Қазақстанның мыс-тас ғасыры

0
1474
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақстанның мыс-тас ғасыры б.з.д.111-11 мың жылдықтарды қамтиды. Ғалымдар бастапқы кезде табиғи кесек мысты пайдаланған болса керек,сонсын бірте-бірте оны қолдан соққылап өңдеуді үйренген.

Осы кезде егін және мал шаруашылығы қарқынды дами бастады ,сонымен қатар аңшылық пен балық аулау мен мысты өңдеу,балшықтан ыдыс жасаудың әдістері, олардың сыртындағы ою-өрнектері ,тасқа салынған адамға ұқсас суреттер мыс-тас кезінде өмір сүрген адамдардың дүние танымында болып жатқан өзгерістерден хабар береді.

Ондай суреттер Оңтүстік,Шығыс Қазақстанда ашылып зерттелген. Мыс-тас ғасыры кезінде Солтүстік Қазақстанда Ботай мәдениеті қалыптасып б.з.д.111-11 мың жылдықтарда өмір сүрді.Бұл мәдениетті зерттеуді 1980 ж.В.Ф.Зайберт бастап,оны 1983 жылы жеке мәдениет ретінде атаған.

Ботай ескерткіштері — қоныстары өзеннің жағасында орналасқан,көлемі бірнеше га жерді алып жатқан.Ботай қонысының көлемі 15 га,онда жүргізілген қазбалар барысында 158 баспаның орны ашылған,олар бір-біріне белгілі жүйе бойынша жапсарласа орналасып махаллалар тобына бөлінген.Баспана салу үшін ауданы 20-70 м жерді 4-8 бұрышты етіп қазаншұңқыр қазған да онан шыққан топырақты жиегіне үйіп биіктігі 1 м жал жасаған.

Жалдың үстіне бөренеден төбесіне қарай күмбез тәрізді үй тұрғызып,оның үстін ағаштың бұтақтарымен,шыммен жауып ортасында түтүн шығатын тесік қалдырған.Қабырғада орналасқан есік шағын дәлізге шыққан, ошақ бөлменің ортасында.

Ошақ пен есіетің аралығында шаруашылық бөлігі орналасқан да ал қабырғаның жанында азық-түлік сақтайтын шұңқырлар қазылған. Қазба кезінде баспаналардан пышақтар,қырғыштар,жебенің,найзаның ұштары,ыдыстар,сүйектен жасалған заттар табылған.Қоныстан әртүрлі аңдардың сүйектерітабылды,олардың көбісі жылқының сүйектері.

Мыңдаған еңбек құралдары,10 000 аса ыдыс сынықтары табылып өңделді. Ботайлықтарда сүйек , ағаш өңдеу,тері илеу,тоқымашылық дамыған,мыстан жасалған құралдарды тас құралдармен қатар пайдаланған.Ботайлықтар жылқыны алғаш рет қолға үйреткен қауым болды.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 

  1. Төменгі ерте тас ғасырыАрхеологиялық периодизация және хронология
  2. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  3. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  4. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  5. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  6. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  7. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  8. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  9. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  10. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  11. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  12. Жердің тарихы мен археологиялық дәуірлердің арақатынасы мәселесі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ