Кептер (көгершін) мен қараторғай туралы ақпарат

0
5540
кептер

Кептер (көгершін) — адам үшін пайдалы, өте момын құстардың бірі. Көп адам бос уақытында кептер өсірумен шұғылданады. 

Кептер барлық елде тіршіліктің , бейбітшіктің, сүйіспеншіліктің белгісіне айналған. Кептер — адамның өте ертеден қолға үйреткен құсының бірі. Ертедегі теңіз саяхатшылары көгершіндерді бір елден екінші елге апарып, олардың кеңіректаралуына себепші болған.

Олардың адам өміріндегі тигізетін пайдасы көп-ақ. байланыс кептері, етті кептер, спорттық және сәндік үшін өсірілетін кептерлер болып бөлінеді. Кептерле үй шатырына ұя салады. Оның ұрғашысы 1-2 жұмыртқа салып, еркегімен кезектесіп басады. Бейбітшіліктің құсы — кептерді қорғау керек.

Қараторғай. Ол — өте тамаша әнші құс. Әр жылы көктемде қанатты достарымыз — қара торғайларды ұя жасап қарсы алу дәстүрге айналған.

Қараторғай Қазақстанның көп жерлерінде кездеседі. Ол жыл құстарының қатарына жатады. Суық түсе бастаған кезде-ақ оңтүстік аймаққа ұшып кетеді де, көктемде туған еліне бірінші болып қайтып оралады. Алғашқы келген кезде көпшілік уақытын далада, өзен аңғарларынлда, бау-бақшаларда жүріп, күні бойы өздеріне қорек іздейді.

Сәуірдің басында ұя салатын жерді ыңғайластырады. Бау-бақша ішіндегі ескі ағаштардың қуысын, өздеріне арнайы жасалынған ұяларды меншіктейді. Көп кешікпей ақшыл көк 5-6 жұмыртқа туып, басып шығарады. Балапандары өте қомағай келеді.

Ата-енесі оларға таңертеңнен қараңғы түскенге дейін дамылсыз тамақ тасиды. Ол балапандарын қоңыз немесе оның дернәсілдері, жалаңаш шышыр сияқты жәндіктермен қоректендіреді. Сонда қараторғайдың бір ғана жанұясы күніне 2 мыңнан артық әртүрлі зиянкестерді құртады екен.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Қарлығаш пен құз көктекесінің айырмашылығы қандай?

  2. Қазақстанның құстары. Үкі мен құр

  3. Қоқиқаз бен аққу құсы

  4. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  5. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  6. Көксерке мен қортпа балығы

  7. Алабұға және сазан балығы

  8. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  9. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  10. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  11. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  12. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  13. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  14. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ