Ақжелкеннің пайдасы қандай?

Ақжелкеннің адамның жүрек-қан тамырларын қорғау қасиеті бар. Қан қысымын төмендетеді, қандағы май құрамын азайтады.

Күн салқындағанда ерін кезеріп, тыныс тарылуы іште ыстық барын білдіреді. Ақжелкен бауырдың ыстығын қайтарады. Оның тәбетті ашатын да қасиеті бар. Ақжелкен ішекті де тазалайды.

— Мандарин қабығынан 10 гр, ақжелкеннің 10 гр алып, оны 200 мл суда қайнатып ішсе, асқазанды тазалайды, бауырдың ыстығын қайтарып, жұмысын жақсартады.

— Бүйректегі тастарды ерітуге көмектесетін ақжелкенді қолданудың ең жақсы тәсілі — жаңа шырын қоспасын жасау. 50 грам шырын сығып ала салысымен, бірден пайдалану қажет. 10 минут тұрғаннан кейiн сапасы жойылып кетедi. Шырынды ішкен соң, бүйректi тазарту үшiн жер бауырлап жатып, аяқ-қолды бiр мезгiлде жоғары 3 рет көтеріңіз. Бұл қозғалыс тастың үгiтiлiп, құмға айналуына, ыдырап, сыртқа шығуына мүмкiндiк жасайды.

— Радикултті емдеу үшін мынадай компресс дайындаңыз. Ұсақ көзді үккіштен бір картоп пен пияз және ақжелкектің бір тамырын өткізіп, өсімдік майын қосып араластырады. Осы қоспаны белдің ауырған тұсына қойып, оранып жата тұрған дұрыс. Бұл компресс ауырған жерді қыздырып емдейді.

— Кіші дәреті жүрмегенде: 2 қасық ұсақталған ақжелкен тамырына 1 стақан қайнаған су құясыз. 10 сағат термоста тұндырып қоюсыз. Дайын тұнбаны күніне 3 мезгіл тамақтан жарты сағат бұрын 1 үлкен ас қасығын ішесіз. Осылай 10 күн қабылдау керек.

— Остеохондроз кезінде: 100 гр ақжелкен тамырын, 100 гр сельдерей жапырағын турайсыз. Жарты литр суға салып қайнатасыз.Қайнаған қоспаға 1 лимонды сығып, шырынын қосасыз және 2 қасық бал саласыз. Жылы күйінде бірден қабылдайсыз. Бұл ағзадағы артық тұзды шығарады.

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

Терінің әдемі болуы үшін қажетті витаминдер

Freepik.com

Ағзаңызда қандай проблема болып жатқанын сіз білмесеңіз де, маман бетіңізге қарап анықтай алуы мүмкін. Өйткені, организмдегі кез келген ақау теріге сигнал бергіш. Әсіресе, бетке.

Терінің әдемі болуы үшін диета ұстаудың қажеті жоқ. Тек витаминдер мен макро және микро элементтерді дұрыс қабылдап, тамақтану жеткілікті. Ендеше айнаға қарағанда бізді ашуландыратын мәселелердің ішкі себебі неде:

Терінің ақшыл болуы. С, В12, РР, А, Fe, Zn, Фолиевая кислота, биотин жетіспейді;

Құрғақ тері. С, В6, биотин, Fe, А, Si дефицитте болғанда тері құрғайды;

Қатпарланған бет. Пиллинг кезінде В2, В6, биотин, А, Zn, Mn, S ағзаға жетпейді деген сөз;

Безеу мен бөртпелер. В6, РР, А, Zn, Fe жетіспеген уақытта шығады;

Қантамырлардың көрініп тұруы, купероз. С, Е, К, рутин, Cu, Fe жетпененнен пайда болады;

Шаштың мәселесі (түсуі, тез майлануы, қайызғақ) В6, А, биотин, Fe, Zn, Mn, Si, Se, Mg жетпененнен болады;

Күнделікті жейтін тамақ, гликемия индексі жоғары және төмен болып екіге бөлінеді. Жоғарғысы біздің денсаулығымызға зиянды. Ашып айтсам, ішектегі эпителийден өтіп, ағзаның қорғаныш қабатын бұзады. Есесіне сізде токсиндік нагрузка, бауырға да күш түседі, артынша бет терісіне әсер етеді.

Бет терісі бүлінбес үшін не жеу керек?

Балғын көкөністер. Әсіресе қызыл және оранжевый сіздің бетке өте пайдалы болмақ;

Аскөк. Микроэлементтер мен клетчатканың көзі;

Рафинатталмаған кунжут, зәйтүн, зығыр майы. Бұлар пайдалы май қышқылдары мен витаминдер береді;

Жаңғақтар. Терінің зат алмасу процесін тездетіп, қышқылдануды болдырмайды;

Балық. Май қышқылдарының нағыз көзі. Коллаген түзілуін жүзеге асырады;

Жұмыртқа. Терінің безеу басып, тез қартаюына жол бермейді. А, В витаминдер көзі;

Бауыр. Темірдің және А витаминнің көзі.

 Гульмаржан Бекмуратовна, Дәрігер

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

Қант не үшін зиян?

Иллюстрация: Freepik.com

Қант – мәңгілікке бас тартатын өнімдердің бірі.

Өйткені оның адам денсаулығына зиянды тұстары өте көп.

«Қантсыз өмір» атты кітаптың авторы Нэнси Эплтон деген дәрігер қанттың қаншалықты зиян екендігін тізіп шығады. Мен бүгін сіздердің назарларыңызға соны ұсынуды жөн көріп отырмын.

1. Қант сіздің иммунитетіңізді әлсіретеді.

2. Бактериялық жұқпаларға қарсы күресуді төмендетеді.

3. Бүйрек ауруларына шалдықтырады.

4. Ағзаңызға хром микроэлементі жетіспейтін болады.

5. Сүт безі, қуықалды безі қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады.

6. Глюкоза мен инсулин мөлшерін көбейтеді.

7. Кальций мен магнийді бойыңызға сіңіруді бұзады.

8. Көзіңіздің көруін төмендетеді.

9. Қан құрамындағы гемоглобиніңізді көбейтеді.

10. Ойық жаралы колит ауруын шақырады.

Осындай ауруларға тап болмау үшін сіздің дұрыс шешім қабылдағаныңыз дұрыс.

Сондықтан бүгіннен бастап қантты өзіңіздің ас мәзіріңізден алып тастағаныңыз.

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

Кофеден қалай бас тартуға болады?

Иллюстрация: Freepik.com

Осы отырған көпшілігіңiз күндi ыстық кофемен бастайтын шығарсыз, ә?  Бекер! Бiрден «кофе ұйқыны ашады, сергiтедi, энергия береді» деуiңiз мүмкін. Бұның бәрі бос сөз! Одан да мынаны оқыңыз:

КОФЕ :

-Тәуелділік тудырады

-Домафин гормонының бөлiнуiн азайтады, демек еңбекке қабілеттілік де төмендейді.

-Темiрдiң ағзаға сiңуiн бәсеңдетедi. Темiржетiспеушiлiк анемиясы да осыдан туады.

-Миға әсер ету арқылы стресске бейiм етеді.

-Құрамындағы кофейн ағзаны құрғататын қасиетке ие. Сол арқылы микробиотаны «кептіріп жiбередi» десе болады. Мұның салдары созылмалы iш қату — запорға соқтырады.

-Бүйрек үсті бездері (надпочечники) арқылы ағзадағы инсулиндi арттырады. Бұның соңы себепсіз салмақ қосуға әкеледі

-Тамақ жемей-ақ жалғыз кофенің өзi асқазан қышқылын көп бөлдiре алады. Демек язва мен гастритке душар етеді

Ендеше бұдан қалай бас тартуға болады:

— Оған «таңғы рәсім» (ритуал) деп қарағанды қойып, орнын ыстық су iшумен алмастырыңыз. Ыстық су 2 есе пайдалы!

— Үйге мүлдем кофе сатып алмаңыз. Сатып алып та iшпеңiз.

— Дұрыс тамақтануға көшiңiз. Пайдалы тағам күш береді. Әсіресе рационға пайдалы майлар қосыңыз. Тоқ, энергиясы тасып жүрген адам кофе iздемейдi.

— Ұйқыға ерте жатыңыз. Ұйқы қанып, толық тыныққан ағзада шаршау-шалдығу жоқ. Еңбекке қабілеттілік те қалыпты болады.

— Магний қабылдаңыз. Бұл миды, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сәйкесiнше кофеге тәуелдiлiктен құтыласыз.

— Ағзаны жиi тазалап тұру керек. Сонда кофесiз-ақ көңiлдi һәм сергек жүресiз.

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

Фастфудтың 10 зияны

Иллюстрация: Freepik.com

1. Семiздiкке әкеледі! Құрамындағы ең зиянды майлар өте көп.

2. Өте көп мөлшерде қант қосылуы. Дәмiн үстемелеу үшін қосылатын қант диабетиктердiң көбеюiне әкеп соғуда.

3. Өлi тағам! Тез дайындалатын тағам сәйкесiнше шикi болады. Мәселен, ет кемi 2-3 сағат пiсуi тиiс, ал сiз 2 минутта қуырылған котлет жейсіз. Елестете берiңiз.

4. Тұз бен түсінiксiз дәмдеуіштiң көптiгi. Ал көп мөлшердегi тұз — қан қысымының көтерiлуiне бiрден бiр себеп.

5. Жоғары калория. Фастфудтың әр порциясында нормадан артық және өте көп калория бар. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларына душар етеді.

6. Өте төмен сапа! Шiрiген картоптан жасалған фридi талай көрген шығарсыз. Себебі өндірушілер сападан гөрі санға мән беріп, ең арзан өнiмдердi сатып алады.

7. Тағам қауіпсіздігi қорғалмаған. Көбіне «көше тағамы» саналатындықтан кiм көрiнген жұмыс iстеп, санитарлық норма сақтала бермейдi.

8. Тағамның дәмi тiл үйiргенмен, бiрнеше рет сапасыз майда ұзақ қуырылғандықтан тағамдық құндылығынан түк те қалмайды.

9. Қорқынышты консервантар жиынтығы.

10. Адал асқа жатпайды. Қолданылатын ет өнімдерінiң халал еместiгi тағы бар.

Басқа материалдар:

  1. Майонезді неге жеуге болмайды?
  2. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  3. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  4.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  5. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  6. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  7. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  8. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  9. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  10. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  11. «Денсаулық басты байлық»
  12. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  13. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  14. Тарының ағзаға пайдасы көп

Асқабақтың пайдасын білесің бе?

Иллюстрация: Freepik.com

Асқабақ десе, бала кезімiзде сарайда сақтайтын (немесе кереуеттiң астында тегенедей боп теңкиiп жататын) асқабақтар есiме түседi.

Қыс бойы  оны түрлі тағамға қосатынбыз. Сол кезде дәнiнде де дәрумен көбін бiлсек ше?!

Сонымен асқабақнесiмен пайдалы?

— Асқабақ — жастық элексирi. Құрамында А, Е дәрумендерiнiң көптiгi ерте қартаюдың алдын алады.

-Басқа көкөністерге қарағанда темiрдiң мол қоры да осында. Сол себепті анемиямен күресте таптырмас тағам.

— Асқазан-iшек жолдарын тазалап, ас қорыту жұмысын жақсартуға, iш қатудан арылуға көмегі көп. Бүйрек, өт жұмысына оң әсер етеді.

— Асқабақ шырыны — нағыз табиғи «снотворное» әрi күштi антиоксидант. Стрестi басады. Сондай-ақ адамға сергектік сыйлайды.

— 100 грамында бар-жоғы 20-25 килокалория бар. Оған қоса ауыр тағамның өзiн жеңiл қорытуға көмектесетiн күшке ие.

— Құрамындағы кальций сүйек пен бұлшықеттерге, калий — жүрек жұмысына, магний — жүйке жүйесінің қызметіне белсенді әсер етеді.

— Сирек кездесетін әрі семiздiктен сақтайтын Т дәрумені де осы асқабақта.

Айта берсе, асқабақтың пайдасы ұшан-теңіз. Ал оның дәнiнiң емдік қасиеті мен пайдасы көкөністiң өзiнен асып түспесе, кем емес. Кейiн оның өзіне бiр пост арнамасам болмас.

Ал сiз асқабақты жиi жейсіз бе? Қандай тағамдар дайындайсыз, бөлісе кетiңiз.

Басқа материалдар:

  1. Майонезді неге жеуге болмайды?
  2. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  3. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  4.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  5. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  6. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  7. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  8. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  9. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  10. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  11. «Денсаулық басты байлық»
  12. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  13. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  14. Тарының ағзаға пайдасы көп

Майонезді неге жеуге болмайды?

Иллюстрация: Freepik.com

Алдымен тоңазытқышыңызды ашыңызшы. Майонез бар ма? Бар? Демек жиi тұтынасыз! Былай күні «безобидный» көрiнетiн осы бiз майонездiң мыңдаған зияны барын бiлсеңiз, мүлде сатып алмас едіңіз. Тарқатып көрейік.

Дұрыс майонездiң ғұмыры тым қысқа болуы керек. (Ол үшін оны өзiңiз дайындау керек). Ал бiзде қалай? Жарты жылдан асады. Және өндірушiлер тағамдық құндылығынан түк қалдырмайды. Қысқасы бәрiнен үнемдеп, ең соңында «магазинный майонез» ең зиянды тұздыққа айналып шыға келедi.

Мысалы, майонез құрамындағы

-Натрий бензоаты (Е211) — нағыз химиялық антибиотик. Өнiмнiң сақтау мерзімін ұзарту үшін қосылатын бұл микрофлораны өлтіредi. Ол аззадағы аскорбин қышқылымен араласады, бұл реакциядан бензол бөлiнедi. Бензол бауыр қызметін бұзып, аллергия мен дерматитке әкеледі. Жүйке жүйесi айтарлықтай зардап шегеді.

— Ең арзан сапасыз майлар (трансжир) ағзаға сiңбей, iшек қабырғаларына қата береді. Сөйтіп холестериннің қайнар көзiне айналады. Бұл, әрине, салмақ қосу, семiздiкке әкеледі.

-Калий сорбаты — ас қорыту жүйесі қызметін бұзып, дисбактериоз туындатады.

-Тағы бiр қауiптi қоспа — аспартам(Е951). Ол — синтетикалық дәмдеуіш. Жоғары температурада ол нағыз метанолга (у) айналады. Осыдан соң майонезде маринадтап пiсiретiн тағамдарды ойлай берiңiз.

Сөйтiп бiр ғана майонез дисбактериоздан бастап, аллергия, дерматит, бауыр қабынуы, 2 типті қант диабеті, жүрек қан-тамырлары аурулары, инфаркт, инсульт, ақыр аяғында қатерлі ісік ауруына дейін апаруы әбден мүмкін.

Ал статистика бойында бiр адам жылына 6 кг (!) майонез жейдi екен❗

Ендi елестете берiңiз. Ал сiз майонез жейсiз бе? Жалпы сатып аларда құрамына үңiлесiз бе?

Басқа материалдар:

  1. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  2. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  3.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  4. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  5. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  6. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  7. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  8. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  9. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  10. «Денсаулық басты байлық»
  11. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  12. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  13. Тарының ағзаға пайдасы көп

Қазіргі әлемдегі ақпараттық технологиялардың рөлі

Иллюстрация: Freepik.com

Аңдатпа. Мақалада қазіргі заманғы әлемдегі ақпараттық технологиялардың (IT) рөлі, оларды қолдану туралы қарастырылған. IT-технологиялардың қоғамға, тұтынушыларға, бизнеске тигізетін пайдасына басты назар аударылады. Ақпараттық технологиялар өмірдің көптеген салаларында өзгерістердің маңызды құралдарының бірі болып табылады деген қорытынды жасалды.

Кілттік сөздер: ақпараттық технологиялар, виртуалды шындық, IT-маман, маркетинг, бизнес.

Аннотация

В статье рассмотрена роль информационных технологий (ИТ) в современном мире, их использование. Основное внимание уделяется преимуществам ИТ технологий для общества, потребителей, бизнеса. Сделан вывод о том, что информационные технологии являются одним из важных инструментов преобразований во многих сферах жизнедеятельности.

Ключевые слова: информационные технологии, виртуальная реальность, IT-специалист, маркетинг, бизнес.

ABSTRACT

The article considers the role of information technologies (IT) in the modern world, their use. The main focus is on the advantages of IT technologies for society, consumers, and business. It is concluded that information technologies are one of the important tools of transformation in many spheres of life.

Keywords: information technology, virtual reality, IT-specialist, marketing, business.

Адамзат білімге негізделген дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Қазіргі уақытта ақпарат қоғам өмірінде жетекші орын алатын принципті жаңа жағдай пайда болды. Ақпараттық технологиялар өмірді соншалықты жеңілдетті, енді көп күш жұмсамай-ақ, азық-түлікке тапсырыс беруге, тұрмыстық қызметтерге ақы төлеуге, соңғы жаңалықтарды білуге, бізден мыңдаған шақырым жерде тұратын адамдармен байланыста болуға, сонымен қатар медицина, астрономия, виртуалды шындық және тағы сол сияқты салаларда дамып, үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Ақпараттық технологиялар бүгінде қарқынды дамып келеді. Бірнеше онжылдықтар бұрын ақпараттық жүйелердің осындай қуатты дамуы, интернет қызметтеріне деген сұраныс (физикалық объектілердің («заттардың») бір-бірімен немесе адамның қатысуынсыз сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі) болатынын елестету мүмкін емес еді. Егер біз медициналық саланы қарастыратын болсақ, онда жақында олар бірнеше ондаған жыл бұрын адамдар тек армандайтын адам жүрегінің жасанды алмастырғышын жасағанын анық көруге болады. Ақпараттық технологиялардың болашақта қалай дамитынын және оның жалпы адамзатқа қалай әсер ететінін нақты болжау қиын. Алайда, қоғамның өмірін ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.

Экономиканы, ғылым мен мәдениетті, техника мен технологияларды, әлеуметтік және қоғамдық қатынастар саласын дамыту, мемлекеттік басқаруды жетілдіру — осының бәрі пайдаланылатын ақпараттың сапасына, оның сенімділігі мен толықтығына, тиімділігі мен ұсыну формасына тікелей байланысты. Қазіргі уақытта жақын болашақта энергия емес, ақпарат кәсіпорындардың, мемлекеттердің және тұтастай қоғамның даму деңгейін анықтайтыны айқындала бастады.

2020 жылғы барлық оқиғаларға (пандемия сияқты) қарамастан, бір нәрсе өзгеріссіз қалды – бұл бизнестің табысқа жетуіне деген технологияның маңыздылығы. Шын мәнінде, технологиялар маңыздылығы арта түсті, өйткені ұйымдар қашықтықтан жұмыс істеуге қолдау көрсету және икемділікті арттыру үшін өз жұмысын жылдам қайта құруы керек болды. Пандемия компаниялардағы цифрлық трансформацияны үш есе жеделдетті, бірақ IT мамандарына инновацияны енгізу жылдамдығына байланысты қысым артты: респонденттердің 90%-ы жұмыс көлемінің артқанын мәлімдеді.

Ақпараттық технологиялар мамандары өз жұмысының перспективаларына көп жағдайда оң көзқараспен қарайды. ІТ мамандарының шамамен 80% -ы өздерінің технолог ретіндегі рөлін жақсы сезінеді, ал 20% -ы аралас сезімдерге ие, ал аздаған бөлігі мазасыздықты сезінеді. Сонымен, 2021 жылы ІТ мамандарының көпшілігі әртүрлі пікірде. Бұл жағдайға COVID-19 жағдайы маңызды рөл атқаратыны анық — пессимизмнің жетекші себебі – пандемиядан кейінгі жұмыс қауіпсіздігі туралы белгісіздік, сондай-ақ қысымның жоғарылауы. IT-бөлімдердің қызметкерлері қысымның артуының келесі себептерін атайды: жаңа басымдықтар мен сын – қатерлер (жалпы әлемдік көрсеткіш – 80%), технологияларды енгізу қарқынының өсуі және дәстүрлі және бұлтты шешімдерді бір мезгілде пайдалану (жалпы көрсеткіш – 78%), бұлтты есептеулерге жедел көшу (77% және 72%) және мониторингке арналған көптеген әр түрлі бақылау шешімдер (74% және 80%).

Біздің өмірімізде АТ-ны енгізудің теріс салдарымен қатар бірқатар жағымды жақтары да бар: IT-мамандар бизнес-стратегия үшін технологиялардың өсіп келе жатқан маңыздылығына байланысты біліктілікке деген жоғары сұраныстың арқасында жарқын перспективаларды көреді. Зерттеу бойынша 2020 жылы технологиялар секторы алдыңғы кезеңдерге қарағанда көбірек деректер жинады деп көрсетеді. Оларды қосымшалар, IT-инфрақұрылымдар, қауіпсіздік жүйелері және т. с. с. жасайды. Әлемдік IT-мамандардың 85% -ы үнемі өсіп келе жатқан мәліметтер көлемінен туындаған ақпараттық шуды жеңу жаңа жылда күрделі проблемаға айналады деп санайды. Алайда, стратегиялық ойлау мен цифрлық трансформацияның ұзақ мерзімді тенденциялары – технологиялық функцияларға әсер ететін негізгі күштер болады.

2021 жылғы тактикалық және стратегиялық қажеттіліктерді ескере отырып, көптеген IT командалар үшін бюджетке қатысты үлкен мәселе туындайды. Технологиялық бюджет қазірдің өзінде қозғалыста, өйткені шығындар орталығының тактикалық тәсілі стратегиялық инвестициялық тәсілге айналды, ал технологиялық шығындар IT функцияларына емес, бүкіл ұйымға бөлінді. Пандемия бюджеттік шокты тудырды, өйткені компаниялар жоспарларын бірден өзгертуге мәжбүр болды. Қазіргі уақытта компаниялардың 84% — ы қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін айтарлықтай күш жұмсауда, ал компаниялардың 41% — ы киберқауіпсіздікке көбірек көңіл бөледі.

Ақпараттық технологиялар күнделікті міндеттерді шешіп қана қоймай, бизнес пен прогресс платформасында болашақты болжауға мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар ірі компаниялардың басшыларына әрқашан жоғары бәсекелестік деңгейде болуға мүмкіндік береді. Маркетинг саласындағы IT-потенциялын ескере отырып, ақпараттық жүйелер маркетинг саласына арандатушылық әсер ететініне көз жеткізуге болады (ең көрнекі мысал — бұл контекстік жарнама). Ақпараттық процестердің ерекшелігі – кәсіпкердің әлеуетті сатып алушылардың мүмкіндігінше көп санын алу мүмкіндігі бар. Бірнеше жыл бұрынғы ақпараттық процестер арқылы кәсіпорын туралы мәліметтерді алатын клиенттердің әлеуетті санаты қазіргі заманғы желілерді жылжыту жағдайындағыдай көп болмады.

Ең қарапайым іске асыру процесінің өзі, мысалы, бизнесті сату туралы жарнама, егер ол қосымша ақпарат кеңістігінде орналастырылса, тиімдірек болады. Атап айтқанда, бұл вирустық жарнаманың потенциалына және интерактивті әдістер сияқты инновациялық әдістерге қатысты. Ұйымға арналған ақпараттық технологиялар – бұл өз тауарларының жариялылығын арттырудың, кері байланыс орнатудың нақты мүмкіндігі, нәтижесінде ол тұтынушының қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға, өз өнімінің сапасын ұтымды арттыруға мүмкіндік алады. Халықаралық бизнес көбінесе өз өнімдерін шетелде жүргізу үшін ақпараттық технологияларға сүйенеді. Ақпараттық технологиялардың жарнамаға әсері тез және іргелі болды. Ең алдымен, ақпараттық технологиялар факторының арқасында кәсіпорын қайта жаңартылып, маркетинг заманауи талаптарға сай қайта құрылады. Маркетологтардың әлеуетті клиенттердің қажеттіліктерін, олардың қалаулары мен тілектерін табу үшін анағұрлым бай базаны алуы – ақпараттық технологияның артықшылығы болып табылады.

Практикалық тұрғыдан алғанда, компаниялар кірістердің ықтималды өсуін өз қызметтерін ішкі оптимизация жасаудан көреді. Процесс тиімділігі мен шығындарды шектеу, ең қызықты бөлік болмаса да, оңтайлы кірістілік үшін маңызды. Олар сонымен қатар жаңа нарықты кеңейтуге және жаңа клиенттерді тартуға инвестиция салудан бұрын қолдануға болатын ең жақсы тәжірибелерді ұсынады.

Тұтынушының таңдауын тікелей басқару фактісіне қол жеткізу үшін ақпараттық жүйелерді қолданатын кәсіпорын тиімді жағдайда екені анық. Клиенттің таңдауын басқаруға қол жеткізген кез-келген адам сатылым көлемін ұлғайтуға және кірісті көбейтуге мүмкіндігі бар. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып жеке бизнестің инновацияларын таныстыру, тұтынушыға компанияның тек жағымды жақтарын көрсетуге мүмкіндік береді. Технологияның дамуы бізді қайда апаратынын және тағы қандай сынақтар бәсеңдетуі мүмкін екенін нақты болжау қиын. Осыған қарамастан, қазіргі қосымшалардағы жетістіктер мүмкін емес нәрселерді жасауға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Главные IT тренды 2021 года //Azoft URL: https://vc.ru/azoft/188550-glavnye-it-trendy-2021-goda
  2. Груздеева, Г.Ж. Современные концепции формирования информационной культуры: сравнительный анализ [Электронный ресурс]: — Нижний Новгород: Вестник Миниского университета. — 2017. — № 4. — С. 29-36. URL: https://e.lanbook.com/m/reader/journalArticle/295742/#1
  3. Остроух, А. В. Интелектуальные информационные системы и технологии: монография [Электронный ресурс]: — М.: Лань, 2019. URL: https://e.lanbook.com/book/115518
  4. IT-специалисты обязаны пандемии систематической переработкой – исследование // d-russia URL: https://d-russia.ru/it-specialisty-objazany-pandemii-sistematicheskoj-pererabotkoj-issledovanie.html
  5. IT INDUSTRY OUTLOOK 2021 // compTIA URL: https://www.comptia.org/content/research/it-industry-trends-analysis

Женисов Куаныш Батырханович
Марқабай Жанқұт Нұрланұлы
Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ, 

Ғылыми жетекші:
Кыдыралина Лязат Мухтаровна
Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ, PhD

Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын

Иллюстрация: Freepik.com

1. Бiрiншi орында — жылы/ыстық су, әрине. Мұны менiң оқырмандарым жақсы біледi. Асқазан-iшек жолдарын оятып, тұла бойымыздан токсиндердi шығаруда, зат алмасу процесінде, дененiң термобалансын сақтауда маңызы зор.

2. Көк шай, шөп шай. Әсіресе зiмбiр шайы. Мұндай шөп шайлардан ағзаңызға ең қажеттісiн таңдай бiлiңiз. Зiмбiр шайы, мысалы, ас қорытуға көмектесiп, гастриттi емдеуге елеулі үлес қосады. Токсикозды басады.

3. Кепкен, мұздатылған жемістерден компот. Бұл бойында дәруменi мол сақталатын маңызды сусын. Аурухана мен балабақшада бекер бермейтiн түсінген боларсыз.

4. Клюква морсы. С дәрумені мол. Обыр ауруының, жүрек қан-тамырлары ауруларының алдын алады. Шаршағанды, бас ауруын басады.

5. Қызанақ шырыны. Ең дұрысы — үйден дайындау. Бұл нағыз табиғи антиоксидант. Зиянды холестериндi ағзадан шығарады. Жүрек, буын ауруларын болдырмайды. Тiптi қант диабетиктерiне де еш қауіп төндірмейдi. Аштықты жақсы басады.

6. Ешкі сүтiнен айран. Асқазанның микрофлорасын қалыпқа келтірiп, пайдалы бактериялармен қамтамасыз етеді.

7. Анар шырыны. Қандағы гемоглобин деңгейін көтереді. Қан қысымын реттейдi. Бұлшықеттердi нығайтады.

8. Бұлардан бөлек, сау ағза үшiн «САССИ» сусынын ерекше атап өткiм келеді. Асқазан-iшек жолдарын тазалауға таптырмас сусын. Адамға күнiбойы сергектік сыйлайды. Салмақ тастайсыз. Дәрумен мен минералға да бай. Құрамы: су + зiмбiр +жалбыз +? + ?.

Басқа материалдар:

  1. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  2.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  3. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  4. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  5. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  6. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  7. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  8. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  9. «Денсаулық басты байлық»
  10. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  11. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  12. Тарының ағзаға пайдасы көп

Тауриннің пайдасын білесіз бе?

Freepik.com

 Адам ағзасы үшiн аса пайдалы, әсіресе өтке өте  керек амин қышқылы — ТАУРИН туралы қызықты мәлімет.

Таурин сөзiнiң — «taurus», яғни «өгiз, бұқа» деген сөзден шыққан. Шынында да бұл амин қышқылы көбіне жануарлардан алынатын ет, сүт өнімдерінде, жұмыртқада кездеседі.

Сондай-ақ балық пен теңіз тағамдарында да баршылық. Ал енді осы маңызды амин қышқылы адам ағзасында жеткiлiксiз болса не болмақ?

Онда ми, жүйке жұмысы, зат алмасу процесі, iшкi органдар — асқазан-iшек жолдары, бауыр, бүйрек, өт қызметі бұзылады. Сәйкесiнше бойда талай сырқат та пайда болады.

Сондықтан дұрыс тамақтанып қана қоймай, органдар жұмысын жақсартатын дәрумендер кешенiн, пайдалы препараттарды қабылдап отыруды дағдыға айналдырыңыз!

Тауриннің пайдасы:

— Бауыр мен өт жұмысын жолға қояды. Өттің бөлiнуiне жәрдемдеседі
— Ағзадағы барлық қабынулардың алдын алады
— Iштiң желденуiне бiрден бiр ем
— Ақуыз, май, миероэлементтердiң алмасуын реттейдi
— Энергияның өте мол көзі ( энергетикалық сусындардың құрамына да сол үшін қосады)
— Метоболизмдi реттейді
— Есте сақтау қабілетін жақсартады
— Көз ауруларының алдын алады әрі емдейді
— Қант деңгейін нормада ұстауға көмекші
— Терiнi ылғалдандырады
— Майлар мен дәрумендердiң ағзаға жақсы сiңуiне себепші болады.

Ал осы тауриндi тағамнан бөлек, препарат күйінде қабылдауға дәрігерлер  кеңес береді.

Өйткені тағам құрамында болғанымен ол күнделікті рационымызда кездеспесе, керектi дозаны да ала алмайтынымыз анық.

Басқа материалдар:

  1. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  2.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  3. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  4. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  5. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  6. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  7. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  8. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  9. «Денсаулық басты байлық»
  10. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  11. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  12. Тарының ағзаға пайдасы көп