ҰБТ-да қазақ әдебиетінен келу ықтималдылығы жоғары сұрақтардың жауабы

0
779
Иллюстрация: Freepik.com

«Абай жолы» роман-эпопеясының басты кейіпкерін белгілеңіз.
Абай.

Ахмет Байтурсыновтын аудармалары енген жинақты атын белгілеңіз.
«Қырық мысал».

«Абай жолы» романында Тәкежанның баласы Мақұлбай қайтыс болғанда
Абай жоқтау айтқызған адамның есімін көрсетіңіз. Әйгерім.

«Абай жолы» романындағы Абай жақсы көрген ойын атын белгілеңіз. Тоғызқұмалақ.

«Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың кім екендігін көрсетініз. Кедей жатақ.

«Ақ көйлек» — әнші-ақындардың қайсысының өлеңі екенін табыңыз. Ақан сері.

«Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясының авторын табыңыз. Ғ.Мүсірепов.

«Ақын өлімі туралы аңыз» кімге арналған, дұрысын табыңыз.
А.Жұмағалиев.

«Аласыз қара көзі айнадайын» деген жолдағы тіл айшығын табыңыз. Теңеу.

«Адамнан адам озар немен артып, Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып …» — деген тармақтардың авторын табыңыз. Ш.Құдайбердиев.

«Адамнан есті жануар» деп ардақталатын, мыстанның арам пиғылын батырдан бұрын сезетін тұлпарды табыңыз. Шұбат ат.

«Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын сұлуды зорлық етіп, алмақшы болған батырды табыңыз. Қараман.

«Арғымақтар», «Қыз қуу» өлеңдерінің авторын табыңыз. О.Сүлейменов.

«Ауылдан абақты жақсы», — дейтін М.Әуезовтің бала кейіпкерін табыңыз. Сейіт.

«Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген арнаулы мақаланы жазған кім екенін анықтаңыз. Сәкен Сейфуллин.

«Ботагөз» романындағы Амантай қандай кейіпкер екенін көрсетіңіз. Батыл, ержүрек.

«Би бол, би болмасаң да, би түсетіндей үй бол» дегенде түсінік беріңіз. Әйелің жақсы болсын дегені.

«Боран», «Шырағың сөнбесін» романдарының авторын табыңыз. Т.Ахтанов.

«Гәкку», «Мақпал», «Маңмаңгер» өлендерінің авторын белгілеңіз. Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы.

«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінің авторын табыңыз. Жамбыл Жабаев.

«Индия очерктері» мен «Америка әсерлері» қай қаламгердің туындысы екенін белгілеңіз. М.Әуезов.

«Кедей қызы, дер шағында оқуға түскен. Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай болса, түбінде бұдан әлеуметтік адам шығуында сөз жоқ», — деген сөздердің қай кейіпкерге арналғанын табыңыз. Ботагөзге.

«Көктем таңы», «Жаңа дәптер», «Ескерткіш» жыр кітаптарының авторын табыңыз. Т.Молдағалиев.

«Күлмеген адам», «Құлаған құз» әңімелерінің авторын табыңыз. Ғ.Мұстафин.

«Күлтегін» жыры қашалып жазылған тас табылған өзенді анықтаңыз. Орхон өзені.

«Күн-күйеу, жер-қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сонбай күшті», — деген Абайдың өлең жолдарындағы бейнелеу құралын көрсетіңіз. Метафория.

«Қазақ солдаты» романының кейіпкерін табыңыз. Самед.

«Қараш-Қараш оқиғасы» атты туындының авторын табыңыз. М.Әуезов.

«Қартқожа» романында (Ж.Аймауытов) бейнеленген тарихқа белгілі адамды табыңыз. С.Торайғыров.

«Қобыланды батыр» жырындағы Ноғайлының жерін, Сырлы, Қырлы қалаларын тартып алған батырды көрсетіңіз. Қазан.

«Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз. Ш.Мұртаза.

«Қыранымын сары сайран даланың, Қос қанатым — алтын Алтай, Оралым». М.Жұмабаев өлеңінен алынған үзіндіде қандай бейнелеуіш құрал бар екенін табыңыз. Метафора.

«Мен-казақпын» поэмасының авторын табыңыз. Ж.Молдағалиев.

Ұқсас материал: 

  1. ХVІІІ ғасырдың ақырғы ширегіндегі дала жыршылары
  2. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  3. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  4. Көркем троптар, олардың түрлері
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  11. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  12. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  13. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  14. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  15. Ел аңыздары және жыраулық мұра

ПІКІР ҚАЛДЫРУ