Зағиптарға арналған шрифт

0
1848

Луи Брайль зағип жандарға оқуға және жазуға мүмкіндік беретін шрифтті 19 ғасырдың басында ойлап тапты. Ол 1809 жылы қолөнершінің үйінде дүниеге келді.

Жаңадан жүруді үйреніп жүрген кезінде күнін әкесінің шеберханасында өткізетін. Үш жасында шеберханада көзін жарақаттап алады. Бес жасында баланың көзі мүлдем көрмей қалды.

Ата-анасы баласына білім беруге және оның дамуы үшін қолдарынан келгеннің барлығын істеуге тырысты. Луи ауылдық мектепке барды. Өзінің ақылы мен ерекше есте сақтау қабілетінің арқасында жақсы оқыды.

Әкесі оған тақтайға шегелерді қағу арқылы әріптердің кескінін шығарып, оқуды үйретті. 10 жасында әртүрлі жастағы балалар оқитын Париждегі зағиптерге арналған  Корольдік институтқа жіберді.

Луи Брайль 12 жасынан бастап, зағиптерге арналған алфавитін әзірлеу үшін тәжірибелерін бастады. Күндіз сабаққа барып, ал кешке өзінің жүйесін ойластырды. 15 жасында бұл жұмысын аяқтады.

Луи Брайль үштен екі бағанада орналасқан алты рельефті нүктенің әртүрлі комбинациясынан өз алфавитін құрастырды. «Оқырман» мәтінді оқу үшін басылған жолдарды саусақтарының ұшымен жүргізеді.

Кейін Брайль жүйесін тыныс белгілерімен, сандармен және ноталармен толықтырды. Оның рельефті-нүктелі шрифтінің соңғы нұсқасы 1837 жылы пайда болды. Бүгінгі таңда Брайль әдісі бүкіл әлемде қолданылады.

Басқа материалдар:

  1. Ағылшын тілін әлі күнге дейін үйренбегеніңізге не себеп?
  2. Ағылшын тілінде күнделікті қолданылатын сөз тіркестері
  3. Ағылшын тілінде деңгей бойынша қандай кітаптар оқуға болады?
  4. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  5. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  8. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  9. Помодоро әдісі және оның пайдасы
  10. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ