Үстірт жазығы туралы қызықты мәлімет

0
5265
Freepik.com

Үстірт — батысында Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығысында Арал теңізі мен Әмудария атырабы аралығын алып жатқан қыратты жазық.

«Үстірт» — биіктеу жер, төбе, қырат деген мағынаны білдіреді. Үстірттің ең биік жері — 341 м (Мұзбел жоны). Үстірт оңтүстік — батыстан солтүстік — шығысқа қарай 550-600 шақырымға созылып жатыр. Солтүстік және шығыс бөліктері Қазақстан аумағына кіреді (Маңғыстау облысы), қалғаны Өзбекстан жерінде.

Үстірттің орталық бөлігінде Қарабауыр жоны бар. Үстіртте гипстің суда еруінен пайда болған ұзындығы 5-25 м, тереңдігі — 1-2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі), қазан-шұңқырлар кездеседі.

Үстірт шөл аймағында жатқандықтан, жазы ыстық, қысы суық, жауын-шашын аз болып келеді. Желі күшті әрі ұзақ соғады.

Үстіртте ауыз суға, жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры бар. Жусан, бұйырғын, сораң, т.б. шөптер сирек өседі. Ал ойыс ойпаттарында сарсазан, баялыш, қара сексеуіл тоғайлары кездеседі.

Жануарлар дүниесінен бауырымен жорғалаушылар, тышқан, қоян, бөкен, қарақұйрық, т.б мекендейді.

Үстіртте көктемде, жазда, күзде мал жайылады.

Қойнауында мұнай мен газдың қоры анықталған.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Торғай үстірті туралы ақпарат

  2. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  3. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  4. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  5. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  6. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  7. Көксерке мен қортпа балығы

  8. Алабұға және сазан балығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ