«Әнім сенсің, ару қалам — Балқаш!». Поэзия сағатының сценарийі

0
1260
Иллюстрация: Freepik.com

                        

Фанфар беріледі
Жүргізуші:

 

Армысыздар, құрметті балқаштықтар, қала қонақтары! Баршаңызды бүгінгі қала күні мерекесімен құттықтаймыз! «Әнім сенсің, ару қалам — Балқашым!»  атты жергілікті ақын-жазушылардың Балқаш қаласына арнау шығармаларын оқудан поэзия сағатына қош келдіңіздер!
Ведущий:

 

Добрый день, балхашцы и гости города! Мы рады приветствовать вас на вечере поэзии, посвященный нашему любимому городу Балхаш.
Жүргізуші:

 

Баршамыздың тағдырымыз Балқашпен жалғасқан. Балқаш десе жүрегіміз дірілдеп, кеудеміз күмбірлеп, қуанышымыз тасып тұрады. Балқаш бүгінде ұрпақтар ұясы, аңыздар атасы. Аталар даңқы көше аттарында қалды, граниттен қашалған бетінде қалды. Аңыз естеліктерде жаңғырды.

1938 жыл, қарашаның 24-і. Балқаш тарихының ең жарқын беті… Комбинаттың алтын әріппен жазылған шежіресі. Дүниеге ең алғашқы Балқаш мысы келді. Айналасы 10-ақ жылдың ішінде болашақтың әсем қаласы орнап, болашақ күндердің игілігіне бағышталған Балқаш мысы таң нұрындай алаулап туды.

Ведущий:

 

Для города годы становления – это годы рассвета, это судьбы десятков тысяч людей, которые в суровых условиях строили, добывали и обогащали руду, выпускали медь, цветной прокат и другую продукцию, возводили дома и цеха, растили, учили, воспитывали детей.

Любой балхашец сегодня о своем городе, о своей улице с гордостью может сказать: «Мой город, моя улица, где я живу прекрасны и я горжусь этим». На самом деле так и есть, ибо он построен золотыми и мастеровыми руками тех людей, о которых город вспоминает и долгие годы еще будет вспоминать с гордостью.

Сегодня Балхаш – это перспективный, красивый и процветающий город. Активно проводится работа по благоустройству, озеленению, строительству  и проведению хорошего досуга для жителей города.

И на камнях, где не росло и травки,

Встал Балхаш, заводами гремя,

А меж домов уже шумели парки

И множилась балхашская семья.

Казахи, белорусы, россияне,

Украинцы, татары, чуваши

Не перечислить всех, кто в казахстане

Для Балхаша трудился от души.

Ведущий: В нашем любимом городе известны имена людей, которые живут творчеством. Один из таких людей – это Коновалов Владимир Петрович — поэт, композитор, автор многих произведений. Это человек творческий, очень добрый и отзывчивый, любящий де­тей и стремящийся привить им любовь к песне — пользуется большим уважением детей и взрослых. «Душой озвученные строки» — это сказано о нём и его песнях.
 Ән
Жүргізуші:

 

Поэзия – адам баласының рухы. Поэзияға тән рухты әдебиеттің басқа жанрларынан табу қиын. Адам бар жерде поэзия бар. Өмірдің өзі – тұнып тұрған поэзия. Алайда сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, танитын талант, сезетін сезім керек. Сезіну бар да, сезімін сезімдерге айтып жеткізу, мойындату бар. Міне, осы тұста адамдар дараланады. Әр халық өзінің сезім дүниесінен енші бөліп, сеніп тапсырып, дүниеге өзінің сезімтал елшілерін жібереді. Оның аты – Ақын. Адамның сезімі – алынбас қамал. Ендеше, сол сезім қамалының жаулаушысы да, иесі де – ақын.
Жүргізуші:

 

Туған жерім, Балқаш құтты мекенім

Алыс кетсем аңсап саған жетемін.

Шежірелі, сырға толы тарихыңды,

Бәрін оқып, жырға қосып өтемін, — кезекті есімдері қаламызға танымал ақын ағаларымызға  берейік.

 

Әбіл Кәріпбайтегі ондаған жылдар бойы қасиетті өлең өлкесіне із салып, туған елінің тілін, тіршілігін, жырына арқау етіп келеді. «Аман бол, қараша там, қараша шал», «Тұлымды тұлғалар», жыр жинақтары жарық көрген. «Жұлдызды жырыммен жұрт жүрегін жылытсам», — деп армандайды Әбіл Жұмақожаұлы.

 

—         Сіздердің алдарыңызда қалаға арнау өлеңімен Әбіл Кәріпбайтегі.

(Әбіл Кәріпбайтегінің өлең оқуы)

Ведущий:

 

Пожалуй всем известен поэт, писатель Скляров Николай Данилович, который многие годы посвятил себя поэзии. Издал восемь полновесных  сборника стихов, 11 книг прозы, в которых воспеты лирика, размышления и жизненная мудрость.

—         Встречайте Скляров Николай Данилович

(Скляров Н.Д. өлең оқуы)

 

Жүргізуші:

 

Мөлдір Бөлекова өмір бойы ұстаздық қызметпен шұғылданып келеді. Алғашқы өлеңдері мектеп табалдырығында жүргенде-ақ, «Арқа еңбеккері» газетінде жарияланған. «Өлеңім менің, жан досым» атты жыр жинағы жарық көрді.

—         Алдарыңызда Мөлдір Бөлекова ханым

(Мөлдір Бөлекованың өлең оқуы)

Жүргізуші:

 

Нұрдос Кәрімов «Ақтоғайдан Алашқа» атты шағын эссе кітабының авторы. Аудандық, қалалық, облыстық мүшайраларының жеңімпазы. 2011 жылғы облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері. Бүгінде «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі. Қаламызды облыс, республика  көлеміне паш етіп жүрген жас ақынымыз.

—         Сахна төрінде Нұрдос Кәрім қала күніне жыр-шашуымен

(Нұрдос Кәрімнің өлең оқуы)

Ведущий:

 

Кушнеров Петр Елисеевич автор многих стихов,  темы которых разнообразны. Несмотря на свой почетный возраст, Петр Елисеевич продолжает вносить свой вклад в развитие творчества.

—         Встречайте Кушнеров Петр Елисеевич

(П.Е.Кушнеровтың өлең оқуы)

Жүргізуші:

 

Бақытжан Аринов Қарағанды, Семей, Жезқазған, Балқаш қалаларында өткен ақындар айтысының жүлдегері. Қарқарылының «Коммунизм таңы», Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері», Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» және аймақтық «Балқаш өңірі» газеттерінде өлеңдері жарық көріп келеді.

—         Қарсы алыңыздар Бақытжан Аринов

(Бақытжан Ариновтың өлең оқуы)

Жүргізуші:

 

Бағдат Мүбәрәк облыстық, республикалық жыр мүшәйралардың лауреаты. «Жалын» баспасынан «Құсни хат» атты жыр жинағы жарық көрді.

—         Сахна төрінде Бағдат Мүбәрәк

(Бағдат Мүбәрәктың өлең оқуы)

Жүргізуші:

 

Максат Куземханов призер городских и областных конкурсов стихотворцев.

—         Қарсы алыңыздар Мақсат Күземханов

(Мақсат Күземхановтың өлең оқуы)

Жүргізуші:

 

Балқаш — жастық қаласы. Өнер мен білім отауы. Спорт пен мәдениет ошағы. Мәдениеті гүлденген Көкше теңіздің жағасындағы жасыл желекті қала өнері де шарықтап биікке өрлеумен келеді. Бүгінгі поэзия сағатымызға  ақын ағаларымыздың ізін басып келе жатқан жастарымыз бар. Кезекті осы жастарымызға берсек.

Өмірбаев Абылайхан Азаматұлы №15 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Абылай өзі туралы: «Әр адамның бұл дүниеде өзінің таңдаған жолы болады.Сол секілді менің де өмірлік бағдарым бар. Жастайымнан өлең жазуға құмар болғандықтан, осы іспен айналысу-менің маңдайыма біткен-ау деп кейде ойлаймын. Сол себепті де, әдебиет- менің жаным мен тәнімнің бір әрі бірегей бөлшегі деп толық сеніммен айта аламын», — деген екен.

—         Қарсы алыңыздар сахнада Өмірбаев Абылайхан.

(Өмірбаев Абылайханның өлең оқуы)

Ведущий:

 

Бакиров Азамат студент колледжа актуального образования имени Ж.Акылбаева. Сочиняет и пишет стихи с раннего детства. Пишет о родном крае, студенческой поре и о любви.

—         Встречайте Бакиров Азамат

(Бакиров Азаматтың өлең оқуы)

Жүргізуші:

 

Сағынтай Шырын Абзалқызы қалалық және облыстық  Абай, Мағжан, Мұқағали оқуларының жеңімпазы, қалалық мүшайралардың жүлдегері. Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің жалпы бастауыш білім беру мамандығы бойынша оқиды.
Жүргізуші:

 

Ерлерім бар қадыр тұтар өткенін

Қайта оралтып өлгені мен өшкенін.

Елін сүйер азаматтар сау болсын,

Құтты болсын тойың бүгін текті елім.

Қадірлі қонақтар! Құрметті жерлестер! Бүгінгі қала күні мерекесіне арналған кешіміз өз мәресіне жетті. Қаламыздың әрбір отбасына қуаныш, шаттық, бақыт орнасын. Қала күні құтты болсын!

Ведущий:

 

Мы еще раз поздравляем всех с днем города! Мы благодарны нашим поэтам и писателям, за ваши песни, труд, за ваш след на балхашской земле! Пусть муза поэзии вас никогда не покидает! Здоровья и всех благ! С праздником, дорогие балхашцы!

 

Басқа материалдар:

  1. 1 сәуір — күлкі күні
  2. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  3. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  9. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  10. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  11. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ