Кофеден қалай бас тартуға болады?

0
562
Иллюстрация: Freepik.com

Осы отырған көпшілігіңiз күндi ыстық кофемен бастайтын шығарсыз, ә?  Бекер! Бiрден «кофе ұйқыны ашады, сергiтедi, энергия береді» деуiңiз мүмкін. Бұның бәрі бос сөз! Одан да мынаны оқыңыз:

КОФЕ :

-Тәуелділік тудырады

-Домафин гормонының бөлiнуiн азайтады, демек еңбекке қабілеттілік де төмендейді.

-Темiрдiң ағзаға сiңуiн бәсеңдетедi. Темiржетiспеушiлiк анемиясы да осыдан туады.

-Миға әсер ету арқылы стресске бейiм етеді.

-Құрамындағы кофейн ағзаны құрғататын қасиетке ие. Сол арқылы микробиотаны «кептіріп жiбередi» десе болады. Мұның салдары созылмалы iш қату — запорға соқтырады.

-Бүйрек үсті бездері (надпочечники) арқылы ағзадағы инсулиндi арттырады. Бұның соңы себепсіз салмақ қосуға әкеледі

-Тамақ жемей-ақ жалғыз кофенің өзi асқазан қышқылын көп бөлдiре алады. Демек язва мен гастритке душар етеді

Ендеше бұдан қалай бас тартуға болады:

— Оған «таңғы рәсім» (ритуал) деп қарағанды қойып, орнын ыстық су iшумен алмастырыңыз. Ыстық су 2 есе пайдалы!

— Үйге мүлдем кофе сатып алмаңыз. Сатып алып та iшпеңiз.

— Дұрыс тамақтануға көшiңiз. Пайдалы тағам күш береді. Әсіресе рационға пайдалы майлар қосыңыз. Тоқ, энергиясы тасып жүрген адам кофе iздемейдi.

— Ұйқыға ерте жатыңыз. Ұйқы қанып, толық тыныққан ағзада шаршау-шалдығу жоқ. Еңбекке қабілеттілік те қалыпты болады.

— Магний қабылдаңыз. Бұл миды, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сәйкесiнше кофеге тәуелдiлiктен құтыласыз.

— Ағзаны жиi тазалап тұру керек. Сонда кофесiз-ақ көңiлдi һәм сергек жүресiз.

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ