Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек

0
1089
Харланд Дэвид Сандерс

Көпшілікке жақсы таныс Харланд Дэвид Сандерс – полковник Сандерс.

Ол әлемге әйгілі KFC жылдам тамақтану желісінің негізін қалаушы (Кентукки Фрид Чикен – Кентукки штатында жасалған тауықтар).

Жалпы алғанда, қырық жасына дейін ол өз өмірін тамақ пісіру немесе мейрамхана бизнесімен байланыстырмаған екен. Ол әскери қызметші, сақтандыру агенті, теміржолдағы өрт сөндіруші, фермер болып жұмыс жасаған.

Бірақ ол қырық жастан асқанда ғана өзінің аспаздық талантын жетілдере бастайды. Сандерс магистральда орналасқан ғимараттан көлік жөндеу орталығы мен кішкентай асхана ашады. Сол жерде тауықтарды қысыммен қуырудың «құпия рецептін» ойлап тауып, жетілдіреді.

Соның арқасында 11 дәмдеуіш қосылған тауықтар 15 минутта дайын бола бастайды. Ол өзінің алғашқы жеке мейрамханасын 47 жасында ғана ашты. Гарланд Сандерс 62 жаста болғанда франшиза келісімін жасаған.

Осылайша Сандерс 70 жасқа келгенде ғана миллионер атанған. Қазіргі таңда әлемнің 134 мемлекетінде 15 мыңға жуық КFS жылдам тамақтану орындары бар. Сандерс ешқашан кәсіп ашу кеш еместігінің бір ғажайып үлгісі десек болады.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ