ҰБТ-ға дайындық кезінде мотивациядан да маңызды нәрсе

0
3517
Иллюстрация: Freepik.com

ҰБТ-ға дайындықта мотивациядан да маңызды нәрсе – Ниет. Оны қалай күшейтуге болады? Ниеттің күшті болуы неге байланысты?

 МОТИВАЦИЯ әуелі НИЕТТЕН ПАЙДА БОЛАДЫ!

Ең алдымен, ниет деген сөзге анықтама беріп өтсем,

«Ниет – бұл адамның жоспарлаған бір ісін атқару үшін санасында сол істі атқаруға шешім қабылдауы, өзі атқаратын істі толық түсінуі және саналы түрде атқаруы».

Біздің өміріміз осы уақытқа дейін жасаған іс-әрекеттеріміз бен алдағы уақытта жасағымыз келетін іс-әрекеттерге деген ниетімізден тұрады.

Егер байқасаң, көбіміз өз ниеттерімізді жүзеге асыра алмаймыз және оның себебін өмірлік жағдайлардан іздеп жатамыз.

БІРАҚ әрдайым бар мәселе өмірлік жағдайларда бола бермейді. Кейде бір істі жасауға ниеттенеміз, бастаймыз, істейміз, бірақ соңына жетпей ниетімізді жоғалтып, іс аяқсыз қалып жатады.

Неліктен бұлай болады? Ниетімізді қалай күшейтсек болады?

Біріншіден, ниеттің күшті не әлсіз болуы жасағымыз келетін іске деген қарым-қатынасымызға тікелей байланысты. Қорқыныш, жиреншектік, күлкі және т.б. сен өзің жоспарлаған іс-әрекетті жаcайсың ба, әлде жоқ па, соған қатты әсер етеді. Мысалы,

Сен тіс дәрігеріне жазылып, тістеріңді емдетуге ниеттісің. Егер сен тіс дәрігерлерінен қорқатын болсаң, емдетуді кейінге қалдыруың мүмкін.

Ал бұл өз кезегінде сен қаламаған нәтижелерге әкелуі мүмкін, яғни тіс емделу қажет кезде емделмесе, соңы жұлдыртуға тура келеді.

Ал егерде тісің қақсап, тыныштық бермей ауыратын болса, сенің тісті емдетуге деген ниетің күшейеді. Cебебі артқа жол жоқ, не де болса тіс дәрігерінің көмегіне жүгінуің керек.

Осындай амал жоқ жағдайға қалған жақсы ма, әлде уақытында тісті емдетіп тұрған жақсы ма? Егер тіс емдетуге сондай бір қорқынышпен қарамасақ, бәріміз тіс емдетуге деген ниетімізді жүзеге асыратын едік.

Осылайша, ниеттің күшті не әлсіз болуы айтарлықтай дәрежеде біздің іске деген қарым-қатынасымызға байланысты екен, сондықтан да бір істі жасамастан бұрын оған қандай қарым-қатынаста екеніңді анықта. Сенің қарым-қатынасың ниетіңді күшейтеді ме, әлде әлсіретеді ме?

Екіншіден, ниеттің күшті не әлсіз болуына басқа адамдардың пікірлері де айтарлықтай әсер етеді. Қоғамның пікірі әр адамға әрқалай әсер етеді.

Қоғам тұрмақ, жақындары мен ата-анасының пікіріне бәрібір қарайтын адамдарды табу қиын. Қанша өзіңді тәуелсізбін деп санағаныңмен, сен үшін маңызды деген адамдар сенің іс-әрекеттеріңді қалай қабылдауы мүмкін екенін әрдайым ескеруің керек болады.

Бір мысал қарастырсақ: сен таңертең жүгіремін деп шештің. Сен басқа адамдардан мына үш реакцияны күте аласың:

1. Мақұлдау. Сені мақтап, бастамаңды қолдайды. Мұндай жағдайда сенің жүгіруге деген ниетің артады.

2. Бейтарап. Сенің жүгіруді бастайын деп жатқаныңмен басқалардың шаруасы жоқ. Мұндай жағдайдың сенің ниетіңе ешқандай әсері жоқ (немесе кері әсері болуы мүмкін — егер сен мақтауды күткен болсаң).

3. Күлкі қылу, қолдамау. Мәселен, сенің идеяңды күлкі қылып, таңертең жүгіремін деген шешіміңді ақымақтық деп атады. Бұл жағдайда сенің ниетің әлсіреуі мүмкін (немесе керісінше күшеюі мүмкін).

Үшіншіден, ниеттің күшті не әлсіз болуы жасағың келетін іс-әрекеттің қаншалықты қиын екеніне де байланысты. Мысалы, сен өзіңе тамақ істеп, жегің келеді және бұл жағдайда сен бұны іске асырасың, себебі тамақ істеу аса бір қиын іс емес қой.

БІРАҚ 15 шет тілін үйрену НЕМЕСЕ әлемдегі биік 7 шыңды бағындыруға ниетің болғанымен, аталған іc-әрекеттерді жүзеге асыру қиынның-қиыны болғандықтан, олар тек арманда қалуы мүмкін.

Сонда біз бір қарапайым заңдылықты түсінеміз: іс-әрекет қаншалықты қиын болса, оны жасауға деген ниет соншалықты әлсіз болады.

Тек ниеттің күшті не әлсіз болуын бір ғана фактормен анықтамаған абзал. Барлық факторларды ескеру керек. Мәселен,

Сенде Назарбаев Университетіне түсемін деген ниет пайда болды. Иә, бұл оңай емес. Бірақ сенің ниетің соған қарамастан күшті болуы мүмкін. Өйткені, біріншіден, сен қолыңнан көп нәрсе келетінін өзіңе дәлелдейсің (іске деген сенің жеке қарым-қатынасың), екіншіден, сен басқаларға бұл ойың ақымақтық емес екенін, қолыңнан келетінін дәлелдейсің, басқалар сенің жетістігіңе қызыға да қызғана қарайтын болады (қоғамның пікірі).

Бұл жазбадан сен мотивациядан да маңызды нәрсе ниеттің бар екенін, оның не екенін, оның күшті болуы неге байланысты екенін білдің.

Жазбадан алған мағлұматтарды қолданып, ҰБТ-ға дайындалуға деген ниетіңді күшейтесің деген сенімдемін

Дереккөз: ҰБТ академиясы

Басқа материалдар:
  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ