазақ хандығының өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы: төлеңгіттер
67. Азамат соғысы кезіндегі Ақмола атқару комитетінің мүшесі: А. Байтұрсынов
68. Армия шинельдеріне арналған шұға берген фабрика: Қарғалы
69. ЖЭС нәтижелерінің бірі: Мал басы мен егін салу алқаптарының көбеюі
70. 1930-1932 жж. еліміздегі жаппай етек алған жағдай: Ашаршылық
71. Ұлы Отан соғысы кезінде теңіз порты салынған қала: Гурьев
72. 1716 жылы І Петрға елшілік жіберген хан: Тәуке хан
73. Республикада 1954 мен 1986 жылдар аралығында жабылған қазақ тіліндегі мектептер саны: 600 ден астам
74. Горхан – бұл Қарақытайлардың басшысы
75. Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлердің саны: 200- ден астам
76. Отырарда Шыңғыс хан саудагерлерінің өлтірілген жылы: 1218 жылы
77. Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі: Ислам
78. Қазақ қоғамында хан тағынан үміт еткендер: Шыңғыс ханның ұрпақтары
79. 1594 ж. Мәскеуге Тәуекел ханның елшілігін басқарып келген: Құл-Мұхаммед
80. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: Сабалақ
81. Е. Пугачев басқарған шаруалар көтерілісі қамтыған мерзім: 1773-1775 жж
82. ХІХ ғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші: Құрманғазы
83. Германияның КСРО-ға қарсы қауырт соғыс жоспары аталды: «Барбаросса»
84. «Тотемизм» дегеніміз: Шығу тегін жануарлармен байланыстыру
85. Көне дәуір авторларының еңбектерінде «сармат» атауының кездесетін мерзімі: б.з.б. 3 ғасыр
86. Қарақытай мемлекетін құрған тайпа: Қидандар
87. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік – Шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші: Рубрук
88. Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене: Арыстан баб
89. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтан үш жылға босатылды
90. Ахмет Иасауидің шәкірті: С. Бақырғани
91. ЖЭС жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40 %-ын берген өнеркәсіп:
92. Риддер қорғасын зауыты
93. 1960-1980 жж. есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: Е. Букетов
94. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіровтың өмірге келген өңірі: Қарағанды
95. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым: О. Смағұлов
96. 1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс: Кәстек
97. 1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны: 5000
98. 1853 және 1905 жылдар арасында патша үкіметінің көшпенді қазақтардан тартып алған жер көлемі: 4 млн десятина 99. Азамат соғысы жылдарында Кеңарал болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы: Ө. Ыбыраев
99. Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы: Пионер ұйымы
100. Қарахан елінің мемлекеттік діні: Ислам
101. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ: Қызылорда облысы
102. Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей
103. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл: 1580 жылы
104. Аңырақай түбінде барлық қазақ жасақтарына қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр
105. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды: Ералы
106. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңілді: Болыс сұлтандары
107. Поляк азаттық күресінің өкілі Густав Зелинскийдің Қазақстанда кең тараған поэмасы: «Қырғыз» поэмасы
108. 1941 жылы ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнаған қазақ ақыны: Ж. Жабаев
109. Көшпелілер баспаналарындағы киелі санаған орын: Ошақ маңы
110. Әмір Темір 1371-1372 жж. әскерін жорыққа аттандырды: Моғолстанға
111. ХІІІ ғ. басында жасалған мәмліктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:
112. «Еркін», «кезбе»
113. XIV-XV ғғ. жататын эпостық жыр: «Қобыланды батыр»
114. Сібір елін монғолдар жаулап алғаннан кейін Жошы ұлысына кіргенін жазған шежіреші: Рашид ад-Дин
115. Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы
116. Кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі болған қазақ азаматы: Ә. Бөкейханов
117. Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам: «Сауатсыздықты жою» қоғамы
118. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер:
119. Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер
120. Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды: 1989 ж. Маусым
121. Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан, ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы: Арқайым
122. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: Жапония
123. 1891 ж. «Ережеге» сай Қазақстанда құрылған генерал-губернаторлық: Дала генерал – губернаторлығы
124. 1902-1905 жылдары Орынбор –Ташкент шойын жолына жұмысқа тартылғандардың саны: 30 мыңға жуық
125. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке: Қарқара 125. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды: 1949-1963 жылдары аралығында
126. Қазақ жерінде исламды мемлекеттік дін ретінде жариялаған алғашқы мемлекет: Қарахан
127. Абылай ханның азан шақырып қойған есімі: Әбілмансұр
128. Кенесары қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты: 1847 жылы
129. ХІХ ғ. 60-жылдары И. Бутков құрған комиссия қазақ жерін бөлуді ұсынды: 2 облысқа
130. ХІХ ғ. Ортасында Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық: Қоқан хандығы
131. Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: С. Мадатов
132. Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған: Ш. Құдайбердиев
133. 1916 жылы Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны: 9
134. 1958 жылдың жазында әлеуметтік саясатқа қарсы ашық наразылық көрсеткен қала: Теміртау
135. Сақ қоғамындағы «сегізаяқтылар» деп аталғандар: малшылар мен егіншілер
136. Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ
137. 1511 жылы Қазақ хандығында билікті қолына алған хан: Қасым
138. XIV ғ. 40 жылдары жазылған «Тарих – и Абулхайр – хани» еңбегінің авторы: Усман Кухистани
139. Табанды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссордағы ереуіл
140. 1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданының 5-армиясының қолбасшысы: М. Тухачевский
141. Индустрияландыру кезінде құрылған мұнай базасы: Ембі
142. «Берлин операциясының» басталған уақыты: 1945 жылы 16 сәуір
143. Еңбек Лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғалымы: М. Айтхожин
144. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар
145. М. Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы: 100-ші
146. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердің арасындағы саяси оқиғаларға байланысты: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы
147. Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады: 1996 жылдың 30 қаңтарынан
148. Керейлердің батыс жағындағы көршілері: Наймандар
149. Шыңғысхан мемлекетіндегі түмендегі әскердің саны: 10 000 жауынгер
150. Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын: шұбат
151. XVIII ғ. Қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау: Бұқар жырау
152. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды: 150 жылдай
153. Ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударған аймақ: Жетісу
154. ХХ ғ. басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы: Естай
155. 1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы: «Самсунг»
156. Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтарды қамтитын дәуір: Мезолит
157. Ежелгі грек авторы Геродоттың сақтарды атауы: Массагет
158. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: Б.з.б. І ғ. ортасы
159. XIV-XV ғ. бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: «Ескендір»
160. XV ғ. жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы: Мұхаммед Хайдар Дулати
161. 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы
162. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик: Н. Курнаков
163. 1960-1970 жж. Қазақстанда пайда болған баспалар: «Қайнар», «Жалын»
164. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар
165. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария
166. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған: Нұрлан Қияшев
167. Кеңес үкіметі Александров-Гай-Ембі темір жол желісін салуға шешім қабылдаған жыл: 1919 ж
168. Н. Назарбаетың өкімімен, Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді: 1998 ж
169. Сақ дәуіріндегі өнер стилі: Аң стилі
170. Қимақ қағанатының орталығы: Имақия
171. «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Шайбани ұлысы» сияқты атаулар осы хандыққа тән: Әбілқайыр хандығы
172. Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы: Жетісу жері
173. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды: XV ғ. басында
174. Ұлы жүз биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан: Төле би
175. 1778 жылы ІІ Екатерина Абылай ханды бекітті: Орта жүздің ханы етіп
176. 1867-1867 жж. Реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды: Облысты
177. ХІХ ғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші: Құрманғазы
178. Бөріқазған тұрағы жатады: Ерте палеолитке
179. Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы
180. ХІХ ғ. 60 жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды: 5 жылдай
181. 1916 жылығы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,- деп жазды: Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов
182. 1917 ж. қарашаның 22-інде Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше IV съезді ашқан қазақ азаматы: М. Шоқай
183. Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры: С. Луганский
184. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары зауыт-фабрикалардағы адамдардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ашылған мектептер: Еңбек резервтері мектептері
185. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы: Медицина
186. Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі: Түркия
187. Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар
188. XIV-XV ғ. сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: Дәуітбек кесенесі
189. Ұлы жүздегі Қоқан хан

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ