Нуклеин қышқылдары

0
2510
Иллюстрация: Freepik.com

Нуклеин қышқылдарының екі түрі болады: ДНҚ және РНҚ — мономері нуклеотид болатын биополимерлер.

Нуклеотидтің құрамы:

  1. Рибоза немесе дезоксирибоза.
  2. Азотты негіз — аденин, гуанин, цитозин, тимин, урацил.
  3. Фосфор қышқылының (H3PO4) қалдығы. Азоттық негіздің комплементарлығы А-T (ДНҚ), А-У (РНҚ), Г-Ц.

ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) молекуласы — бір-бірімен кезектесіп тізілген дезоксирибоза қанты мен фосфор қалдықтары бар қос оралымды екі полимерлі жіпші түрінде болады. Полимерлік жіпшенің әрбір қант қалдықтарына түзу бұрыш бойында азоттық негіздердің біреуі (А, Г, Ц, Т) байланысады.

Екі полимерлік жіпше өзара бір-бірімен екі жіпшедегі азоттық негіздердің арасында (А-Т, Г-Ц) сутектік байланыстың түзілуі нәтижесінде байланысады. Яғни бір жіпшедегі А екінші жіпшедегі Т-мен сутекті байланыс түзеді. Аденин мен тимин арасында екі, ал цитозин мен гуанин арасында үш сутектік байланыс түзіледі, осыны азоттық негіздердің комплементарлығы дейді.

ДНҚ қызметтері:

  • тұқымқуалаушылық ақпараты мен генетикалық кодты сақтау, ұрпақтан ұрпаққа беру;
  • нәруыздың биосинтезіне қатысу;

РНҚ (рибонуклеин қышқылы) — бір тізбекті полимер, оның полимерлі жіпшесі рибоза қант қалдығы мен фосфор қышқылы қалдығының кезектесіп орналасуынан тұрады. Жіпшедегі әр қант қалдығына азоттық негіздер (А, Г, Ц, У) жалғасқан.

РНҚ түрлері мен қызметтері:

  1. Ақпараттық РНҚ немесе матрицалық РНҚ (аРНҚ) — ДНҚ-дағы нәруыздар туралы генетикалық ақпаратты көшіру және нәруыз синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға жеткізу.
  2. Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) — амин қышқылдарын рибосомаға тасымалдайды.
  3. Рибосомалық РНҚ (рРНҚ) — рибосоманың құрылымдық деңгейін түзеді, осында нәруыз биосинтезі жүреді.

РНҚ нәруыз биосинтезіне қатысады.

Басқа материалдар: 

  1. Гормондар және олардың функциялары
  2. Гендік аурулар
  3. Биология пәнін таңдаған түлек қай саланы таңдай алады?
  4. Өсімдік жасушасының ерекшеліктері
  5. Генетикалық терминдер мен белгілер
  6. Мидың негізгі бөлімдері
  7. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  8. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  9. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  10. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  11. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  12. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба

ПІКІР ҚАЛДЫРУ