Этиканың пәні мен болмысы

0
2470
Freepik.com

Жоспар:

  1. «Этика» терминінің этимологиясы.
  2. Этика пәні нені зерттейді
  3. Этиканың тарихы мен теориясы
  4. Этика пәні,  оның мақсаты

Мақсаты: студенттерге этика пәні,  оның мақсаты және гуманитарлық білім жүйесіндегі орны бойынша білім беру.

Этика әлем  халықтарының  әдеп жүйесін, моральды, адамгершілік мәдениетін зерттейтін философиялық пән. «Этика» термині ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген.

Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр. Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мораль» «адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әртүрлі анықтамалар беріледі. Кейде бұл терминдер бірге өмір сүру барысында қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болған.

Егер біз этиканы рационалды пайымдалған моральмен байланыстырсақ, онда төмендегі қағидаларды айқындау мүмкіндігі бар және олар әдептің реттеушілік табиғатына қатысты. Этика үшін жақсылық ұғымы оның басты ұғымы болды және бола береді, оның басты мақсаты – адам өміріндегі қайырымдылық пен зұлымдықтың қайнар көзі мен табиғатын, себептері мен тетіктерін анықтау.

Бұл мәдениет жүйесіне оның рационалдық-логикалық бастамасы ретінде адамның өмірдегі әдептік-адамгершілік көріністерін рационалды ойлау тіліне аударуы арқылы енеді.

Этика – ғылымның маңызды саласы, әдеп — қоғамдық алғышарттардың саласы, адамгершілік – адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру саласы. Этика практикалық философия ретінде, адам өмірінің күнделікті қажеттіліктерін бағдарлайтын ғылым ретінде туындайды. Әдеп, адамгершілік дегеніміздің өзі не? Әдеп –  этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастардың түрі.

Адамгершілік — жеке тұлғаның ізгілік еркіндігінің, оның және жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептермен үйлесуінің қайырымдылыққа ұласатын адамның шығармашылығы бағытының саласы.

Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дауының белгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Мораль  адамдық қарым-қатынастарды реттеу  сатыларымен байланысты.

а) Табыну сатысы адамның «Біз» феноменімен көрініс табатын әлеммен біртұтастығын, оның әлем мен басқа адамдардан ажырамайтығын, адамның дүниетанымының басқалармен біртұтастығын білдіреді.

ә) Мәдениет сатысы адам қызметінің және адамдық ерекшеліктердің алун түрлілігі жағдайындағы мәдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, әділдік пайда болады. Мәдениет сатысы өркениеттің пайда болуымен аяқталады.

б) Әлеумет сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары борыштың әлеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда әлеуметтендіріледі де, әлеуметтік және құқықтық нормаларға айналады. Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді.

Егер алдыңғы сатыда біз гуманистік этика (фр. humanite – адамды сүю) туралы сөз қозсақ, бұл сатыда әдеп жөнінде пікірлер айтылды. Әлеуметтік этиканың ерекшелігі – ол жекелеген, нақты бір адамның емесе, социумның мүдделеріне бағытталған. Адам бұл этикада қоғам әсер ететін объект ретінде немесе басқа социум (қоғамның немесе белгілі бір әлеуметтік институттың бөлігі) ретінде көрініс табады.

Әлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүріс-тұрысының сыртқы келбетіне, оның этикеттік имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы әсер мен жеке мінез-құлық арасындағы ішкі шиеленіс жетіп, ол сыртқы қарама-қайшылықтардан көрініс

Моральдың гносеологиялық қайнар көздерінің қатарында ерекше орынды антропология иеленген.

Антропология – адам туралы ілім. Табиғи-ғылыми және медициналық антропология тірі ағзалар әлеміндегі адамның орнын анықтайды. Оған анатомия, физиология, нәсілдер тулары ілім және тағы басқа жатады. Моральды нормалар мен құндылықтар жүйесі ретінде талдау оны статикалық жағдайдағы қоғамдық құбылыс ретінде көруге мүмкіндік береді. Моральдық таңдау көзқарасы тұрғысынан моральды танып-білу оның динамикалық жағын ашуға, қоғамдық қатынастаржүйесіндегі нормалардың, қағидалардың, адамгершілік құндылықтардың және бағалаудың қызметін көтеруге мүмкіндік береді.

Этикадағы нормативтілік сәтін ғылымда жиі атайды: «Этика – болуға тиісті туралы ғылым ретінде, адамгершілік заңы, принциптер, ұждан қағидалары, нағыз адамшылық қағидалар туралы ғылым ретінде болғандықтан абстрактылы сипатты иеленбеуі мүмкін емес. Болуға тиісті туралы ғылым ретінде болғандықтан ол адамның адамгершіліктік, шығармашылдық-өзгерткіштік идеалдының табиғаты туралы да ғылым»

Адамгершіліктік еркіндік құбылысына негізделетін моральдық таңдау мен қойылған мақсаты жүзеге асыру арасында сәйкессіздік пайда болады. Бостандық деген шексіз ерік емес, еркін тілектерді орындау емес, танылған қажеттілік негізіндегі адамның жеке жауапкерішілігі дегенді білдіреді. Бұл жерде қайырымдылық пен тиістілік ұғымдарын сипаттайтын адамгершілік мақсат, мотив, жауапкершілік пен ақталудың мәні зор.

Шығармашылық жолындағы әрбір адам бастапқыдан еркін, азат, шығармашылық бостандыққа ие болуға тиіс. Әйтсе де әрбір шығармашылық актісінен, істен немесе әрекеттен соң адамгершілік мақсат пен талапты іштей қабылдаудың, ақтық ұғынудың нәтижесін бейнеленген сенім – пікір қалыптасатын бағалау кезеңі, моральдық ақталу, айыптау немесе қолдау сәті туады.

Адам  кең жүйедегі ойлауға көшеді, өйткені көз жеткізу, сену – танымдық факторлар, бағалау өлшемдері мен тәртіп мотивтері шоғырланған дүниетаным негізі болып табылады.  Этика тарихында түсініктің бұл бағыты әрқашанда кардиналды деп саналды, өйткені дүниетаным — тұлғаны, оның қажеттіліктері мен мотивтерін зерттеудің алдын алады.

Қоғам, әлеуметтік орта адам тіршілігінің басты белгілері: кез келген адам бүкіл адамзаттың өкілі болып табылады. Оның индивидуалдылығы барлық адамға ортақ адам тіршілігімен шартталған. Сондықтан адамзаттың жалпы сипатын қарастыру тұлғаны, адам индивидуалдылығының қасиеттерін зерттеуден басталуға тиіс [2, 45 б.].

Адамдардың тарихи жаттануында өзінің бұқаралық болуына қарай әлеуметтік жаттануына мүмкіндік беретін ұждан үлкен роль атқарды. Ұждан — қажеттілік және дағды ретінде көрінетін, тиісті — жеке дағды мен өзіндік бағаға айналатын парыздан тікелей туындайды. Өзіндік баға ретінде ұждан тұлғаның қоғамда өз орнын анықтай алу қабілетін көрсетеді. Ұждан — тұлғаның моральдық дағдыларында іске асатын, моральдық жауапкершілік пен бейконформизмді білдіретін интимді сенім, «бейсаналық әмірші».

Пысықтау сұрақтары:

  1. Этика пәнінің зерттеу нысаны мен құрылымына сипаттама    беріңіз.
  2. Этика пәні нени зерттейді? Маңызы қандай?
  3. «Әдеп», «ақылақ», «мораль» «адамгершілік» сияқты ұғымдарға түсініктеме беріңіз?
  4. Этика пәні,  оның мақсаты және гуманитарлық білім жүйесіндегі орны қандай?

Дереккөз: ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
  2. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
  3. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.
  4. Терминге қойылатын талаптар
  5. Көркем троптар, олардың түрлері
  6. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  7. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  8. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  9. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  12. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ