ҰБТ-ға Қазақстан тарихынан тиімді дайындалу үшін 5 пайдалы кеңес

0
839
Иллюстрация: Freepik.com

• Декомпозиция («бүтінді бөлшектеу») әдісін қолдан. Бір күнде ежелгі тайпалар, ортағасырлық мемлекеттер және т.c.c. үлкен тақырыптарды оқып, түсініп бітіре алмайтының анық. Сондықтан үлкен тақырыптарды кішігірім тақырыпшаларға бөліп, оқыған дұрыc болады.

• Күнде ең кемі 10-15 тарихи даталар, оқиғалар, тұлғалар бойынша «карточкалар» жаса. «Карточкаларды» қолдан жасасаң болады немесе Anki бағдарламасын қолданып үйрен. «Карточкалармен» оқудың алгоритмі:

1. Сұрақты мұқият оқисың.

2. Егер сұрақтың жауабы есіңде болса, жауапты ашасың, тексересің. Егер сұрақтың жауабы есіңде болмаса, ұмытып қалсаң, жауапты ашып, оқып, есте сақтайсың да, «карточканы» қайта есте сақтауға ысырып қоясың. Барлық «карточкаларды» қарап болған соң, сен ұмытып қалып, жауап бере алмаған «карточкаларды» алдыңа аласың да, қайтадан қарайсың.

• Белгілі бір тарауды оқып бітірсең, өзің түсінгенің бойынша қысқаша мазмұнын жаз. Мысалы, «Ортағасырлық мемлекеттер» тарауын оқып болдың делік. Егер біліміңе сенімді болсаң, қолыңа қаламыңды ұста да, ақ қағаздың бетіне ортағасырлық мемлекеттердің әрқайсысына сипаттама бер, бір-бірімен салыстыр. Бұл қарапайым әдіс жиналған білімді мида құрылымдап, тарау жайлы жалпы бейнені қалыптастырады. Сенің білімің бұрынғыдай шашыраңқы болмайды.

• Маңызды тарихи даталар, оқиғалардың атаулары, тұлғалардың аттарын түрлі-түсті қаламмен боя. Осылайша сен «бір оқпен екі қоянды атасың»:

1. Маңызды тарихи даталар, оқиғалар мен тұлғалар тез есте сақталады.

2. Кейін іздегенде оңай болады.

• Қосымша ақпарат көздерін пайдалан. Мысалы, егер Қазақ хандығы жайлы оқып жатырсаң, «Қазақ хандығы» телесериалын қара, Керей мен Жәнібек жайлы деректі фильмдер көр, Википедиядан және т.с.c. энциклопедиялардан өмірбаянын оқы. Бұл сенде түсініктің пайда болуына септігін тигізеді.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ