ҰБТ-ға тиімді дайындалу үшін қажет дағды

0
807
Иллюстрация: Freepik.com

ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, қалаған жоғары оқу орныңа грантқа түсу толығымен өз қолыңда екенін сезін. Дайындалсаң, талпынсаң, еңбегің жемісін береді, талабыңа жетесің.

 Алдымен өзің маңызды деп санайтын істерді жаса.

Өзің қойған приоритеттерді ұстан, алған бағытыңнан тайма. Cен биыл «ҰБТ-ға жақсылап дайындалып, міндетті түрде жоғары баллға тапсырамын», «Ағылшын тілі білімімді орта деңгейге жеткізіп, IELTS-ты жоғары баллға тапсырамын» деп шешсең, сол мақсаттарыңа қарай ұмтыл, әрекет ет. Өзгелерге мақсатыңа жетер жолда кедергі болуға мүмкіндік берме!

 Қай уақытта әрекетің өнімдірек жүреді, соны анықта.

Тәуліктің қандай бөлігінде ҰБТ-ға жақсы дайындаласың? Таңертең? Түсте? Кешкісін? Әлде түнжарымда ма? Әртүрлі уақытта оқып тәжірибе жасап көр. Сосын тәжірибені қорытындылап, қай уақытта ҰБТ-ға дайындық өнімді жүретінін анықтап, сол уақытты дайындыққа арна. Сонымен қатар сені ешкім, ештеңе мазаламайтын, назарыңды аудармайтын орында дайындалуға тырыс.

 Мәселенің ең тиімді шешімін табуды үйрен.

Мысалы, математиканы кітаппен оқып, дайындалып жүрсің делік, бірақ бір мәселе бар: қанша оқысаң да, кейбір тақырыптарды түсіне алмадың. Мұндайда сен не істейсің? Қайтадан кітапқа үңіліп, түсінуге тырысып көресің. Ал егер мүлде ештеңе шықпаса? Ондай болса, сыныпта математиканы жақсы білетін баладан тақырыпты түсінуге көмек беруін сұра, Youtube-тан бейнесабақтарды қара және т.б. Мәселенің шешімін іздегенде біржақты болма, барлық шешімді көр, арасында біреуі ең тиімдісі болатыны айдан анық!

 ҰБТ-дан жоғары балл жинап, грантқа түсетініңе өз-өзіңді сендір.

Алға қойған мақсатыңа сен. Сонда ғана сен дайындықта бар зейініңді қойып оқи аласың. Ал бұл нені білдіреді? Сен бар зейініңді қойғанда, дайындықты да өнімді жүргізесің, прогресс те тез жүреді. Cоңы, өз мақсатыңа жетесің. Ал егер сен өзіңді ҰБТ-дан жоғары балл алып, қалаған жоғары оқу орнына грантқа түсе алатыныңа сендіре алмасаң, бұның бәрі орын алмайды. Ескерту: өзіне сенбейтіннің еңбегі зая!

Басқа материалдар: 

  1. Студенттерге пайдалы 5 кеңес
  2. Бауыржан Момышұлы туралы ҰБТ-да кездесетін сұрақтар
  3. Б.Бұлқышев туралы ҰБТ-да кездесетін сұрақтар жауабымен
  4. Тұрмыс-салт жыры бойынша ҰБТ-да кездесетін 66 сұрақ
  5. Мақал-мәтел, жұмбақ тарауы бойынша ҰБТ-да жиі кездесетін 45 сұрақтың жауабы
  6. ҰБТ-да кездесуі мүмкін идиомалар
  7. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  8. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары көп алынатын 5 оқулық
  9. ҰБТ-ға дайындыққа пайдалы топ-5 ресурс
  10. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  11. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  12. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  13. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  14. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  15. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  16. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ