Ортағасырлық діни және теологиялық этика

0
1677
Иллюстрация: Freepik.com

Жоспар:

  1. Ислам діні мен христиан дінінің шығу тегі
  2. Екі діннің  ерекшеліктері.
  3. Ислам діні мен христаиан дінінің айырмашылықтары

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі жәнеоның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясыныңтүсіндіруінше, дін дегенііз –әлемді Алланың барлығынасенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілусатысының біріншідеңгейінде тұрған адамныңалғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады

Теоцентризм – (teo –құдай, орталықта) адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш – (Құдай, ол барлық әлемді, тіршілікті жаратушы).Креационизм – (лат. Creation жасау) – құдайдың әлемді жоқтан жасауытуралы діни ілім.Теодицея – (гр. theos- құдай және құқық, әділдік)- «құдайды ақтау»,философияда құдайшылықты, жаратушыны мадақтау жайындағыағым.Эсхатология – (гр. eschatos –соңғы және logos – ілім, сөз) әлем менадамзат тағдырының ақыры туралы, ақырзаман ментозақ туралы діни ілім.

Исламның тарауы барысында жақсылық пен жамандық туралы түсініктер түбегейлі өзгерді: жақсылық – бұл ислам қағидаларына қарсы келмейтіндер, ал жамандық – бұл соларға қайшылықта болатындар. Міне осы көзқарас тұғырынан адам қылықтары бағаланады, және сондықтан кім болса да тағайындалған дәстүрлерді бұзуға, оларға қарсы тұруға батылдары, шамасы жете алмады.

Сонда да ислам дүниені түсіндіру мен қазақ моралының бірден-бір қайнары болып шықпады. Халық қашанда, оның негізінде дұрыс мағына мен ақылға сай әрекеттер жатқан, моральды жақтады. Халық даналығы былай дейді: «Адам тегінен емес, ол тіршілігінің барысында бұзылады», ақылға сай өмір – бұл, оларды адам өзінде мәпелейтін және соларға сай қылыққа баратын, ізгіліктердің жиынтығы.

Оның үстіне адамнан тек дана сөйлеу емес, бірақ ең алдымен практикалық істер талап етіледі. Адамның абыройлығы оның сыртқы белгілерімен емес, ал сол немесе басқа жағдаятта қалай пайымдайтынымен, қандай қылықтарға баратынымен бағаланады.

«Егер жақсының ізімен жүрсең, аңсағаныңа жетесің, егер жаманды қайталасаң, ұятты болып қаласың». Адам бақыты  материалдық дәулеттің жай-күйімен емес (дегенмен қайсыбір дәрежеде ол да маңызды), ал адам жанының байлығымен және адамгершілік істерімен анықталады. «Кім пайымшыл және кішіпейіл, ары таза және әділ болса, кім өзінде ізгіліктерді мәпелесе, тек сол бақытқа жете алады». Исламның әйелге деген ұстанымдары қазақ қоғамында терең ұялаңбады, онда ана-әйелге, қорғаушыға, отбасы сүйенішіне деген ізгілікпен қарау тұрақтады.

Христиан дінінің пайда болуы. Христиан діні біздің дәуіріміздің 1-ғасырының екінші жартысында Кіші Азияда пайда болды. Оның шығу және жылдам таралу себебін анықтау үшін сол кездегі жағдайларға тоқталуымыз керек Шындығында христиан діні Шығыс халықтарының діни ғана емес, философиялық түсініктерін де қабылдады. Христианшылдықтың идеялық төркіні, біріншіден, әр түрлі шығыс діндерінің мифологиясы, екіншіден, ежелгі дүниедегі арнайы философиялық ұғымдар еді. Шығыс діни жүйесінде христиандарға үлкен ықпал еткен иудаизм – еврейлердің ежелгі монотеистік діні.

Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:

  1. Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);
  2. апостолдардың арнаулы хаттары;
  3. Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;
  4. ақыр заман туралы өсиет

Христиандық атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу — Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген.

Бұл  б.д.д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды. Мұнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және империялық құдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен бітісуге әкелді.

Дереккөз: ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
  2. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
  3. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.
  4. Терминге қойылатын талаптар
  5. Көркем троптар, олардың түрлері
  6. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  7. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  8. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  9. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  12. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  13. Этиканың пәні мен болмысы
  14. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ