Төменгі ерте тас ғасыры

0
1563
Иллюстрация: Freepik.com

ОЛУВАЙ ДӘУІРІ 3 000 000- 800 000 жыл. Бұл дәуірдің аты 1959-1960 жылдарда археологтар Мери мен Луис Лики Танзанияда ашқан Олдувай шатқалымен аталған.

Бұл уақыттың ескерткіштері Африкада,Кавказда ашылған.Дманисиден жасы 1,8 миллион жыл болатын 5 адамның сүйектері табылған.Соңғы олдувай кезіндегі ескерткіштер Оңтүстік, Оңтүстік –Шығыс Азиядан,Еуропадан табылған,олар Еуразияға тараған.Алғащқы құралдрды соққылау (оббивка)әдісі арқылы алған.Бір жағын соққылау-бір жақты соққы ал зат-монофас деп аталады.Екі жақты соққы арқылы алынған зат-бифас.

Соққылау әдісі өзектас, чопперлер,қол шапқы жасау кезінде қолданылған. Олдувай үшін келесі құралдар тән: көпқырлылар,чопперлер және жарықшақтан жасалған құралдар.

Көпқырлылар диска,сферойд,кубойд тәрізді болып келеді.Бір жақ қыры ұшталса-чоппер ал екі жақ қыоы ұшталса-чоппинг.Өзектастан жонып алынған тас жаңқа-отщеп.

Ескерткіштері.Адамдардың уақытша не бірнеше рет тұрған жері тұрақ.Ең ежелгі тұрақ Кооби-Фора-2,8-2,6 миллион жыл.Шамасы сол кезде адамдар желден,суықтан қорғану үшін қалқа жасаған болса керек.Олдувайдан ашылған базальттан жасалған көлемі 4,3х3,7м сопақша құрылыстың жасы 1,75 миллион жыл.Адамдар үлкен топ болып өмір сүрген,олар шамасы таңбалы-дыбысты түрде қарым-қатынас жасаған болса керек.

АШЕЛЬ ДӘУІРІ . 800 000-120 000 мың жыл

Ашельде Номо еректус,Гейдельберг адамдары өмір сүрген.Бұл кездің ескерткіштері Африкада,Алғы,Оңтүстік,Оңтүстік-Шығыс Азияда,Оңтүстік,Батыс,Солтүстік Еуропада,Орталық Азияда,Қазақстанда,Алтайда,Монғолияда табылған.Адамдардың кең таралуына қарағанда олар бірнеше орталықтан келген болса керек.

Ескерткіштері. Аңшы-термешілердің мәдени қабаты қалың тұрақтар,заттар табылған жерлер. Тұрақтарды зерттеу кезінде аңшылардың уақытша тұрақтары, оған кіре берісте тас алатын, оны өңдейтін шеберханалар орналсқан.Олар отты пайдалана білген.Чжоукоутяннан қалыңдығы бірнеше метр күл мен көмір қабаты табылған.

Зерттеулер барысында қолдан жасалған үйлердің қалдықтары ашылған. Кударо 1 қауымның орталығы болған,мәдени қабаты 0,7м,онан тас еңбек құралдры,аң сүйектері табылған. Архайкалық үлгідегі еңбек құралдар Оңтүстік Қазақстаннан табылған.Еңбек құралдарының жаңа түрінен қолшапқы,колун немесе кливер кездеседі.Қолшапқы сопақша келген екі қыры өңделген тас құрал.Ол ұруға,шабуға,қазуға,аңды бөлшектеуге,ағашты,сүйекті өңдеуге арналған.

Колун екі жақ қыры өңделген,көлденең жүзі өңделмегек құрал.Қырғыштар.Клектон әдісі арқылы амфорлы үлгідегі өзектасты жарып әртүрлі жарықшақтар алғанда оны ретуштеу арқылы қайта өңдеп керек үлгідегі құрал жасаған. Соңғы ашельде леваллуа техникасы шықты,бұл техника бойынша Өзектасты алдын ала аса ұқыпты етіп өңдеген,леваллуа өзектасы тасбақаға не тасбақаның үстіндегі қатпарына ұқсас.

МУСТЬЕ ДӘУІРІ. ( 120 000 — 40 000 жыл)

Казіргі кезеңде жинақталған жаңа археологиялық заттай деректерге байланысты мустьеден жоғарғы ерте тасқа өту мәселесі өте күрделе болып отыр ,көпшілік ғалымдар оны қайта қарау керек деген пікірде.Бұл дәуірдің климаты әртүрлі болды . Рисс-Вюрм мұзаралық кезде,шамамен 120 000-70 000 жылдар аралығында ауа райы жылы болды,жылдық орташа температура қыстың жылы болуына байланысты қазіргіден 4-6 градус жылы болды.

Сібірде орманды алқаптар қалыптасты.Мустьенің 2- жартысы (75 000- 40 000 жылдар аралығында ) Вюрм мұздағы кезінде ауа райы күрт салқындады.Аңдардан мамонт,жүндес мүйізтұмсық,үңгір аюы, үңгір шибөрілері, жолбарысарыстан,солтүстік бұғысы,жабайы жылқы, бизон,ақбөкен,қойбұқа , т.б.аңдар мекендеді.

Адам баласының таралу аймағы мустье кезінде бүкіл Ескі Дүниені қамтып ,тіпті Солтүстік жарты шардың шекарасынан да өтті. Мустьер ескерткіштері Ескі Дүниенің барлық жерінде кездеседі.Ресейде 150-ден аса ескерткіштер белгілі,бірақ олардың көбі стратиграыиялық жағынан нақты анықталмаған,сондықтан оларды аралас (переотложенными) ескерткіштер деп атайды.

Еңбек құралдары. Тісті мустіе-сыртқы жиегі тісті ,ойықты болып келген құралдар. Мустье леваллуа-леваллуа техникасымен өңделген құралдар.Классиқалық мустье-бір жағы өңделген қырғыштар мен үшкір тастар көп кездеседі.Ең көп кездесетін құралдар үшкіртастар.Олар қырлары өңделген жобасында үшбұрышқа ұқсас ірі құралдар оларды ағаштың ұшына байлап АҢАУЛАУ КЕЗІНДе ,жабайы аңдардан қорғану үшін пайдалаеңан.Қырғыштарды аңдардың терісін алу ,кесу,тегістеу үшін қолднған., Бұл кездегі өзектастар көп түрлі болып келеді:диска, тасбақа,аморфты.Өзектастарды сындырып жаңқалар мен пластинкалар алған .Мустьеде еңбек құралдарының саны 100-ге жуық болған.

Мусте тұрақтары үңгірлерде,апандарда ,ашық жерлерде орналасқан ұзақ мерзімді
(Молдово 1-5 ) және аңшылардың уақытша лагерлері ( Кударо 1,3 ) болып келеді.Әдетте тас өңдеу шеберханалары оларға кіре берісте орналасады. Тұрақтар жобасында дөңгелек, сопақша келеді,ішінде бірнеше ошақтар бар.Тұрақтардың қабырғасы ірі аңдардың сүйектерінен ,ағаштан жасалған,үсті аң терісімен ,шөппен,шыммен,ағаштың қабығымен жабылған.Молдово 1-5 тұрағындағы үйлердің аумағы шамамен 50 м кв.

Адамдар өздері тұрған,көшіп-қонып жүрген жердегі аңдарды аулаған.Саросельеде ауланған аңның 98*жабайы есек,Солтүстік Кавказдағы Ильскойда бизон-87*.Аң аулау қауымдасып жүргізілген.

Дүние танымы. Адамдардың алғашқы дүние танымы жайлы түсініктері мустье кезінен бастап кездесе бастайды. Оның қатарында:адамды жерлеу,өнердің шыға бастауы және аңға табыну (зоолатрии) бар.Адамды жерлеу мустье ескерткіштерінде кең таралған,олар Батыс,Оңтүстік Еуропада ,Қырымда ,Орталық Азияда ,Таяу Шығыста табылған.Жерлеу үшін адамдар өздері тұрған жердегі тасты, топырақты ойып арнайы шұңқыр қазған ,оның тереңдігі 70 см.

Адамды жатқызып,бүгіп,отырғызып жерлеген, қасына еңбек құралдарын,басқада заттарды қоса қойған. Тесік Таста жерленген баланың жанына қос-қостан 7 жұп тау ешкісінің мүйіздері қойылған. Жалпы жерленген адамдардың жасы 10-70 аралығында.Ирактағы Шанидар үңгірінен қолы жоқ баланың сүйегі табылған.Аңға табыну тарай бастаған,әдейі көмілген аюдың сүйектері Қырымда,Испанияда табылған. Соған қарағанда сол кездегі адамдарда алғашқы әртүрлі наным-сенімдер пайда бола бастаған болса керек.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 

  1. Археологиялық периодизация және хронология
  2. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  3. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  4. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  5. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  6. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  7. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  8. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  9. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  10. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  11. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  12. Жердің тарихы мен археологиялық дәуірлердің арақатынасы мәселесі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ