Тағамға қосылатын зиянды қоспалар

0
918

Технология дамыған қазіргі заманда азық түліктерді көздің жауын алатындай түстерге бояу оңай болды.

Өндірушілерге тағамның дәмі мен түсі жағымды болып оларға мол табыс алып келіп тұрса, болғаны. Оған дәлел балаларға арналған өнімдерге де неше түрлі зиянды қопаларды қоса салуында.

Әрине бұларда адамға тез арада ауыр зиян шектірмеу үшін сақталуы керек норма ережелері бар. Олар сол норманы асырмай түрлі химиялық қоспаларын қоса береді.

Бірақ нормадан асырмағандықтан мүлдем зияны тимейді екен деп ойлап қалмаңыз.

 Е100-199 аралығы тағамдық бояуыштар.

Бұлар ішінен:

1. Синтетикалық (органикалық, бейорганикалық)

2. Табиғи бояғыштар болып бөлінеді.

Табиғи бояуыштартың токсиндік қабілеті жоқ. Бірақ кей бірін нормадан асыруға болмайтын көрсеткіштері бар.

Бүгін біз тек зиянды синтетикалық бояуларға тоқталамыз.

Ұлыбритания мамандарының жүргізген зерттеу нәтижелерінде төменгі тізімдегі бояуыштар ересектер мен балаларда төмендегідей асқынулар тудырады.

Е102, Е104, Е110, Е122, Е124, Е129

Бұлар:
Жүйке жүйесінің тітіркенуі
Еске сақтау қабылеттің нашарлауы
Кей адамдарға аллергиялық реакциялар
Дисбиоз
Канцерогендік әсерлер

171 титан диоксид (титанның тотыстығы). Кеміргіштерге жасалған зерттеулерде канцерогендік әсері анықталған. Алайда адамға жасалған зерттеулер жоқ. Бұл ақ түсті болғандықтан дәрі дәрмек, ірімшік т.б өндірісте қолданылады.

Е129- канцероген. Пісірілген өнімдер, тәттілер мен сусындарға қосылады.

E133 канцероген, жүйке жасушаларын зақымдау, генетикалық мутация.

Е102 (тартазин) кей адамдарда аллергиялық реакция, жасушаларды зақымдауы мүмкін. Бұл өнім дәрі дәрмек, витаминдерді сары түске бояу үшін көп қолданылады

Е110 ұрық бездері мен бүйрек үсті бездерінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін

E150 (Карамельный красител)-канцероген. Өзім кейбір газды сусындардың құрамынан көргенмін

Е103 (алканет красный)-канцероген

Е105, Е106, Е111, Е125, Е130, Е131, Е132, Е133 барлығы канцерогенді

Ең зиянды бояулардың тізімін теріп жаздым. Тағамдық өнімдерді сатып аларда құрамына мән беріңіз.

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ