Ферменттер туралы тест тапсырмасы

0
5848
Иллюстрация: Freepik.com

1. Жай ферменттерді құрайды:
А) амин қышқылдары
Ə) амин қышқылдары мен көмірсулар
Б) липидтер
В) көмірсулар
Г) амин қышқылдары мен белок емес заттар

2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ферменттері:
А) оксидоредуктаза
Ə) трансфераза
Б) гидролаза
В) изомераза
Г) лиаза

3. Ферменттің белок емес бөлігі:
А) апофермент
Ə) кофермент
Б) профермент
В) изофермент
Г) гистон

4. Ферменттердің əрекетін күшейтуге қатысатын ерекше зат:
А) активатор
Ə) ингибитор
Б) антикатализатор
В) апофермент
Г) антибиотик

5. Изоферменттер дегеніміз:
А) ферменттердің активті емес түрі
Ə) ферменттің белоктық бөлігі
Б) кофермент
В) бір ферменттің əр түрі
Г) кофактор

6. Ферменттердің активті орталығы:
А) амин қышқылдарының функционалды топтары
Ə) витаминдер
Б) белок емес органикалық заттар
В) амин қышқылдарының қалдықтарымен біріккен белок емес заттар
Г) металдар

7. Профермент дегеніміз:
А) ферменттердің активті емес түрі
Ə) ферменттердің белоктық бөлігі
Б) ферменттердің белоктық емес бөлігі
В) реакцияға ұшырайтын заттар
Г) бір ферменттің əр түрі

8. Аминотрансфераза ферменті қандай реакцияны катализдейді?
А) дезаминдеу
Ə) қайта аминдеу
Б) декарбоксилдеу
В) фосфорлану
Г) гидролиз

9. Ферменттер класы нені білдіреді?
А) ферменттер конформациясын
Ə) коферменттер типін
Б) осы фермент катализдейтін химиялық реакцияның типін
В) ферменттің активті орталығының құрылысын
Г) ферменттің аллостериялық орталығының құрылысын

10. Ферменттер ингибиторларына конкурент бола алатын:
А) металдар
Ə) амин қышқылдары
Б) субстратқа құрылымы ұқсас келетін заттар
В) ферменттің активті орталығына ұқсас келетін заттар
Г) полипептидтер

11. Ферменттердің активаторлары:
А) металдар иондары
Ə) аниондар
Б) амин қышқылдары
В) полипептидтер
Г) коферменттер

12. Аллостериялық ферменттерде болуы мүмкін:
А) тек бір аллостериялық орталық
Ə) бірнеше аллостериялық орталық
Б) реакция кезінде аллостериялық орталықтар саны өзгеруі мүмкін
В) аллостериялық орталық активті орталыққа тəуелді
Г) аллостериялық болмауы да мүмкін

13. Аллостериялық ферменттер кинетикасы:
А) Михаэлис-Ментен теңдеуімен сипатталады
Ə) Михаэлис-Ментен теңдеуімен сипатталмайды
Б) белгілі жағдайда ғана Михаэлис-Ментен теңдеуімен сипатталады
В) фермент-субстрат комплексінің түзілуімен сипатталады
Г) тежеуіш заттардың əсеріне тəуелді

14. Ферменттер иммобилизациясы нəтижесінде өзгереді:
А) ферменттер концентрациясы
Ə) ферменттер тұрақтылығы
Б) ферменттер активтілігі
В) ферментативті реакцияның уақыты ұзарады
Г) ферменттің пайдалану мерзімі

15. Химиялық табиғаты жағынан ферменттер:
А) көмірсулар
Ə) бейорганикалық катализаторлар
Б) белоктар
В) амин қышқылдары
Г) липидтер

16. Трипсиногеннің трипсинге айналуын белсендіреді:
А) энтерокиназа ферменті
Ə) автокатализ (HCl қатысында)
Б) эндопептидаза ферменті
В) пепсин
Г) эластаза

Дереккөз: Биохимия негіздері, С. Қ. Тұртабаев, А. К. Кабдрахимова, А. Ж. Еримова, Алматы, 2012

Басқа материал:

  1. Белоктар туралы тест тапсырмасы
  2. Белоктар туралы жалпы түсінік
  3. Ағзалардың химиялық құрылымы
  4. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  6. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  7. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  8. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  9. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  10. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?
  11. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер
  12. Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі
  13. Биологиялық мембраналар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ