Жан-жануарлар туралы қызықты жинақ

0
1816
Иллюстрация: Freepik.com

1. Альбатрос сағатына қырық километр жылдамдықпен ұшып жүріп ұйықтай алатын ерекше қасиет иесі.

2. Алып арктикалық медузаның қармауыштары 36 метрге дейін жетеді екен.

3. Көбелек құртының басында 248 бұлшық ет бар.

4. Көбелектер қоректерін аяқтары арқылы алып, қоректенеді.

5. Егер арыстан мен ақ аю арпалысса, ақ аю жеңеді.

6. Егер ұлу көзінен айырылса, айға жетпейтін аралықта көзі қайта пайда болады.

7. Жыландар көздерін жұмбайды. Себебі, бізге көрінбейтін мөлдір қабақтарын жұмады.

8. Ең ақылды ит – бордер-колли тұқымдысы.

9. Ал «ақылды емес» ит тұқымына ауған жүйрігі жатады.

10. Акуланың қаңқасы сүйектен емес, шеміршектен тұрады, ол оның салмағының 60%-ын құрайды.

11. Алып кальмардың көзі баскетбол добының көлеміндей.

12. Әлемдегі ең мықты жәндік – саратан (мүйізтұмсық қоңызы). Ол өзінен 850 килограмм артық жүк көтере алады.

13. Тек қана сарқан балығының сүйегі жасыл түсті болады.

14. Масалар ересектерден гөрі балаларды, қараторылардан гөрі аққұба өңділерді шаққанды және көк түсті ұнатады.

15. Бұқалар түс ажырата алмайды.

16. Құмырсқалар ұйықтамайды.

17. Піл — төрт тізесі бар жалғыз жануар.

18. Жирафтың баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі.

19. Өркешінің қисықтығына қарамастан түйенің омыртқасы түзу келеді.

20. Ұрғашы иттер еркектеріне қарағанда көбірек қабады

21. Бірінші дүнежүзілік соғыз кезінде Оңтүстік Африкалық бір маймыл медальға және капрал деген әскери атаққа ие болды.

22. Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.

23. Көртышқандар бір түнде 76 метрлік тоннель қаза алады.

24. Ұлудың 25 000-нан аса тісі бар.

25. Түйеқұстың жұмыртқасын суда пісіруге 40 минут уақыт кетеді.

26. Колибри жүре алмайды.

27. Поляр ақ аюлары сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады.

28. Жер бетінде өмір сүрген жануарлардың 99% жойылып кетті.

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба

ПІКІР ҚАЛДЫРУ