Мақсатты дұрыс қоюдың және оған жетудің 5 тәсілі

0
1057
Иллюстрация: Freepik.com

⠀1. Мақсат санын қарастырыңыз

Алдағы 90 күнде қол жеткізгіңіз келетін маңызды мақсаттарыңызды жазыңыз. Бес-алты мақсат қалдырыңыз, өйткені біздің санамыз көп мөлшердегі артық ақпаратпен жұмыс жасай алмайды. Санамыз үшін бір уақытта тек бірнеше тапсырмамен жұмыс атқару оңай әрі тиімді болады.

2. Басты мақсатты анықтаңыз

Енді сіз осы мақсаттардың қайсысы сіз үшін маңызды екенін анықтауыңыз керек. Сіздің басты мақсатыңыз — басқа мақсаттарыңыздың көпшілігіне қолдау көрсету мүмкін. Алдыңғы кезеңде сараптап алған мақсаттарыңыздың арасынан ең маңызды, басты деген мақсатты анықтай отыра, сіз өзіңіздің ең басты қандай жетістікке ұмтылып жатқаныңызды біліп отырасыз.

3. Себебін анықтаңыз

Енді сізде бір мақсат бар, ең маңызды сұраққа жауап беретін уақыт келді: неге? Неліктен оған қол жеткізу маңызды? Жауапты сіздің жеке сезімдеріңіз ұсынуы мүмкін. Ойыңызға жауап келмей жаста, онда келесі сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз:

1. Мен бұған неге қол жеткізгім келеді?
2. Бұл мақсатқа жетуге маған не қажет?
3. Осы мақсатты іске асырған кезде мен не сезінемін?
4. Бұл нәтижемен мен не істей аламын?

4. Мақсатыңызға қол жеткізгеніңді елестетіңіз

Өз ойыңызды «бейімдеу» үшін мақсаттарды көзбен көру керек. Осы уақытқа дейін сіздің барлық әрекеттеріңіз жоспарларды дайындаумен байланысты болды. Көбісі бұл кезеңге дейін жетпей де қалады, ал сіз осы қадамға дейін жеткендердің бірі боласыз. Егер де, сіз өзіңіздің мақсатыңызға жеткеніңізді елестетсеңіз, сізге бұл жақсы мотивация болып сізге жаңа күш береді.

5. Көмекші әдеттерді қалыптастырыңыз

Сіздің мақсатқа жетудегі жолыңызда жақсы көмек бола алатын нәрсе, ол пайдалы әдеттер. Мәселен, әрдайым жаңа нәрсені үйрену процесінде болу және оны практикада қолдану, тәжірибие жинап, қателермен жұмыс жасау секілді заттарды әдетке айнылдырсаңыз, бұл сіздің мақсатыңызға тезірек қол жеткіздіреді.

Басқа материалдар:

  1. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  2. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  6. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  7. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  8. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  9. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  10. Помодоро әдісі және оның пайдасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ