Жердің тарихы мен археологиялық дәуірлердің арақатынасы мәселесі

0
1276
Иллюстрация: Freepik.com

Жердің қалыптасуы, даму тарихын геологтар төрт эраға бөліп қарастырды, олар: архей эрасы, палеозой эрасы, мезазой эрасы және кайназой эрасы.

Сонымен қатар әр эраның өзі эпохаға, периодқа , ал периодтар болса Үштік және Төрттік болып, олар эпохаға бөлінеді.

Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасу уақыты төртік кезеңге тұстас келеді. Төрттік кезең үшке бөлінеді олар: Энолейстоцен, Плейстоцен, Голоцен.

Ерте тас ғасыры мен плейстоцен кезеңдерінің ара қатынасы

Жердің қалыптасуы және даму тарихы қазіргі қалыптасқан түсінік бойынша 5 миллиард жылдан асады.

Антропогенез. Антропогенез антропологияның аса маңызды бағыттарының бірі – ол гоминидтердің және адамның ( Номо) қалыптасу тарихын зерттейді.Ол бізге адамның келіп шығу, дамуын білу үшін өте маңызды . Адамның келіп шығу, даму тарихын зерттеуде әлемнің әр жерінен табылып жатқан сүйек қалдықтары — палоантропологиялық қалдықтардың берері мол. XIX ғасырда қалыптаса бастаған Дарвиннің эволюциялық теориясы XX ғасырдың 1 –жартысында ғылыми ағымға айналды. Оның басты мәні сонда Адам баласы өзінің даму барысында бірнеше сатдияны басынан өткізген, әр сатдияның оған дейінгіге қарағанда өзіне тән ерекшеліктері, айтарлықтай нәтижелері бар.

Бірінші стадия — архантронтар: Питекантроп, Синантроп, Атлантроп.

Екінші стадия – Палеоантроп: неандерталь адамы,оның қалдығы Дрюссельдорф өзенінің алқабынан табылған.

Үшінші стадия- неоантроп ( қазіргі адам) немесе кроманьон адамы. Ол Францидағы Кроманьон қаласынан табылған. Дегенмен бұл адамның түрлері осы күнге дейін толық шешімін таппаған, ғылыми болжамдар түрінде айтылып жүр. Ғылымда қызу тартыстар, әртүрлі болжамдар айтылуда.

Сапиентация – қазіргі түсінік бойынша эаолюция – ол бір сызықты (линеный) процесс емес, ол үздіксіз, көп жүйелі процесс болып табылады. Басқаша айтқанда ағаш пен оның бұтақтары емес,бұтаға ұқсайды. . Сетевидтік эвоюция – бір мезгілде даму деңгейі әртүрлі дәрежедегі адамдар қатар өмір сүруі мүмкін, олар мафологиялық, мәдени даму дәрежелері жағынан әртүрлі деңгейде болуы мүмкін

Австралопитек. 1920 жылдарда Оңтүстік Африкада Номо бұтағынан бұрын өмір сүрген , екеуінің арасындағы “ ; жетіспейтін жүйе ( звено) табылып, оны ғалымдар Австролопитек ( оңтүстік маймылы ) деп атады. Ол екі аяқпен тік жүретін адам тәрізді маймыл, өмір сүрген уақыты 5 – 6 – 1 миллион жылдар аралығы. Миының көлемі 435 -600 см3, ал ең үлкендерінікі – 848 см3 шамасында , бойы 120 – 130 см, салмағы 30 – 40 кг. Олар еңбек құралдарын жасай алмаған, бірақ аң аулау кезінде таяқтарды, тастарды пайдалана білген.

Ол адамдар тәрізді маймылдардың арасындағы дене бітімі, құрылысы, жүрісі жағынан қазіргі адамға ең жақын адам тәрізді маймыл.Оның адамға ең жақын ұқсастығы басының құрылысы мен тістерінде. Қазіргі адам тәрізді маймылдарға қарағанда олардың беті шағын ал ми бөлігінің үлкен болып келуінде,тіс доғасы адамдікіне ұқсас.Екі аяқпен тік жүрудің нәтижесінде олардың дене құрылысында күрделі өзгерістер болған.Австралопитектер көшіп жүрген,олар жеміс-жидектерді,өсімдіктерді теріп ,жинап жеумен қатар ұсақ аңдарды,жәндіктерді аулап өмір сүрген. Олардың қатарында Оңтүстік (африкандық) және Шығыс (олдувайлық,т.б.)түрлері де белгілі

Номо хабилис ( қабілетті адам – человек спасобный). Презинджантроп . 1960 жылы Олдувай шатқалынан алғашқы адамның қаңқасын белгілі археолог ,анпрополог Л.Лики тапқан.Оның өмір сүрген уақыты 2,4 – 2,8 миллион жыл, ми көлемі 650 см3 . Қол аяғы жетілген, тік жүретін адам, онымен бірге еңбек құралдарынан :чопперлер,көпқырлы тастар,тас балғалар ,тас сынықтарынан жасалған құралдар табылған.Оның қолы еңбек құралдарын ұстауға ,жұмыс істеуге бейім.

Демек Австралопитек — маймыл, Номо хабилис – адам. Ғалымдар арасында ол жөнінде әртүрлі болжамдар бар,кейбір зерттеушілер оны біршама жетілген австралопитек ретінде қарастырады.Көпшілік ғалымдар оны адам қатарына жатқызады.Оның басты айғағы сонда олар қолмен жасалған еңбек құралдарын пайдаланған.

Номо еректус (іскер адам) . Шамамен осыдан 2 миллион жыл бұрын Номо хабилисті — Номо еректус алмастырған . Ол 2 миллион — 0,5 миллион жылдар аралығында өмір сүрген . Орташа ми көлемі 1000 см3. Олардың отаны Африка, бірақ олар бірте – бірте Арабияны , Таяу Шығысты, тіпті Кавказды қоныстана бастаған . Шамамен осыдан 1,1-0,8 миллион жыл олар Оңтүстік — Шығыс, Шығыс Азияны , Еуразияның оңтүстігін, Азияның үлкен бөлігінде мекендей бастаған болса керек. Ал олардың бұл аймақтарға кеңінен таралуы осыдан 0,5 миллион жыл бұрын болған.

Гейдельберг адамы (600 000-150 000 жылдар) ,ми көлемі 1100-1400 см3. Кейбір болжамдарға қарағанда Еуразия даласында Гейдельберг адамдары осыдан 30 000 жыл бұрын өмір сүрген . Бойының бйіктігі 155 -160 см.Оған тән ерекшеліктер : қабағы өте шығыңқы,маңдайы жалпақ әрі кең, төменгі жақ сүйегі ірі (үлкен),иегі ажыратылмаған және шығыршығы өсіңкі, Африкада осыдан 150 000 жылдан бері Хелмей адамы өмір сүрген, ол кейір ғалымдардың пікірі бойынша номо еректус пен гейдельберг адамының арасында өмір сүрген болса керек.

Номо сапиенс (ақылды адам ). Ғылымда қалыптасқан көзқарастар бойынша қазіргі адам шыққан тегі Неандерталь адамы деп келген болатын, ал соңғы 20 жыл көлемінде оны Гомо Сапиенс деген пікір жиі айтылып жүр. Бұл әлі толық шешімн таппаған , даулы ,пікірталасты мәселе.

Бұл мәселе жөнінде екі көзқарас бар,олар : полицентристік және моноцентристік Полицентристік бойынша -номо еректустан номо сапиенске өту эволюциялық жолмен үзіліссіз Африка,Азия,Европа территориясында іске асқан. Моноцентристік көзқарас бойынша-неоантроптардың қалыптасуы белгілі бір регионда болған. Ол регион Оңтүстік және Шығыс Африка болса керек,осы жерде қалыптасқан неоантроптар жан-жаққа қоныс аударып жергілікті гоминидттерді қырып-жойып не оларды өздеріне қосып алу арқылы іске асырған.

Сонымен қатар номо сапиенстерге жасы жағынан жақын ескерткіштер ТаяуШығыста (Схул,Кафзех үңгірлерінде) табылған ,олардың жасы 70 000- 100 000 жыл. Сонымен қазіргі күнде адамның отаны ретінде Африка континенті есептеліп отыр. Генетиктердің болжамына қарағанда қазіргі адам осыдан 200 000-160 000 жыл бұрын қалыптасуы мүмкін .

Қазіргі адамның жер бетіне таралу мәселесіне келсек, олар Африка мен Таяу Шығыстан Азияның оңтүстік аудандарына ,Австралияға осыдан 60 000-50 000 жылдан бері ал Еуропаға 40 000-35 000 жыл бұрын қоныстанған болса керек.Сосын 10 000 жылдай неандертальдықтармен қатар өмір сүрген .

Жер шарының әр түрлі аудандарын мекендеген әр түрлі адамдардың араласуы барысында, сол жерледің климатына бейімделген қазіргі рассалар қалыптасқан болса керек. Әрине рассалардың нақты осдын неше мың жыл бұрын қалыптасқанын анықтау мәселесі өте күрделі және ұзаққа созылатын процесс.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 

  1. Археологиялық периодизация және хронология
  2. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  3. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  4. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  5. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  6. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  7. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  8. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  9. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  10. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  11. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ