Жетістікті бағындыру үшін қажетті әдеттер

0
698
Иллюстрация: Freepik.com

#1-әдет: Оқыдың ба – тәжірибе жүзінде іске асыр.

Бәріміз талай кітапр оқыдық,бірнеше ондаған,мүмкін тіпті жүздеген. Бірақ сол оқыған ақпараттарыңызды өмірде қаншалықты қолданасыз? Білу мен жасау – екеуі екі бөлек дүние. Бір ғана кітапты оқыса да, сол оқыған ақпаратын өмірде пайдалы іске қолданған адам жүз кітап болса да тек кітапты оқумен ғана шектелген адамдарға қарағанда әлдеқайда көп жетістіктерге жетеді. Сондықтан, бүгінгі күннен бастап осы әдетті бойыңызға сіңіріңіз: Оқыдыңыз ба – іске асырыңыз. Жаңа ақпарат алдыңыз ба , оны өмірде байқап көруге асығыңыз. Кейінге қалдыруға немесе ары қарай оқуға емес, тәжірибеңізді толықтыруға асыққаныңыз дұрыс. Қимылдаңыз!

#2-әдет: Әр күн сайын бір нәрсе жасау.

Өзіңізге тағы мынандай әдетті сіңіріңіз:әр күн сайын өзіңізді арман-мақсатыңызға бір қадам болсын жақындататын бір істі орындаңыз. Бұл,тіпті, 5 минуттық шаруа болса да орындаңыз, тек өзіңіздің төменге түсіп кетуіңізге мүмкіндік бермеңіз. Тіптен,демалыс күн болса да, қатты ерінсеңіз де – тұрыңыз да бір іспен айналысыңыз. Бір жылда 365 күн бар. Егер әр күн сайын 1 қадамнан алға жылжысаңыз, сізде 365 жаңа мүмкіндік болады. Уақыт өте келе бұл сіздің өзіндік тәртібіңізді (самодисциплина) жаттықтырады, сізге мотивация береді және өз бағаңызды арттырады. Сол үшін әр атқан таңда жетістікке бір қадам жасауға асығыңыз.

#3-әдет: Нәтиже мен атқарылатын жұмысқа назар аудару:

Тек қана жасалған әрекет пен одан шыққан нәтиже сізді алға жетелейтін күш болып табылады. Сіз шексіз жоспарлап,оны қорытындылап, зерттей аласыз , бірақ тек сол жоспармен әрекет еткен жағдайда ғана алға жылжисыз. Сондықтан күнделікті көзіңізге көп түсетін орынға «МЕНІҢ ҚАЗІР АЙНАЛЫСЫП ЖАТҚАН ІСІМ – МЕНІ АЛҒА ЖЫЛЖЫТАДЫ МА?» деген сұрақты жазып, іліп қойыңыз.

#4-әдет: Өзіңіздің жеке қабілеттеріңізді дамыту үшін үздіксіз жұмыс жасаңыз.

Өз біліміңізді, қабілет – дағдыларыңызды үнемі дамытыңыз. Бірақ мақсатты түрде жұмыс жасаңыз: өзіңіз таңдаған сфераға қатысты салаларда жұмыс жасаңыз. Кез-келген нәрсені жұта беруден аулақ болыңыз, білімнің дәнін басқа қалдықтарынан ажыратып үйреніңіз. Сіздің тәжірибеңіз көп болған сайын, жаңа жағдайды қорытындылауға, шешім қабылдау мен қажетті нәтижеге жетуге деген қабілетіңіз де арта түседі. Осылайша, біліміңізді арттыра отырып, уақытыңызды нәтижелі пайдалана аласыз.

#5-әдет: Мәселе туралы емес, оның шешімі туралы ойланыңыз:

Кез-келген мәселені шешудің жолы оның шешіміне мән беруде жатыр. Сол арқылы сіз мәселенің түйінін табу үшін шынайы жоспарлар құра аласыз. Ал қалған ой толғаныстардың,уайымдаудың бәрі бір миллиметрге де сізді алға жылжытпайды. Құр уайымға емес, мәселе шешіміне көп мән беріңіз.

#6-әдет: Оңайын емес, керегін орындаңыз:

Сіздің дамуыңыздың барысында кез-келген кезде үлкен нәтиже беретін, аса маңызды бір іс болады. Және көп жағдайда бұл өте қиын және күрделі болып көрінеді. Сіздің уақытыңыз шектеулі ресурс. Сондықтан тек осындай істерді жасаңыз. Көп созбаңыз, олардың өздері іске асқанын күтпеңіз. Сіз үшін қазіргі сәттегі маңызы жоғары істі алыңыз да, бастаңыз. Ал басқаларға тапсыруға немесе орындамауға болатын қарапайым істерге бас ауыртпасаңыз да болады.

#7-әдет: Жағымсыз жағдайларға қуану:

Сіздің басыңыз қандай іске тап болса да ол жағдайдан позитивті, яғни жағымды жақтарын іздеңіз. Алдыңыздан ашылатын жаңа мүмкіншіліктерге дайын болыңыз. Әр сәтсіздіктен бір пайдалы сабақ, өмірлік тәжірибе ала білу өте маңызды. «Іске аспағанның бәрі — жақсылыққа» деген мақал сіздің де әдетіңізге енуі тиіс.

#8-әдет: Белгілі бір жетістікті емес, өзіңізді инвестицияландырыңыз.

Жалпақ тілмен айтқанда өзіңізді тек бір жетістікке ғана арнамай, тұлғаңызды дамытуға жұмыс жасаңыз. Көптеген адамдар белгілі бір нәтижеге қол жеткізгеннен соң арқасын кеңге сала бастайды. Оның соңы – дамудың тежелуі,одан әрі – артқа қарай шегіну. Сондықтан қолыңыз жеткен жетістікке қанағаттанып отырып қалмаңыз.Ең бірінші кезекте өз біліміңізді қоректендіріңіз. Ал содан соң барып жетістіктермен өзіңізді еркелетуіңізге әбден болады)

#9-әдет:Айналаңыздағылардан аяныш пен қолдау емес, неге бұл нәрсені қалайтыныңыз туралы нақты фактілерді іздеңіз:

Көптеген адам алдымен шешім қабылдайды. Содан соң барып оны негіздеп, зерттеп, айналасынан созылатын көмек қолын іздей бастайды. Бірақ жетістііке жету үшін ЕҢ алдымен қабылдайтын шешіміңізді қорытындылап, терең зерттеп, фактілер мен ақпараттарды қарастырып нақты да соңғы шешімді қабылдау керек. Сонымен қоса сіздің алдыңызда ешкімнің міндетті емес екенін, көмектеспеуге құқылы екенін де естен шығармаңыз.

#10-әдет: Сіздің басты ойыңыз: «Мен нені қалаймын және оған қалай қол жеткіземін?»

Бұл ең басты әдет. Әр кеш сайын өзіңізге былай сұрақ қойыңыз: «Менің қалауым не және оған қалайша қол жеткізсем болады?» Алдағы орындайтын шаруаларыңыздың барлығын осы сұраққа берген шынайы жауабыңызға негіздеп жоспарлаңыз.

#11-әдет: Әр басталған істі нәтижеге дейін жеткізу:

Қандай да бір істі бастасаңыз, оның соңғы әрі жемісті нәтижесіне жеткенше тоқтаушы болмаңыз. Соңына дейін жеткізілмеген іс кейін уақытыңызды алып, сол іске қайта енуге итермелейтін болады. Ал бір тәуліктен соң сізде бастапқы мотивация, бастапқы ақпарат сақталып қалмайды ғой?

#12-әдет: Уақытты жақсы көру:

Табысты адам өзінің тапқан табысын әр сағатымен есептейді. Ол өз уақытын бағалайды және сондықтан бір сағатында әдеттегі адам бір күнде орындайтын істі жасайды. Осы себепті табысты да іскер адамның бір сағаты өте қымбат саналады. Өз уақытыңызды табыс көзіне айналдырып қоймай, оны бос өткізуден қорқыңыз, жақсы көріңіз, сыймен қараңыз.

#13-әдет: Демалу және тойлау:

Адамның мүмкіншіліктері шектеусіз емес.Сіз апта,ай,жыл бойы жұмыс жасай аласыз.Бірақ одан сіздің жалпы еңбекке қабілеттіліңігіңіз төмендейді. Ерте ме кеш пе, «аяғыңыз аспаннан келетін» уақыт жетеді, сіз шаршайсыз. Сол үшін, аптасына бір рет бір күнді толықтай өзіңізге арнаңыз, өзіңіздің әлсіздіктеріңізге жол беріңіз. Өзіңізді еркелетіп, алдағы апталарда жемісті еңбек ететіндей күш жинап алыңыз.

Аударып,жинақтаған: Салтанат Мағжан

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ