Саяси зорлық-зомбылық психологиясы

0
1485
Иллюстрация: Freepik.com

Саяси режимдер дегеніміз – саяси билікті жүргізудің заңды тәртіп, әдістер жүйесі және оның нақтылы іске асырылу тәжірибесі. Әдетте, билікті жүргізу тәжірибесі конституциялық негіздеріне сәйкес бола бермейді.

Қазіргі дүниежүзілік тәжірибе қоғам дамуындағы демократиялық және антидемократиялқ процестердің өріс алуын көрсетіп отыр. Мемлекеттік саяси режимнің ұғымы.

Оқулықтарда және монографиялық еңбектерде мемлекеттік – саяси режимді көбінесе саяси деп атайды. Бұл, біздің ойымызша, дәл емес: өйткені соңғысы мемлекеттік қызмет әдістерінен басқа, саяси партиялар қызметінің, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық қозғалыс әдістерін де қамтиды. Егер мұндай терминологияға сүйенетін болсақ, онда режимнің не екендігін түсіндіру мемлекеттік проблематика шеңберінен шығып кетейін деп тұр.

Мемлекеттің өз қызметінде қолданатын әдістері әр алуан. Мәжбүрлеу, жалаң әкімшілік ету, командалық – бұйрықты әдістерді атауға болады. Оларға қарама – қарсы иландыру, түсіндіру, ұйымдастыру – тәрбиелеу әдістері бар. Осы екі әдістің арасында екеуінің де сипаты бар аралық әдістер шығады. Мемелекет өзінің күнделікті тәжірибесінде жоғарыда аталған әдістердің қайсысын таңдайда, ол оның қоғамдық – саяси мәні мен табиғатына байланысты.

Басып – жаншу, зорлау, қуғын – сүргін және мәжбүрлеу әдістерін басым бағыт етіп алған, жұрттың бәріне өзінің күші мен қуатын әр жолы көрсетуге кұштар, диалог және келісім тілін мойындамайтын, адамды, оның құқықтары мен бостандықтары көзге де ілмейтін мемлекеттерді, — жалпы адамға тән құндылықтар басымдғын мойындайтын, демократиялық дәстүрді сақтайтын, азаматтар мен басқа субъектілерге мемлекет жарлығын орындау қажеттілігін алдымен айтып түсіндіруге тырысатын, оларға мемлекеттік саясаттың маңызын түсіндіріп, тек содан кейін ғана оларға қандай да бір мәжбүрлеу шараларын қолдануға жол беретін мемлекеттермен бір қатарға қоюға болар ма екен.

Басқаша сөзбен айтқанда, мемлекеттік билік ету әдістері мемлекетті тоталитарлық, автолитарлық мүмкіндік бере отырып өте маңызды жағынан сипаттайды.

Демократиялық саяси режим

Демократиялық мемлекеттік – саяси режим батыс пен шығыстың алдыңғы қатарлы елдерінде орнаған. Онда конституционализм идеялары, билікті бөлісу, құқықтық мемлекет идеялары жүзеге асырылуда, халықтың пікірін ескеру бағдарға алынған, құқықты жүзеге асыру процесі кезінде орындаушылармен құқықтың ұйғарымының мазмұнын түсіндіру және оны сақтаудың қажеттілігіне иландыру жөнінде жұмыс жүргізіледі, мәжбүрлеумен байланысты органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметі бақылауда болады.

Мемлекет пайдаланып отырған басқарудың демократиялық әдістері, реттеу және ықпал ету оның қызметіне бақылау жасауға, сондайақ мемлекет өмірінің негізгі мәселелері бойынша ұсыныстарымен тікелей шығуға мүмкіндік алып отырған халықтың өзіне деген сенімін арттырады. Қара күшке, зорлық пен қысымға емес, керісінше халықпен диалогқа келіп, олармен ақылдаса отырып, демократиялық режим басқарудың неғұрлым тиімді стилін көрсетіп отыр. Демократиялық мемлекеттік –саяси режимнің, жоғарыда аталғандардан басқа, мына төмендегі сипаттарын да тануға болады:

  • қоғамдық өмірдің барлық салаларында – экономикалық, әлеуметтік-саяси, жеке бастың – жеке адамның шынайыбостандығы қаматасыз етуге шаралар қабылдануда;
  • жеке адамды шенеуніктің тәлкегінен құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған институттар жүйесін іске қосу енгізілді;
  • жеке адамның демократиялық құқығы мен бостандығын жариялаумен қатар, осы құқықтар мен бостандықтар жүзеге асырылуы үшін жұмыстар жүргізілуде;
  • мемлекеттің алдына қойған мақсаттары аз шығынмен – халықтың наразылығынсыз, керісінше халықтың ниеті түзу немесе тіпті қолдауы жағдайында орындалуда;
  • тоталитаризмге белгісіз, конституциялық бақылау, құқық қорғау қызметі, экологиялық сараптама сияқты институттар құрылуда.

Демократиялық режимнің өзі: резиденттік және парламенттік болып екі түрге бөлінеді. Президенттік режим жағдайында атқарушы орган тікелей соған бағынады. Ал президент белгілі бір мерзімге халық арқылы сайланады. Ол мемлекет және өкімет басшысы болып есептеледі. Президент атқарушы органдардың және министрлер кабинеті басшыларын тағайындап отырады. Атқарушы өкімет президенттік билікті жүргізу құралы болып есептеледі.

Бірақ президенттік биліктің шегі болады. Ең алдымен, ол үкімін заңға қайшы келген жағдайда Жоғарғы Кеңес қайтаруға құқықты. Президент өз қызметінде республиканың ішкі және сыртқы мәселелерін шешумен шұғылданады. Соның ішінде республика көлеміндегі экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық прогресс, құқытың тәртіпті нығайту т.б. мәселелері президенттің басты назарында болады. Президент Республика Конституциясында көрсетілген мөлшерлер нормалар мен әдістерді пайдаланады. Президент Жоғарғы Кеңес мәжілістеріне қатысып, оның жұмысының тиімді әрі нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Заң шығару барысында инициатива көрсетеді, қажет кезде заңның қабылдануын кідіртуге қақы бар.

Парламенттік режим жағдайында заң шығарушы өкіметтің рөлі басым. Мұнда заң шығарушы және атқарушы өкімет парламентке бағынады. Қазір дүниежүзінде парламенттік режимнің 3 түрі бар:

  1. бір партиялы парламенттік режим;
  2. коалициялық парламенттік режим;
  3. консенсуалдық парламенттік режим.

Бір партиялы парламенттік режим жағдайында парламент өкілдерінің басым көпшілігі бір партия мүшелерінен құралады да өкімет билігі солардың қолында болады. Екінші жағдайда, парламент және өкімет басшылары әр партияның өкілдерінен сан жағынан тең шамада құралады. Бір-бірінен сан жағынан асып түспеуі қадағаланады. Үшінші жағдайда, парламент өз жұмысында территорялық және этникалық топтардың ерекшеліктерін ескеріп отыруға мәжбүр болады.
Антидемократиялық саяси режим

Антидемократиялық режим

Оның түрлері көп, олардың көпшілігі бір-біріне ұқсас келеді. Бірақ солардың ішіндегі тоталитарлық және авторитарлық режимдердің бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар. Алдымен тоталитарлық режимге талдау жасайтын болсақ, тоталитарлық дегеніміз – саяси режимнің бір түрі, яғни қоғамның барлық салаларына мемлекеттің толық бақылау жасауы. Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері:

  • партия монополиясының өмір сүруі,
  • партияның өзінің демократиялық емес жолмен құрылуы,
  • идеологияның үстем болуы. Идеологияны саяси лидер анықтап отырды, сондықтан мұндай идеология халық пікірлеріне көп жағдайда қайшы келіп отырады,
  • тоталитаризм барлық нәрсеге монополиялық бақылау негізінде құрылады. Өмірдің барлық саласына бақылау қойылады,
  • террористік полицияның бақылауларының болуы. Полицияның террористік сипаты – сонда, адам кінәсі дәлелденіп жатпайды,
  • адамдар саяси процестерден толық аластатылады,
  • билік барлық деңгейде бір орталыққа, яғни жеке адамның немесе топтың қолына жиналады,
  • халық арасында бір түрлі ой және бір ауыздан мақұлдау басым болып, қарсы пікірлерге жол берілмейді,
  • билік және басшы аппараттар барлық деңгейде жасырын түрде, бюрократиялық номенклатура арқылы анықталып, сайланып отырады,
  • демократиялық құқықтар мен бостандықтарға жол берілмейді.

Тарих көрсетіп отырғандай, барлық тоталитарлық режимдер, қоғамдық өмірді ұзақ уақыт сақтап тұруға әдетте қабілетсіз болып келеді. Сондықтан олардың күйреуінің себебі олардың өз табиғатынан туындайды деп айтуға болады. Мәселен, ең алдымен олардың өздігінен даму мүмкіндіктері шектеулі, тез өзгеріп отыратын ішкі және сыртқы жағдайларға қарай икемделу қабілеті нашар болып, өмірдің жаңа ағымдарына үйрене алмайды.

Тоталитарлық режим

Тоталитарлық режимдерді төмендегідей түрлерге бөлуге болады:

  1. фашистік режим;
  2. әскери-фашистік;
  3. ұлттық-социалистік;
  4. тирандық;
  5. ұлттық;
  6. тоекратиялық;
  7. әскери – бюрократиялық саяси режимдер.

Тотарлитарлық режимнің фашистік түріне келетін болсақ, тарихта алғаш рет бұл режим 1922 жылы Италияда құрылған. Оның басында тұрған Б. Муссолини қоғамды радикалдық түрде түбірінен өзгертуге емес, керісінше, рим империясының рухын қайта түлетуге, ұлтты қайта жаңғырту мақсаты үшін бүкіл қоғамды ұйымдастыратын мықты мемлекеттік билікті қоғамды ұйымдастыратын мықты мемлекеттік билікті орнатуға ұмтылды.

Фашистік идеология халық рухын тазартуға немесе нағыз ұлттық ділді қалыптастыруға, мәдени немесе этникалық көздер арқылы ұлттық біртектілікті қамтамасыз етуді көздеді. Фашизм – мемлекеттік партияға негізделіп мемлекеттің бәрінен биік тұру теориясын басшылыққа алды. Мемлекеттің дәстүрлі қалыптасқан құрылымын сақтауға, өкіметтің билігін орнатып, парламенттік дәстүрді жойып, бір тұтас партияға сүйенуге тырысты.

Тоталитарлық режимнің екінші түрі — әскери-фашистік режим. Бұған мысал ретінде Испаниядағы генерал Б. Франко режимін алуға болады (1936ж). Әскери-фашистік режим әдетте әскерге сүйенеді. Әскер мемлекетте шешуші, айқындаушы рөль атқарып, фашистік идеологияны уағыздайды да либералдық, демократиялық идеяларға тыйым салады.

Тоталитарлық режимнің үшінші түріне 1933 жылы Германияда орнаған ұлттық-социализмді жатқызуға болады. Бұған да тоталитарлық режимнің барлық қасиеттері тән. Мәселен, бір партияның бір ғана идеологияның үстемдігі; харизмалық көсем беделіне табыну; мемлекет және бір партия аппаратын жасау; мемлекеттің халық ісіне араласуы, оларға бақылау қойылуы, адамдарды бірінің артына бірін тыңшы етіп қоюы; репрессия жасау (халықты қуғындау) органдарының болуы; ішкі және сыртқы жауларды іздеу ққасиеттері т. б. Ұлттық-социалистік режим фашизммен төркіндес болып келеді. Ұлттық – социалистік концепциядағы негізгі мәселе – ұлт, ұлттық және нәсілдік қырқысу, олардың арасындағы бәсеке, басқа ұлттарды жаулап, жеңіп, өзіне бағындыру мәселесі.

Тоталитаризмнің төртінші түрі — ол әскери – бюракратиялық коммунистік режим. Оған мынадай белгілер тән:

  1. харизматикалық көсем арқылы басқарылатын біріңғай коммунистік партия; 2) біріңғай коммунистік идеология үстемдігі;
  2. бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік монополия;
  3. қоғамды жаппай милитаризациялау және әскери күрестердің барлық түріне мемлекет монополиясы;
  4. қоғамдағы бақылаудың айрықша түрі ретіндегі ерекше басып — жаншу, террор жүйесінің болуы;
  5. экономиканы басқарудың қатал орталықтанрылған механизмнің болуы. Әскери бюрократиялық режимге мысал ретінде И. В. Сталин тұсындағы кеңестңк режимді, Қытайдағы МаоЦзе-Дунның, Кампучидегі Пол Поттың бейнесіне режимін айтуға болады.

Тоталитаризмнің бесінші түрі ретінде тиранияны айтуға болады. Оған Угандадағы И. Амин, Орталық Африка Республикасындағы Бокасса, Парагвайдағы Стерснер, Гаити Республикасындағы Дювалье режимдері мысал бола алады.

Тирандық режимнің басты ерекшелігі, шексіз тиран билігінің үстемдік құруы. Ол, әдетте, репрессия жасау органдарының ( құпия полиция, ұлттық гвардия, әскер, арнаиы террорлық ұйымдар) билігіне сүйенеді және үкімет басшысы немесе көсем халықтың қорғаушысы дейтін иллюзияны қалыптастырып, ол халықтың “атасы ” образына ие болады.

Тоталитарлық режимнің алтыншы түрі – ұлтшылдық концепция. Оған мысал ретінде Оңтүстік Африка елдеріндегі апартеидті алуға болады. Апартеидтік режим ұлттық және нәсілдік басымдылық идеологиясына, басқа елдерді (ұлтты) экономикалық тәуелділікте ұстауға, террорға сүйенеді.

Тоталитаризмнің жетінші түрі — теократиялық режимдер. Бұл концепция негізінен діни догмаларға негізделеді. Теократиялық режимге Ирандағы Хомейни режимі мысал бола алады. Ол ислам дінінің шеиттік ағымның фундаменталистік идеяларына сүиенеді. Теократиялық режимге төмендегідей белгілер тән:

  1. біртұтас бұқаралық ислам партиясы;
  2. ресми шеиттік идеология;
  3. ақпарат құралдарына мемлекеттік монополияның орнауы;
  4. әскери құралдардың және әскери қимылдардың барлық түріне мемлекеттің қожалық етуі;
  5. қоғамға бақылау жасау құралдары ретіндегі аирықша күштеу, басып – жаншу жүиесінің, террордың болуы (ислам революциясының сақшылары );
  6. экономиканы орталықтандырылған қатал жүйе арқылы басқару.

Бірақ, тоталитарлық режим өзгеріп отыратындығын көрсетті. Мәселен, біздің бұрынғы социялизм тәжірибесіне сүйенсек Сталиндік кезеңдегі режим мен Брежнев кезіндегі режимдегі бір түрлі баға беруге болмайды. Бірінші жағдай нағыз тоталитарлық режимнің дәлелі. Осы тұрғыдан алғанда тоталитарлық режимнің посттоталитаризмге ауысқандығын көреміз. Посттоталитаризм жағдаиында тоталитарлық режим жартылай ыдырайды. Бірақ мемлекеттің үстемдігі сақталады. Посттоталитарлық режимнің негізгі белгілері:

  1. партия толық бақылау жасай алмайды. Партияның өз ішіндегі өзара сын күшейе түседі.
  2. Демократиялық элементтер біршама өмірге араласады.
  3. Идеология монополиялық сипат алмайды
Авторитарлық режим

Авторитарлық мемлекеттік – саяси режим бүкіл билік бір органның немесе бір лауазымды тұлғаның қолында болуымен және басқа жоғары мемлекеттік органдардың ( ең алдымен заң және өкілдік) ролін төмендете отырумен өзгеше болып табылады. Қолында билігі бар, өзінің мәртебесін сақтап қалуға немесе лауазымды тұлға халық жағынан және оппозиция жағынан бақылауды шектей немесе болғызбай отырып қатаң саяси бағыт ұстанады. Бұл кезде қанаты қырқылған демократия біржола жойылып кетпейді, қаралып отырған режимнің демократияны толығымен жоққа шығаратын тоталитаризмнен ерекшеленетін өзінің қарама – қарсы жағына аиналып та кетпейді. Аталған белгілерден басқа авторитаризмге мына төмендегі белгілер де тән:

  • жоғары және жергілікті биліктің қалыптасып және қызметі істеуіне халықтың қатысуының айтарлықтай кемуі;
  • жергілікті органдарды орталыққа берілетін бірқатар дәстүрлі өкілеттіртерінен айыра отырып басқаруды орталықтандыруды күшейту;
  • сөзсіз бағынуға және үнсіз орындауға есептелген басқарудың әкімшілдік-әміршілдік стиліне әуестену;
  • этатистік құндылықтарды пайдалану өсіп жатқан тұста құқықтық құндылықтардың шынайы маңыздылығы мен қолданылуының іс жүзінде төмендеуі;
  • оппозицилық қызметтің жария мүмкіндіктерінің біртіндеп тарылып, минимумға дейін жетуі.

Авторитарлық мемлекеттік – саяси режим, әдетте, тұрақсыз болады. Ол қоғамдағы күштердің нақты ара салмағына байланысты тоталитаризм жағына, болмаса демократияландыру бағытына қарай да дамуы мүмкін.

Антидемократиялық режимнің келесі тармағы авторитарлық режим. Авторитарлық режим өзінің ерекшеліктеріне байланысты тоталитарлық пен демократиялық режимдермен салыстырғанда аралық сипат алады. Өйткені мұнда тоталитарлық редимге де, демократиялық режимге де тән белгілер орын алады. Мәселен, авторитарлық режимде, біріншіден, тоталитарлық жүйеге тән заңмен шектелмейтін биліктің диктаторлық сипаты көрініс табады.

Екіншіден, мемлекет арқылы реттелмейтін автономиялы қоғамдық салалардың болуы, әсіресе, экономика мен адамдардың жеке өміріндегі және азаматтық қоғам элементтерінің болуы оны демократиялық режиммен жақындастыады. Мәселен, биліктің тоталитарлық сипат алмауы, тұтас бір идеологияның болмауы, формальді түрде болса да парламенттің, партиялардың болуы, биліктің бөлінуі т.б.

Авторитарлық билік негізінен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыртқы күштерден қорғау және сыртқы саясат мәселелерімен айналысады. Сонымен бірге, ол экономикалық даму стратегиясына ықпал жасап, әлеуметтік саясатты да қызу жүргізуі мүмкін. Бірақ, мұнда нарық заңдары бұзылмайды. 6. Саяст элита сақталады және ол конкуренция арқылы емес, керісінше, тағайындалып отырады.

Қорыта айтқанда, авторитарлық режим тарихта кең орын алған биліктің түрі. Олар әртүрлі болып келеді. Мәселен, монархия, деспоттық, диктаторлық, әскери хунталық, популистік т.б.

Азия, Африка және Латын Америка елдеріндегі авторитарлық биліктердің көпшілігі өзінің ұлт-азаттық және ұлттық қайта жаңғырту мақсаттарымен ерекшеленіп, орнығуда. Көбінесе, авторитарлық режим өтпелі кезеңдегі билік ретінде сипатталады. Әдетте, ол кейіннен не тоталитарлық, немесе демократиялық жүйеге ауысып отырады. Мәселен, Кубадағы Ф. Кастронның авторитарлық режимі (1959) кейіннен коммунистік бғдар алып, тоталитаризмге ұласты. Ал оңтүстік Корей, Чили, Тайланд, Аргентинадағы авторитарлық режимдер біртіндеп демократияға ауысты.

Үстіміздегі ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдардың басынан бастап, көптеген елдердегі коммунистік жүйенің құлауына байланысты авторитарлық режимге қызығушылық көбейе бастады. Оның да өз себептері бар.

Басқа материалдар:

  1. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  2. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
  3. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
  4. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.
  5. Терминге қойылатын талаптар
  6. Көркем троптар, олардың түрлері
  7. Абстиненция, абстракция, абулия туралы мәлімет
  8. Психологиялық түсінік. Абазия, аббревиатура, абдикация, аберрация деген не?
  9. Абиотикалық факторлар, абсолюттік есту, шкала, табалдырық деген не?
  10. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  11. Еркіндік (бостандық) психологиясы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ