Шаршамауға көмектесетін 10 кеңес

0
903
Иллюстрация: Freepik.com
Бұрын өмір сүрген адамдар физикалық жұмыспен және мимен көп жұмыс істеуден шаршаған. Физикалық жұмыс істеген шаруа жай ғана тынықса, мимен көп жұмыс жасаған адам 1-2 күн бәрін шегеріп тастаған. Ал қазір ше?
Тынығу десек, бірден ойымызға теледидар көру, телефонмен ойнау, әлеуметтік желілерге кіру түседі. Бірақ сен мұны істегеннен мүлде тынықпайсың. Одан да, 20-30 минут жай ғана жатып тынығып ал да, шаруаларыңды жалғастыр. 8 сабақтан шаршап келген сен ештеңеге зауқың келмей, бірден компьютерге бас саласың, әрі қарай ештеңеге зауқың соқпай, ұйықтайсың немесе жалғастырасың.

Сен ойын ойнағаннан ләззат алдым деп ойлағанмен, ойын да ойлануды қажет етпей ме? Сондықтан да бәрінен бұрын ұйқы режимін дұрыста. 7-8 сағат ұйқымыз қанып оянсақ, миымыз меланин бөледі. Керемет емес пе?

Ендіше, жас түлек, өзіңді үнемі шаршаңқы сезінсең, оны жеңетін 10 кеңес:

1) Күн көзіне жиі шығып тұр.

Себебі: Қазіргі адамдар көбінесе тек үйдегі қолайлы жағдайға ғана үйренген, күн көзіне шықпақ түгілі, көп серуендемейді де. Күн көзіне шықпау шаршаңқылықтың негізгі себептерінің бірі.
Кеңес: Күн сәулесі Д витаминінің көзі, сүйек қатаюына, иммундық жүйеге де көмегі тиеді, әрі күннің көзіне шықсақ, миымыз меланин бөледі. Егер ҰБТ деп жүріп, күн көзіне шығып, серуендеуді қойып кетсең, ендігі іс сенде!
2) Физикалық жаттығулар жаса.
Не үшін? Біз бұрынғыдай ауыр жұмыстар істемейміз, қазір бәрі технологияларға негізделген. Ағзамызға белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түспесе, біз денемізге физикалық күш түсіріп шаршамасақ, ұйқы бұзылып, шаршаңқылықтың негізі қалана бастайды.
Кеңес: Біздің ағзамыз өзін жақсы сезіну үшін оны қаттырақ шаршату керек. Тек қана ҰБТ-ді ойлап, өзіңе мүлде көңіл бөлмей кетсең, ең кемінде аптасына 3 рет 20 минуттан физикалық жаттығу жасап тұр!  

3) Ағзаға қажетті мөлшерде су іш.

Себебі: Ағзамыз тіпті 2% — ға суы азайса, қанымыз тым қою болып кетеді. Жүректің жұмысын баяулатып, қажетті оттегі миымызға, бұлшықетке бармай қалады.

Кеңес: ҰБТ-ға дайындалуға ең қажеттісі мидың керемет жұмыс істеуі емес пе? Күніне 1,5-2 литр су ішіп тұр. Тіпті, оны қазірден бастап, асханадан бір стакан су ішсең болады. Бірақтан да, тек таза ауыз су ішкенің жөн.  

4) Құрамында темірі бар азық-түлік қолдан!

Себебі: Ағзаға темір жетіспесе, адам ашушаң, шаршаңқы, әлсіз, бір затқа нақты көңіл бөле алмайтын болады.

Кеңес: Оның алдын алу үшін құрамында темірі бар азық-түліктерді тұтынсаң болады – асбұршақ, жұмыртқа, ет, жаңғақ.  

5) Таңғы асыңды ішіп жүр!

Себебі: Қатты шаршап, ұйықтап қалдың да, таңертең асыңды ішпестен сабаққа бару жағдайлары бәрімізге таныс шығар. Бұл — зиян әдет.

Кеңес: Таңғы ас күн сайын алатын қуатымыздың «жанармайы» десек те болады, өйткені біз таңғы аста жейтін ас пайдалы майға, протеинге толы. Ең болмаса, 10 минутқа ерте тұрып, таңғы асыңды іш, немесе түнде-ақ өзіңмен алып кететін ланчбокс жасап қой.  

6) Сапасыз тамақ, шай, кофе тұтынуды тоқтат!

Себебі: Әрине, шай мен кофе қантсыз болсын ба? Ал қанттың ағзада көп болуы шаршаңқылыққа әкеліп соғады.
Кеңес: Кофеин алғашқы 1-2 сағаттық сергектік сыйлағанымен, кейін өзіңді мүлде шаршаңқы сезінесің. Егер, ҰБТ-ден жоғары балл алып, сергек жүргің келсе, шай мен кофеден аулақ бол.  

7) Демалыс күні ерте тұр!

Себебі: Сенбі және жексенбі күндері «ақыры демалыс күн ғой, бір қанып ұйықтайыншы» деген фраза бәрімізге таныс болар. Ал сол қанық ұйқыдан соң ұйқы режиміміз мүлде бұзылып, аптаның алғашқы күні қатты шаршап барамыз.
Кеңес: Демалыс күні түсте кішкене ғана ұйықтап алатын 20 минут та жетеді. Тым артық ұйқы шаршаңқылықтың негізін қалайды.  

8) Денсаулығыңа немқұрайлы қарама!

Себебі: Ағзамыздағы тым ұзаққа созылған аурулар: аллергия, өкпе қабынуы, т.б. Және де депрессия мен тым мазасыздық шаршаңқылыққа әкеліп соғады.
Кеңес: 3-4 ай сайын дәрігерге қаралып, өзіңе керекті дәрумендер сатып ал. Ұзаққа созылған ауруларды емдеу жолын қарастыр. Денсаулық — адамның басты байлығы және ол ҰБТ-ден де маңыздырақ.  

9) Негатив әкелетін адамдардан аулақ бол.

Себебі: Әрдайым өміріне налып, жай айтқанда жылап жүретін адамдар айналаңызды қоршаса, сіз де өзіңізді сондай шаршаңқы сезіне бастайсыздар. Кеңес: Эмоциялар ағзамызбен тығыз байланысты. Одан да, айналаңа өзіңді олардың жанында қолайлы сезінетін, әр қадамыңа қолдау көрсететін достарға толтыр. «Жоқ» деген сөзді өз пайдасына ғана қолданатын достарға айтып үйрен.

 

10) Сөмкеңді тым ауыр қылып тақпа!

Себебі: Күлкілі көрінсе де, ауыр сөмке біздің шаршауымыздың тағы да бір себебі. Ішінде не жоқ десеңші: 5-6 кітап, ҰБТ-ге дайындық үлкен дәптерлер, қосымшаның кітаптары, ауыз су, дәптерлер, қыз болсаң, әрине сөмкеңде косметика да толып жүрмек.
Кеңес: тек 3-4 кітап пен соған сай дәптерлеріңді ғана алып жүр, косметикадан опа мен ерінге арналған бальзам алсаң жетіп жатыр.  

Қорытынды: Жалпы, жазылған он кеңес тек ҰБТ-дің жақсы дайындалу ғана емес, және жай ғана шаршауға қолдануға емес, өмір салтыңа енгізсең жақсы болады. Үнемі кеңестерді қолданып жүретін болсаң, сенен сергек адам болмайды деп ойлаймын. Комментарийге қай кеңестерді күнделікті орындап жүргеніңді жазып жібер!

Басқа материалдар:
  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ