Махамбет: ақын, айбын, аңыз (сабақ жоспары)

0
2544
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Махамбет Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, ақындық шеберлігін таныту, оқушылардың ой- өрісін, танымдық біліктілігін арттыру, дүниетанымын кеңейту;

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастыру,алған әдеби білімдерін тарих сабағынан жиған білімдерімен тұжырымдап, өзіндік түйін жасауға, өзіндік бағалауға үйрету. Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

Тәрбиелілік: Туған жерді жан аямай Махамбетше сүюге,бабалардың ерлік рухын сезінуге, ерлік поэзиясынан мейірі қанғанша сусындауға тағылымдау. Сонымен бірге Махамбеттің ерлік рухын әз бойында сезініп,одан рухани күш-қуат алуға тәрбиелеу. Исатайдың ерліктерінен ерлік қасиетті бойларына сіңіру.

Көрнекілігі: Махамбеттің суреттері, сызба- кестелер, оқиға суреттері –бәрі
интерактивті тақтада көрініс табады.

Сабақтың әдісі: Интерактивті оқыту.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.
Оқушылардың әр компьютерге орналасуын , жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеру, сабаққа ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Сайф Сараи шығармашылығын «Гүлстан би-итТурки» («Түркіше Гүлстан») шығармасының мазмұны мен мәнін сұрап тексеру С.Сараи туралы жалпы сұрақтар қоя отырып тексеру

ІІ.Жаңа сабақ. 
Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы және «Ереуіл атқа ер салмай, «Жалғыздық», «Мен – құстан туған құмаймын», «Мұнар күн» өлеңдері.

Сабақтың жоспары

І.Кіріспе. Махамбет.
ІІ.Жырдың алмас қылышы.
ІІІ.“Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық», «Мен- құстан туған құмаймын», «Мұнар күн».
IV.Махамбеттің мұрасы.

І.Қызығушылығын ояту. Ой шақыру
-Балалар, тақтада батырдың бес қаруы, тұлпар ат, ақ қағаз және қалам бейнеленген. Бұл бейнелерді кімнің өмірі мен шығармашылығынан деп танумызға болады?

Балалар, олай болса, біздер дауылды жылдардың жалынды жыршысы болған Махамбет Өтемісұлының өмірі және шығармашылығымен таныспақшымыз.

Махамбеттің тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Беріш руынан. Махамбеттің әкесі- Өтеміс Құлманиязов Ішкі Ордадағы ауқатты, беделді, ханға жақын адам болды. Сонымен бірге әкесі руға ықпалды, сауатты екен. Ақынның ағасы Бекмағанбет те ханның он екі биінің бірі еді. Сондықтан Махамбет хан балаларымен бірге өсті. Біршама уақыт сарай ақыны болды. Махамбет бауырлары-Бекмағанбет, Қожахмет, Ыбырайым, Әйіп, Хасен.

ІІ.Мағынаны тану.
Жоспарымыз бойынша 2-«Жырдың алмас қылышы» бөлімінде Махамбеттің ақберен ақындығына  тоқталамыз. Дауылпаз ақынның жауынгер жырлары адамды  қанаттандырып, рухтандырып, аруақтандырып отырады.

Оқушылар мына сұрақтарға жауап беріп, Махамбеттің ақындығына талдау жасайды.

1.Махамбет қандай ақын?
2.Махамбет жырларының тақырыбы?
3.Кім қандай Махамбет өлеңдерін жатқа оқиды?

-Міне, балалар, бүгінгі әділдік, теңдік іздеген Махамбет жырлары сабағымыздың негізгі
бөлімі- «Исатай деген ағам бар» бөліміне де келдік. Әрине, Махамбет дегенде Исатай аты бірге аталып, Исатай-Махамбет деп, егізделе, көрнектеле, асқақ рухпен, шынайы мақтанышпен аталады. Оған себеп: тағдырларын алла қосқан, елінің бостандығы үшін күрескен, рухы бір,намысы бір.

Сондықтан ақын шығармаларының бір парасы үзеңгілес серігі Исатайға арналады. Бұл «Мұнар күн», «Жалғыздық«, «Ереуіл атқа ер салмай», «Мен- құстан туған құмаймын» т.б өлеңдері. Ұлт мұратын ту еткен, ел ардағына айналған Исатайдың адалдығы мен әділ істерін, ерлік үлгілерін бар қырынан жарқырата көрсетеді.

-Балалар, Исатай мен Махамбет есімдері қатар аталса да, егіз тағдыр десек те бірі-батыр-ақын, бірі-ұлт батыры. Сондықтан екі ұлт мақтанышының Венн диаграммасы бойынша өзіндік ерекшеліктерін табайық. Исатай бейнесін ашатын теңеулер өлең мәтінінен алынады.

Мәтінмен жұмыс
Махамбеттің мұрасы «Қалай өлсін ұлы ерлік, өмірлі өлең!» (Ж.Молдағалиев «Махамбет қабірі басында» өлеңінен бір жол) Ұлт тарихында ақындық өнерді өмірімен өрнектеп, батырлық болмысымен биіктеткен тұғырлы тұлғалар аса көп те емес.

Бірақ, бар. Махамбет Өтемісұлы-батырлық даңқын ақындық қуаты арттырған, сол арқылы биік белеске көтерілген бекзат болмыс иесі. Махамбет поэзиясы ұлт мұратын, ел-жер тағдырын, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді әр алуан қырларынан көрсетуімен
маңызды.

Махамбеттің ақындық өнері ұлт мұратына адалдықтан, ел-жер қадіріне құрметпен
қараудан, адамдық істі ардақтаудан, ерлік-батырлық істі қолдап, дос-дұшпан, жақсы-жаман ара-қатынасын әділ таразылаудан тұрады.

Ерлік табиғаты тылсым. Нағыз ерлер ер атанам деп ерлік жасамайды. Ерлік адамның өз
болмысынан шықпақ. Ерлік жасап атымды қалдырам дегендер де болады, бірақ олар туралы әңгіме бөлек. Ал, бүкіл болмысы, ғұмыры ерлікке толы жандар болады, міне, сондай адам-Ер Махамбет.(Ғ.Есім)

Үй тапсырмасы

  1. Махамбет өмірінің біздің өңірмен байланыстылығын ашып келу;
  2. Оның шығармашылығының сан тараулы жолдарын ұғынықты түрде талдау;
  3. Ақынның бір өлеңін жаттап келу.

Қорытынды
-Міне, балалар, осындай жауынгер жырдың жыршысы, Ақберен ақын Махамбет туралы жырдастан жазбаған ақын, қасиетті қара сөзден көркем кесте жасамаған қаламгер кемде –кем болар.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  11. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  12. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  13. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ