Иммунитетіңізге пайдалы сусындар

0
991
Иллюстрация: Freepik.com

Иммунитетіңіздің жиі әлсіреп, әртүрлі ауруға душар болмауы үшін дұрыс тамақтану қажет. Жеміс-жидектер мен көкөністердің сіздің денсаулығыңызға тигізер пайдасы өте көп.

Өйткені олардың құрамында дәрумендер, минералдар, антиоксиданттар көптеп кездеседі. Ал сусындарына келетін болсақ, түрлі-түрлі аурудың алдын алып, ас қорытуға көмектеседі. Күнделікті өмірде сусын ішіп тұрыңыз. Себебі сусын дәмді әрі пайдалы.

Назарларыңызға иммунитеттеріңізге өте пайдалы сусындарды ұсынамыз.

1. Сәбіз сусыны.

Сәбіз сусыны дәмді және арзан. Ол еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ұнайды. Оның құрамында В тобындағы дәрумендер, С дәрумені, натрий, калий, фосфор, темір бар. Бауырыңыздың жақсы жұмыс жасауына әсер етеді.

2. Қызылша сусыны.

Бұл да арзан сусын. Оны көбіне алма немесе сәбіз сусындарымен араластырып ішеді. Алайда қызылша сусынының емдік қасиеті ерекше. Оның құрамында кальций, темір, марганец, хлорлы калий, С дәрумені секілді пайдалы заттар бар. Қызылша сусыны қаныңызды тазалап қана қоймай, миыңыздың да дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Қызылша сусының көбіне шығармашылық жолында жүрген адамдар сүйіп ішеді.

3. Лимон сусыны.

Лимон сусынының құрамында С дәрумені және антиоксиданттар өте көп. Қышқыл дәмді сусын болса да, адамды әлдендіруде әжептәуір әсер етеді. Бір стақан лимон сусынының өзі сіздің иммунитетіңізді көтереді.

4. Брокколи сусыны.

Қызылша сусыны сияқты бұл сусынды да басқа шырындармен араластырып ішу керек. Әйтпесе денсаулығыңызға зақым келуі мүмкін. Құрамында иммунитетті әлдендіретін күкірт, калий және В1 мен С дәрумендері бар. Сонымен қатар брокколи сусыны белоктарға бай. Бұл сусынды көбіне спортшылар ішеді.

5. Мүкжидек сусыны.

Бұл сусынды араластырудың қажеті жоқ. Өйткені ол онсызда тәтті. Құрамында С дәрумені мен мықты антиоксиданттар бар. Иммунитетіңізді нығайтуға көмектеседі.

6. Киви сусыны.

Ішінде салмасы бар үлпілдек жеміс сізді жүрек ауруларынан құтқарады. Сонымен қатар иммунитетіңізді А, С, Е, К дәрумендерімен байытып, әлдендіреді. Және ол өте дәмді.

7. Алма сірке суы.

Бұл дайын коктейль. Сірке суы иммундық жүйені жақсартса, алма сусыны денсаулыққа пайдалы фосфор, кальций, темір сияқты заттарды сіңіреді. Сірке суы арықтауға да көмектеседі. Алайда бұл сусынмен абай болу керек. Дәрігерлермен кеңесіп, уақытында ішкен дұрыс.

8. Көк шай.

Көк шайдың құрамында вирустарды жоятын галлат және эпигаллокахетин атты химиялық қосындылар бар. Соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, көк шай тіпті қатерлі ісіктің де алдын алады екен.

Бұл сусындардың қай-қайсысы да сізге аурудың не екенін ұмыттырары анық. Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі екенін естен шығармаңыздар.

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ