Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері

0
1236
Freepik.com

Жоспар:.

  1. Ежелгі Шығыс өркениеттеріндегі этика ілімі
  2. Шығыс этикасының ерекшеліктері
  3. Ежелгі Римнің этикалық ілімдері
  4. Ежелгі Үнді мен Ежелгі Қытай этикалық ойларының негізгі түсініктері
  5. Конфуцийдің мораль туралы ілімі.

«Шығыс философиясы» оқу құралы – әдеттегідей басылым емес. Қазақстанда алғаш рет үнді, қытай, араб-мұсылман және түркі фило-софиясының негізгі бағыттары мен идеялары бір жинақта оқырманға ұсынылып отыр.

Бұл оқу құралының негізгі мақсаты – қазақстандық студенттер мен магистранттарды, докторанттар мен оқытушыларды Шығыста ерте дәуірден қазіргі кезеңге дейін орын алған философиялық ілім-дермен таныстыруға көңіл аудару.

Қазіргі кезең жаһанданудың жергілікті, аймақтық, ұлттық мәде-ниеттерге қатынасы ерекше өзекті болуымен белгілі. Бұл бүгінде барлық адамзат үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де ең маңызды мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазақстандық оқушыларды Шы-ғыстың классикалық философиялық мұраларымен таныстыру рухани және жалпымәдени мағынада да, сонымен  бірге оқушылардың тұтас этикалық дүниені түсінуін қалыптастыруда да пайдалы бола түсері анық.

Кітаптағы мәліметтер «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шығарылған «Шығыс философиясы» мәтінімен негізінен сәйкес келеді. Сонымен бірге оқырмандарға ойшылдардың хресто-матиялық мәтіндерімен және осы мәтіндерге берілген түсініктемемен қатар танысуға мүмкіндік береді.

Шығыс халықтарының өзіндік тарихы, оның өмір салты мен әлеу-меттік құрылымының ерекшеліктері осы халықтардың дүниетаным-дық, философиялық және қоғамдық-саяси көзқарастарының өзгеше дамуын тудырды.

Философияның негізгі мәселелері Шығыста да, Батыста да бірдей және оларды шешу жолдары да ұқсас, мысалы, көне Үнді елі мен көне Грекияның философиялық бағыттарын салыстыруға болады. Бірақ философиялық зерттеу әдістері кейде бір-бірінен өзгеше болып келеді және философиялық ойдың тарихи дамуы да бөлектеу.

Шығыстың Батыстан айырмашылығын айтқанда, мәселе тек Жер-дің географиялық аймақтары жайлы емес, мәдениеттанулық және фи-лософиялық түсініктеріне де байланысты. Басқаша айтқанда, Шығыс адамы өзінің мәдени ерекшелігі бойынша «батыстық түрдегі» адам және керісінше Батыс өркениетіндегі адам  Шығыс мәдениетіне терең үңіліп, осы мәдениеттің қолдаушысы болуы мүмкін.

Негізінде Шығыста аңдап байқауға негізделген мәдениет пен философия, ал Батыста заттық-практикалық мәдениет қалыптасқан.

Шығыс көбінесе медитациямен адамның психикасы мен қабілетін кеңейтумен айналысса, Батыс материалдық және физикалық күшті дамыту мен сыртқы табиғатты игерумен айналысады.

«Шығыс» адамы өзіне үңіліп, өз «Менін» тануға тырысуы арқылы көрінсе, «батыс» адамы табиғатты бағындыруы, оған ғылымның, тех-никаның, зерденің көмегімен билігін қалыптастыруы, өзінің адамдық «Менін» паш ету арқылы көрінеді.

Бірақ, мұнда Шығыс пен Батыстың айырмашылығы біршама шартты. Әрине, көбінесе, өзгешелеу, бірақ бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Олар адамның шексіз дамуының жалпы үрдісіне, осы үрдістің барлық жетістіктері мен кемшіліктерімен бірге сәйкес келеді.

Енді Шығыс философиясының ерекшеліктеріне, олардың ұсыныл-ған оқулықтағы елдер мен мәдениетте өзін қалай көрсететініне көңіл аударайық.

Үнді философиясының түрлі мектептеріндегі көзқарастардың әртүрлілігіне қарамастан біз үнді мәдениетінің жалпы белгісін көре-міз. Бұл қауымдастықты қысқаша моральдық және діни көзқарастар қауымдастығы деп атауға болады. Мұны түсіну үшін түрлі мектеп-тердің басты белгілерін қарастырып, осы мектептердің өзара ұқсас-тықтарын көрсететін жалпы мезетін анықтау керек.

Барлық жүйелердің философияны практикалық қажеттілік ретінде қарастырып, жақсы өмірге жетудегі нұсқау ретінде дамытуы басты айырмашылығы болып табылады.

Философиялық даналықтың мақсаты интеллектуалдық әуестікті жәй қанағаттандыру емес, көрегендікпен, терең алғырлықпен нұрлан-ған жақсы өмірге жету ең бастысы болып табылады. Сондықтан үнді  жазушыларының өз шығармаларының басында адамның негізгі мақ-саттарына қалай қызмет ететіндігін түсіндіру салт болып қалыптасты.

Практикалық дәлелдің болуы үнді философиясы саласын тек эти-камен және теологиямен шектемейді. Теориялық қызығушылықтан туған қандай философия болмасын оның саласы кең; сонымен бірге өзінің теориялық негізі бойынша метафизика, таным теориясы мен логика сияқты үнді философиясының кей салалары Батыс филосо-фиялық жүйесінен еш қалыспайды.

Үнді философиясын пессимистік және практикалық өмір үшін зиянды деп жиі сынайды. Бұл сынның қаншалықты шын екенін осы кітаптың мазмұнынан білінеді. Ал бұл жерде мынаны байқаймыз.

Үнді философиясының пессимистік деп есептелінетіні, олардың шығармалары заттың ой желісіне сенімсіздікпен, мазасызданумен қарайтындығы. Онда бейқам өткен өмір соқыр сезім мен қанағат-танбаған ықыластың нәтижесі, мұндай өмір тез өтеді және бақытсыз деп пайымдайды. Бірақ бір де бір үнді философиясы өмірге трагедия ретінде қараумен тоқтап қалмайды. Үнді философиясы өз білімсіз-дігімізге байланысты жапа шегетінімізді, бақытсыздықты көрсетумен шектелмейді; онда қайғыдан құтылуға үміттендіреді. Үнді жүйесін-дегі пессимизм ілімнің соңғысы емес бастапқы сатысы. Өмірге мұн-дай пессимизм арқылы әсер ету сыналмайтын оптимизмнің әсерінен пайдалырақ болуы мүмкін.

Қытай философиясы көне үнді философиясымен қатарлас б.э.д. І мыңжылдықтың ортасында пайда болды. Дәстүрлі қытай философия-сының лексиконында кейін пайда болған жеке философиялық идеялар мен тақырыптар, көптеген атаулар қытай мәдениетінің көне ескерт-кіштерінде сақталған.

Көне Қытай философиясы маңызды екі бағытта дамыды, біреуі конфуцийшілдік, екіншісі – даосизм.

Конфуций және алғашқы философтар өздерінің негізгі мақсаты ретінде қоғам өмірінің теориялық түсінігі мен адамның жеке тағды-рын көре білді. Мәдениеттің жетекшісі және таратушысы ретінде олар тарихи және әдеби құжаттарды сақтауға жауапты әлеуметтік инсти-туттармен тығыз байланысты болды. Осыдан конфуцийшілдіктің негізгі үш ерекшелігі шығады:

1) әкімшілік аппаратпен байланыс жа-сауға белсенді ұмтылу мен байланыс, ресми идеология рөліне тұрақты наразылық;

2) маңызды көрінісі – әлеуметтік-саяси, этикалық, қоғам-танулық, гуманитарлық мәселелердің үстем болуы.

Қытай философиясындағы шығармашылықтың басты формасы ежелгі классикалық шығармаларға түсінік беру болды. Тіпті ең батыл шешендердің өздері  көне идеологиялық ортодоксияның түсіндіру-шілері болып көрінуге тырысты. «Алтын ғасырда» ұлы ата-баба-ларының күшімен құрылған барлық жақсы нәрселер артта қалды деп есептелді.

Жоғары әлеуметтік көзқарастың арқасында қашанда «ғылымдар патшасы» болған және ешқашан «теология күтушісі» болмаған фило-софия қытай қоғамында үлкен мәнге ие болды. «Ежелгі» басым-дылықты қалыптастыру деңгейінде қытай философтары философия-ның тарихшыларына айналды, олардың шығармаларында тарихи мәселелер жоғары болды.

Алғашқы дао ойшылдарының негізгі ұстындары «табиғилық» және «әрекетсіздік». Олар жасанды, табиғатты іс-әрекетке айналдыру мен Ұлы Дао жолымен әлемде билік жасаушы ретінде табиғатпен толық бірігуге тырысудан бас тартады.

Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.

Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды.

Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао – аспан мен жердің түп тамыры», «барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады.

Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе – адам табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? – деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.

Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады.

Ежелгі Римдегі адамгершілік-этикалық ілімдердің қалыптасуы мен дамуы этиканы дамытудағы сапалы жаңа кезеңді білдіреді. Ежелгі Шығыс өркениеттерінен Ежелгі Рим дамуының жаңа түрін айқындаған басты ерекшелігі рулық қоғамның қарқынды және серпінді ыдырауы, сыныптық қоғамның қалыптасуы, жеке меншіктің, мемлекеттік биліктің пайда болуы, саяси, демократиялық басқару институттарының қалыптасуы болды. Қоғамдық өмірдің жаңа формалары рулық қарым-қатынас, ескі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді ығыстырды. Адамдар арасындағы қатынастарды реттеудің жаңа бағдарларын, идеалдарын, жаңа тетіктерін қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол — алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-дзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-дзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырып отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-дзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.

Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь және ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі — әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр.

Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы: әділеттік табиғатты сүю әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау.

Пысықтау сұрақтары:

  1. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдерін салыстыру арқылы баға беріңіз?
  2. «Жаһандану» ұғымын қалай түсінесіз?
  3. Шығыс этикасының ерекшеліктері қандай?
  4. Конфуцийдің мораль туралы түсінігіне баға беріңіз?Дереккөз: ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының дәрісі

    Ұқсас материал: 

    1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
    2. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
    3. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.
    4. Терминге қойылатын талаптар
    5. Көркем троптар, олардың түрлері
    6. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
    7. Өнерінің эстетикалық табиғаты
    8. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
    9. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
    10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
    11. Әдебиеттің тектері мен түрлері
    12. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
    13. Этиканың пәні мен болмысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ