Қазақтың тұңғыштары

0
982
Иллюстрация: Freepik.com

 Бірінші хан — Керей хан Болатұлы (1465-1473)

 Бірінші ойшыл — Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, XIV — XV ғ.ғ.)

Бірінші тарихшы — Қадырғали Қосынұлы Жалайри (1530–1605)

Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы — Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776)

Бірінші дәрігер — Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1397-1492). Еуропалықтардан бұрын оспадан вакцина тапқан.

Ұлы жүздің Бірінші заң шығарушы — Қасым хан Жәнібекұлы (1455 — 1523/1524). Қасым ханның қасқа жолы есіңізде болар?!

бірінші ханы — Жолбарыс хан Айтақұлы(1718-1740)

Орта жүздін бірінші ханы — Сәмеке (Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы (1718-1734)

 Кіші жүздің бірінші ханы — Әбілқайыр хан Айтақұлы (1718-1748)

 Бірінші батыр қыз — Гауһар (XVIII ғ.). (Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы)

 Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы — Сырым батыр Датұлы (1783-1797)

 Қазақтан бірінші шыққан Ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан — Жәңгір хан Бөкейұлы (1831 жылы генерал лауазымын алған)

Бірінші зерттеуші-ғалым — Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865)

Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы — Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы — Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Бірінші режиссер — Жұмат Шанин (1892-1938)

Жоғары білім алған алғашқы қазақ — Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген)

Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым — Қаныш Сәтбаев (1899-1964)

 Бірінші шешен — Жиренше шешен (XV ғ.)

Екі жоғары білім алған бірінші қазақ — Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген)

Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтын бірінші саяхатшысы — Әліби Жангелдин (1884-1953)

Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттің іргетасын қалаушы — Шаһмардан Ыбрайымов (Түркістан уәлаятының газеті, 1870-1882 ж.ж.)

Бірінші журналист — Нәзипа Құлжанова (1887-1933)

Бірінші елші, дипломат — Нәзір Төреқұлов (1892-1938)

Тұңғыш кәсіби суретші — Әбілхан Қастеев (1904-1973)

Бірінші әйел-мұғалім — Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап)

Тұңғыш кәсіби мүсінші — Хәкімжан Исмаханұлы Наурызбаев (27.08.1925-04.09.2009)

Бірінші әйел-дәрігерлер — Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар (1908 жылы Санкт-Петербург медицина университетін бітірген)

Қазақ тіліндегі тұңғыш журналдың іргесін қалаушы — Мұхамеджан Сералин («Айқап», 1911-1915 ж.ж.)

Әлем чемпионы лауазымын алған бірінші қазақ — Қажы Мұқан Мұнайтпасов (1909 ж.)

Роман жазған тұңғыш қазақ — Міржақып Дулатов («Бақытсыз Жамал», 1910 ж.)

Қазақ алфавитін түзіп және оған оқулық бірінші шығарған — Ахмет Байтұрсынұлы (1912 ж.)

Бірінші биші — Шара Жиенқұлова (1912-1990)

Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі — Әлихан Бөкейхан (1917-1920)

Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған — Әмре Қашаубаев (Париж, 1925 ж.)

Әскери академияны бітірген қазақтың бірінші командирі — Рамазан Құрманғалиев (Ленинград, 1930 ж.)

Бірінші ұшқыш — Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды)

Рейхстагқа ту тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты — Рақымжан Қошқарбаев (1924-1992)

 Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші қазақтар — Нарсүтбай Есболатов, Әлиасқар Қожабергенов, Әліпбай Қосаев, Мұсабек Сеңгірбаев (Олардың бәрі 1941 жылы Мәскеуді қорғаған)

Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ — Талғат Бигельдинов (1944 ж., 1945 ж.)

Бірінші спорт шеберлері — Ш. Бекбаев (жеңіл атлетика, 1943 ж.), Шоқыр Бөлтекұлы (бокс, 1946 ж.), әйелдер арасында — Г. Майлыбаева (атқыш, 1953 ж.), А. Муслимова (шахмат, 1965 ж.)

Социалисттік Еңбек Ері атағын алған бірінші қазақтар — Асайынов (1943), Рысқұлова (1947), жазушылар арасында — Ғабит Мүсірепов (1974), дәрігерлер арасында — Ысқақ Әлібеков (1969).

Олимпиадаға қатысқан бірінші қазақ — Ғұсман Қосанов (Рим, 1960 ж.)

Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ — Жақсылық Үшкемпіров (күрес, Мәскеу 1980 ж.)

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Назарбаев

Бірінші қазақ ғарышкері — Тоқтар Әубәкіров

Басқа материалдар:

  1. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек
  2. Ингеборга Моотстың бизнестегі жетістігі
  3. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  4. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  5. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  6. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  7. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  8. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  9. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  10. SMM маманы деген кім?
  11. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  12. Web-дизайнер деген кім?
  13. Рэймонд Альберт Кроктың бизнестегі жетістігі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ