Мақсат қою және оған жету құпиясы

0
2362
Иллюстрация: Freepik.com

1953 жылы Success журналы мен Йель университеті бірлесе қызық зерттеу жүргізген. Зерттеу барысында мамандар бір топ студентке 3 сұрақ қояды:

1. Алдыңа мақсат қоясың ба?
2. Мақсатыңды қағаз бетіне жазасың ба?
3. Мақсатқа жету үшін әр қадамы нақты жоспарың бар ма?

Студенттердің 3%-ында ғана мақсаттары қағаз бетіне түскен және оған жететін анық жоспары бар екен.

13% студентте мақсаты болған, бірақ еш жерде жазылмаған. Тек ойында жүрген мақсат. Жоспары да жоқ. Жай ғана арман секілді.

84% студенттің мақсаты мүлде болмаған. Құр өмір ағымымен жүзіп, ойық-сауық, көңіл көтеріп жүрген адамдар.

20 жыл өткен соң Success журналы сол адамдардан тағы сұрастырады. Әлгі, 13% адамның (Мақсаты бар, алайда қағазға жазбаған) орташа жалақысы мақсаты жоқтарға қарағанда 2 есе жоғары екені белгілі болған.

Ал, мақсаты айқын және оған жету жолы жазбаша жоспарланған (3%) адамдардың орташа айлық табысы басқалармен салыстырғанда 10 есе жоғары екені анықталған.

Табысың басқалардан 10 есе жоғары болатыны — мақсатты жазбаша, жоспарлап қоюға тамаша себеп деп ойлаймын. Қазір мақсаты жоқ адам 20 жылдан кейін 150.000 тг айлық алса, сенің табысың +1.500.000 теңге болуы мүмкін.

Жарайды, мақсат қоюдың маңызын түсіндік. Енді оған жету жолдарын қарастырайық. Ол үшін сенде керемет жоспар болу керек. Мақсатыңды бөлшектеп байланыстыру қажет. Қадамың айқын болсын.

Мысалы, мақсатың — грант жеңіп алу.

Қадамдар:

1. Қалау. Жете түсініп, өзің қалауың керек сол грантты. Ата-ана, ұстаз т.б айтқандары емес.

2. Сену. Грант жеңетініңе сенуің керек.

3. Мақсатыңды қағаз бетіне жаз.

4. Грантқа түскеннен не ұтасың? Не үшін міндетті түрде грант жеңуің керек?

5. «А» және «Б» нүктелеріңді анықтап ал. Қазір тестілеужден неше балл жинап жүрсің? Сол сенің «А» нүктең. Нағыз ҰБТ-да қанша балл жинағың келеді? Сол «Б» нүкте. А-дан Б-ға жету үшін не істеу керегін бір сәт ойлан.

6. Мерзімін белгілеп қой. Шынайы болсын. Қазір 50 балл алып жүріп, «1 айдан кейін +100 жинайм» деген мақсат қойма.

7. Грант жеңіп алуға кедіргі боп қалатын нәрселерді анықтап, соларды шешіп ал. Ол — әлеуметтік желіге тәуелділік, сериал, бос қыдырулар, ұйқының дұрыс болмауы, т.б

8. Қасыңа өзің секілді грантқа үміткер адамдарды жина. Бір-біріңе шабыт беріп жүріңдер. Жаныңда ондай оқушы болмаса, әлеуметтік желі арқылы табуға болады.

9.  Зың қылып жоспар құр. Егжей-тегжейлі, нақты, толық болсын

10. Визуалда. Грант алғаныңды елестет. Грантқа ілінгендердің тізімінде өзіңнің аты-жөнің жазулы тұрғанын елестет. Қандай сезімдесің? Көбірек визуалда. Бұл мықты түпсанаңды іске қосады.

11. Табандылық! Грант жеңем деп табандылық көрсет. Ешқашан кеш емес. Берілме. Жаман ойлардан арыл. Тек қана позитив ойла. Бәрі жақсы болады.

12.  Мақсатқа жетудің құпиясы — кез келген мақсатты майда қадамдарға бөліп, соларды тұрақты түрде орындау. Бар болғаны сол.

Басқа материалдар:

  1. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  2. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  6. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  7. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  8. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  9. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  10. Помодоро әдісі және оның пайдасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ