Жоғары ерте тас ғасыры ( 40 000-10 000 жыл)

0
1012
Freepik.com

Қазіргі адамның тіршілігімен тікелей байланысты археологиялық кезең.Осы кезеңнің бес адамын алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кроманьон қалқасында Э.Ларте тапқан. Қазір Еуразияда 80 адам табылған.

Бұл кезде адамдар Ескі,Жаңа дүниені,Австралияны мекендеген. Американы, Солтүстік аудандарды қоныстану мәселесі. 64б. Осыдан 80 000 жыл ьұрын басталған Вюрм мұздағының соңғы 20 000- 18 000 жылдары ең суық кез болды. Мұздақтан кейінгі кезең-голоцен осыдан 12 000жыл бұрын басталды.

Еңбек құралдарының саны 200-ге жуық болды. Призма тәрізді өзкетастар кең таралды,олардан әртүрлі құралдар жасалды. Ретуштеу техникасы жақсы дамыды. Кескірлер,қырғыштар кең таралды. Істік тастар,тескірлер тіршілік барысында кең пайдаланылды. Қондырма (составные) құралдар,микролиттер кең қолданыста болды. Бұрғылау,кесу,жылтырату сүйекті өңдеу дамыды .67-68,71б. Үйлерді мамонттың ,басқа ірі аңдардысүйектерінен,тастан,ағаштан салып үстін терімен ,ағашпен жапқан,оларға суық жақты мекендген адамдардың чумаларв мен ярангтері ұқсас.

Үйлердің ішінде ошақтар ,қойма шұңқырлар болған. Ресейде 30-дан аса үй орындары ашылып ,зерттелді.Днепр маңындағы Межиричдегі үйді салу үшін 149 мамонттың сүйегін пайдаланған.Бірнеше ошақты ұзынша үйлерде белгілі,олардың көлемі 12х4м. Жылы жақта күркеге не қалқаға ұқсас құрылыстарды пайдаланған.73-74б. Бірнеше үйлерден біріккен шағын құрылыстарда кездеседі,оларда әртүрлі құрылыс орындары сақталған. Киім мен әшекейлер. Киімді аң терілерінен, әртүрлі өсімдіктерден жасаған.

Сунгирьден табылған кійім көйлек, шалбар,аяқ киім,шапаннан және шашына қыстырған үлкен түйреуіштен тұрған. Аңшылық кезінде ірі-ұсақ аңдармен қатар ұсақ аңдардыда аулаған. Олүшін қолдан қазылған шұңқырларды,үңгірлерді ,биік жарқабақтарды,қауымдасып аулауды ,жеке аулаудыда қолданған. Рухани өмір. Бұл кезде әртүрлі наным-сенімдер пайда болып дами бастады.

Анимизм — адам мен дүниедегі барлық тіршілік иелерінің,құбылыстардың арасында тек адамға тән күш бар. Тотемизм-бойынша әр рудағы адамдар белгілі бір аңнан,өсімдіктен нежансыз заттан жаралған. Тұраққа адамдар жеке не топ болып жерленген.

Сунгирден ер адаммен екі баланың сүйектері табылған. Ерадамның жанынан мамонт сүйегінен жасалған 3000-нан аса моншақ табылған. Оның қасындағы ұзындығы 3 м шұңқырда бір-біріне бастары қарсы бала мен қыз жерленген. Олардың қасына ұзындығы 2 м мамонт сүйегінен жасалған найза , қысқа қанжар қойылған. Ер баланың кеудесінде сүйектен жаслған аттың мүсіні жатыр. Кейде шұңқырдың түбіне ,адамның үстіне сары,қызыл охра жағылған. 78б.

Өнер. Мустье кезінде дами бастаған өнер бұл кезды онан әрі жалғасып ,өркендей түсті. Ертетас өнерінде өнер үш басты бағытта дамыған,олар:

1 ) монументальды-үңгір суреті мен рельефті ,

2) шағын үлгідегі өнер-статуэтка,өңделген шағын пластинкалар,

3) қолданбалы (прикладное)- әшекейлер,заттарды әшекейлеу.81-82,84б.

Мәдени облыстар,археологиялық мәдениеттер Зерттеушілердің пікірлері бойынша жоғарғы ертетастың мәдени аудандары мустье кезіндегі орталықтарда осыдан 40 000-36 000 жыл бұрын қалыптаса бастаған.

Олар: ориньяк, солютре және мадлен. Оған төртінші болып-перигордьен эпохасы қосылды. Батыс және Орталық Еуропада перигордьен, ориньяк облыстары белгілі,олардың жасы 38 000-22 000 жыл.Перигордьен негізінде Оңтүстік-Батыс Францияда ,оған тән белгі ашельдік үлгідегі мустьелік тас өңдеу әдісі жалғаса береді. Ориньяк-Испания,Франция,Бельгия,Англияда таралған,ерекшелігі-құралдры ориньяк үлгісіндегі ретушпен өрнектелген.

Сүйек жебе ұштары жалпақ не ұршық тәрізді болып келеді. Селет -Орталық Еуропада таралған,ерекшелігі-мустье мен жоғарғы ертетас құралдары аралас кездеседі,пластиналары,өзектастары архайкалық леваллуаз техникасымен жасалған,ірі үшбұрышты жебе ұштары кездеседі. Граветт шамасы перигордьенді жалғастырушылар болса керек,жасы 28 000-20 000 жыл.Чехия,Словакия,Австрия,Франциядан табылған.

Ерекшелігі: қару-жарақ құралдары көп,үшкірлерінің арасында қырында ойықшасы бар түрлері,ұстауға қолайлы құлақшасы бар пышақтар.микролиттер мен құрама құралдар,сүйектен жасалған біз ,тескір,қалақша,әшекейлер, сүйектен, тастан, балшықтан жасалған әйел,жан-жануар мүсіндері бар.

Солютре, жасы 21 000-18 000 жыл. Орталық, Оңтүстік Францияда табылған. Бұл мәдениет граветт пен мадлен аралығында өмір сүрген.Онда жебе ұштары мен пышақтар көп кездеседі. Жебе ұштары лавр не ешкітал жапырақты болып келген. Екі қырында ойықшасы бар, ұңғалы жебелер кездеседі.

Мадлен мәдениеті. 18 000-11 000 жыл. Бұл мәдениет Франция,Бельгия, Солтүстік Испания, Швейцария, Германияда таралған. Басты ерекшелігі сүйекті өңдеу жақсы дамыған,әсіресе шағын пластинкаларды өңдеу 13 000-9 000 жылдықтар кезінде Солтүстік-Батыс Еуропада гамбург,аренсбург ал ШығысЕуропада свидер мәдениеттері дамыды 86б.

Шығыс Еуропада: спицынская,стрелецкая,городсковская, молдовская, костенково-авдеевская,средне –днепетровская мәдениеттері өмір сүрді. Солтүстік-Қаратеңіз жағасында жағасында : каменнобалковская,аккаржанская, анетовская ал Сібірде: кокоревская, афонтовская, мальтинско-буретская , дюктайская мәдениеттері қалыптасып, өмір сүрді.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 

  1. Төменгі ерте тас ғасырыАрхеологиялық периодизация және хронология
  2. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  3. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  4. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  5. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  6. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  7. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  8. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  9. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  10. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  11. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  12. Жердің тарихы мен археологиялық дәуірлердің арақатынасы мәселесі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ