Оқу стилінің қай түріне жатасыз?

0
409
Иллюстрация: Freepik.com

• ҚҰМЫРСҚА стилі

Құмырсқалар әдетте өте тәртіпті және оқу стильдері де сәйкесінше қатаң тәртіпке бағынады. Мұндай адамдарда дағды бойынша бәрі алдын-ала ойластырып қойылған, олар күнделік жүргізеді, үнемі өз-өздерін бақылауда ұстайды, жоспарлар құрады және күн графигін бұлжытпай орындайды.

• ЖАЛҚАУ стилі

Құмырсқаға қарама-қарсы стиль, мұнда бәрі бейберекет, кенеттен, есесіне өз қалауымен. Жалқау ешқашан бүгін не істейтінін білмейді, егер сенің күндік жоспарыңда «Мен білмеймін» немесе «Ұйықтап алатын шығармын» деген жазулы тұрса, онда сен жалқау секілдісің. Есесіне олар оқыса, ақпаратты расында жақсы есте сақтайды, себебі бұл сәтте олар қызығушылық танытады.

• ПАНДА стилі

Бұл жалқау мен құмырсқаның комбосы. Олар күн графигін қойып, жоспар құрып, қатаң тәртіппен жүруге тырысады, алайда үнемі бір нәрсе дұрыс болмай, процесс созылады, ал график мүлде бұзылып кетеді. Кейде олар 5 cағатта бірде-бір істі бітіре алмайды, ал кейде жарты-ақ сағатта 5 істі тындырып тастайды. Олар тәртіпке келгісі келеді, бірақ бейберекеттіктері қол жеткізуге мешет жасайды.

• МЫСЫҚ стилі

Мысықтар да тәртіпке бағынады, өз істерін алдын-ала жоспарлағанды дұрыс көреді, тек бұған пандаларға қарағанда шындық тұрғысында қарайды. Кейде олар жай ғана ештеңе істегісі келмегендіктен өз күн жоспарына 2-3 сағат аралық тастап кетуі мүмкін.

• КҮШІК стилі

Күшіктер секілді, мұндай шәкірттер өте жігерлі әрі білімқұмар келеді. Олар ешқандай жоспарға бағынбайды, олар әрдайым оқу-әрекет үстінде және өздерін бұдан да көп міндеттегісі келеді, cебебі оларға жаңа нәрсе білген, үйренген қатты ұнайды және олар тағы да білгісі келеді.

• ҮКІ стилі

Сабырлы. Асықпайды. Ақпаратты баяу қабылдайды, кейде басқаларға қарағанда көбірек уақытты талап етеді. Есесіне ақпаратты 100% біледі, себебі анық-қанығына үңіліп, әркім байқай бермейтін детальдарын таба алады. Үкілер сан емес, сапаны абзалырақ санайды.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ