Жүйкеңізге жәрдем беретін витаминдер

0
823
Freepik.com

А витаминінің жетімсіздігінен миды оттегімен қамтамасыз ету жүйесі бұзылады да, содан жүйке талшықтары зардап шегеді. А витамині тәтті келімдәрі мен сәбізде, тағы басқа тамырлы көкөніс түрлерінде көп. Бірақ бұл витаминдерді адам ағзасы өзіне сіңіруі үшін май аса қажет. Сондықтан диета ұстағанда ас мәзірінен май өнімдерін алып тастауға болмайды. Мәселен, үккіштен өткізілген сәбізге немесе тәтті қызыл бұрышқа бір қасық өсімдік майын қосса артықтық етпейді. Қайта ағзаның А витаминін дұрыс сіңіруіне көмегін тигізеді.

Д витамині адам сүйектері мен тістеріне ғана көмекші емес, ол сондай-ақ есте сақтау қабілетін сақтауда да аса маңызды роль атқарады.

Егер күнделікті тамақ рационында ақжелкек (петрушка) мен ашыған сүт өнімдері, балық майы сияқты заттар жеткіліксіз болса, адам ағзасы тез әлсірейді. Таңертең және күн батар алдында денені күн сәулесімен қыздырса бұл витамин күлгін түстің әсерінен тері астына жақсы тарайды.

В9 витамині еске сақтау қабілетін жақсартады және мидың оттегімен қамтамасыз етілуін реттейді. Көкөністер, аскөк пен қырыққабат, асқабақ бұл витаминнің негізгі көзі.

В12 – адам ағзасына ең қажетті витамин. Егер ағзада бұл витамин жетімсіз болса, жүйке жұқарумен қатар адамда қаназдық орын алады. Адам шаршағыш әрі ұйқышыл келеді. Бұл витаминнің мал өнімдерінде ғана болады. Дегенмен оны тек ет өнімдерінен ғана емес, ашытылған көкөніс пен сыра ашытқысынан да алуға болады.

РР витамині жүйкенің бұзылған торшаларын (клеткаларын) қалпына келтіреді. Ұмытшақтықтың (склероз) асқынуына қарсы күреседі. Қан тамырларының жұмысын жақсартады. Бұл витамин пияз бен сарымсақтың, сәбіздің құрамында көп.

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ