Күлкі — жанның шипасы. Күлкі күніне арналған кеш сценарийі

0
2863
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты:

а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау
б) Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу
в) Ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу

Зал іші «Күлкі – жанның шипасы» атты мерекеге орай безендірілген (түрлі түсті шарлармен, көңілді смайликтермен)

Балалар әуенмен жарты шеңбер жасай отырады.

Жүргізуші: Уа халайық, халайық!
Бәріміз құлақ салайық,
Бүгінгі күлкі күнінде,
Ойын ойнап, 1 күліп,
Көңілді көтеріп алайық.

Жүргізуші: Балалар бүгін қандай күн?
Балалар хормен: Күлкі күні!

Жүргізуші: — Балалар мен бүгін
Алдар көсе атамыздан хат алдым.
Ол өзімен ойын тапсырмалар ала келеді екен.

Біздер соған дайын болуымыз керек.
Әнекей Алдар көсе атамыз келе жатыр.
Алдар көсе кіреді.

Алдар көсе: — Күнім қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Бүгін бізде мереке,
Күлкі күні ерекше.

Балалар менің хатымды алдыңдар ма?

Балалар хормен: — Я Алдар көсе:
— Ендеше мен сендермен цирк ойынын ойнағым келіп тұр.
Менің сиқырлы қапшығымда сиқырлы шарлар бар.
Қане ойынымызды бастайық!

Ойын: «Кім епті» Мазмұны: Ортаға 1 – 2 баладан шығып, кішкентай шарларды
Алдар көсенің шляпасына лақтыру керек.
Ойын көрермендермен де ойналады. Алдар көсе:

— Балалар көңіліміз көтеріңкі болу үшін бізге тағы кім қажет, қане ойланайықшы, ол адаммен сендер жаңа жылда т. б. мерекелерден танисыңдар.

Балалар хормен: С — А — Й — Қ — Ы — М — А — З — А — Қ

Сайқымазақ кіреді:

— Күлмейтінді күлдірген,
Жүрген жерін бүлдірген,
Көп ойнап, көп күлген,

Сайқымазақ мен боламын. Бәріңізге күлкі күнімен!!!
Мен сіздерге күлкі сыйлағым келеді.

Балалар мына смайликті өз түрлеріңмен көрсеткендеріңді қалаймын (смайликтер таратылады).

Ойын: «Менің бейнем»

Мазмұны: Қолымыздағы смайликтерге қарап көрсетілген бейнені өз бет әлпетімізбен көрсетуіміз керек.

Ойын көрермендермен де ойнатылады.

Би: «Сайқымазақпен би»

Жүргізуші: Күлкіні іздеме, ол өзіңде,
Күлкіні бағала өзің де.
Жаныңа шипа ем беретін,
Күлкі ғой бағалы өмірде. – деп ақын ағаларымыз жырлағандай таңдарыңызды күлкімен атырып, кештеріңізді күлкімен батырыңыздар. Езулеріңізден күлкі тиылмасын,– деп сіздермен қоштасамыз.

Басқа материалдар:

  1. 1 сәуір — күлкі күні
  2. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  3. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  9. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  10. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  11. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ