Біз білмейтін қызықты мамандықтар

0
5156

Әлемде талай қызық бар, әрі сонымен қатар өзгеше жұмыстар да бар. Ендеше бұрын-соңды біз білмеген мамандықтарға назар аударайық:

ПАНДАЛАРДЫ КҮТУШІ

• Елі: Қытай
• Жалақы деңгейі: жылына 32 000$
• Міндеттері: 365 күн осы жануарлардың қастарында болу, оларды күтіп-баптау, құшақтау, қуаныштары мен қайғыларын бөлісу.

Талаптары:
• Жас мөлшері 22-ден асуы;
• пандалар жайында шағын білімділігі;
• фотосуретке түсіру қабілеттілігі.

Бонустары: Тегін тамақ пен тұрақ.

АРАЛДЫ БАСҚАРУШЫ 

• Елі: Мальдивия Республикасы
• Жалақы деңгейі: айына 20 000$
• Міндеттері: Аралды, ас үйлер мен мекен-тұрақтарды тазалауды ұйымдастыру, мейрамханалар мен барларды жабдықтауға жетекшілік ету, яхта мен гидроциклдерге бас-көз болу, мини-спа ашу, қонақтардың трансферіне жауап беру.

Талаптары:
• Қонақүйлермен, клубтар мен мейрамханалармен басқара алу тәжірбиелілігі, мақтануға тұрарлық жеке және кәсіпқойлық жетістіктері.

Бонустары: Жеке құмды жағажай мен теңіз жанынан үй.

ТӘТТІЛЕРДІҢ ДӘМІН КӨРУШІ

• Елі: Бельгия
• Жалақы деңгейі: айына 2 000$
• Міндеттері: Апта сайын шамамен 2,5 кг-дай тәттілер жеп бітіру, дәміне, түсіне және өлшеміне баға беру.

Талаптары:
• Дәм сезу мен иіс сезу мүшелері дамығандығы;
• Жұмыс істеу тәжірибесі болуы;
• Аллергиясының болмауы;
• Көңіл-күйінің жоғары болуы;

Бонустар: Фитнеске төлем және компанияның өнімдеріне жеңілдік.

ҚОНАҚҮЙЛЕРДЕГІ КЕРЕУЕТТЕРГЕ ЖАТЫП КӨРУШІ 

• Елі: Әр елде (танымал туристтік орындардағы қонақүйлер)
• Жалақы деңгейі: келісімді
• Міндеттері: қонақүй жатын жайында бір түн ұйықтап шығу, алған әсері жайында интернетке жазу немесе қалай ұйықтағаны жайында таңертең жұмыс берушіге айтып беру.

БЕЙНЕОЙЫНДАРДЫ ОЙНАП КӨРУШІ

• Елі: АҚШ (Офисте немесе үйде ойнайды)
• Жалақы деңгейі: жылына 30 000$
• Міндеттері: Әртүрлі бейнеойындарды өтіп шығу, ойындағы бар қателіктерді, графика немесе сюжеттегі әлсіз тұстарды жасап шығарушыларға хабарлап тұру.

Талаптары:
• Кәсіпқой геймер болуы;
• ПК-мен жұмыс істей алу қабілеттілгі.

Бонустары: Ойынды ең бірінші болып өткен адамға сыйлық беріледі.

СУ СЫРҒАНАҚТАРЫН СЫННАН ӨТКІЗУШІ

• Елі: Англия
• Жалақы деңгейі: жылына 31 000$
• Міндеттері: Су аттракциондарына сырғанап, пікірін өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазу.

Бонустары: Компания жарты жыл сайын Түркия, Испания, Египет, Ямайка сияқты елдерге жеті күндік демалыс береді.

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба