Жусанның пайдасы мен түрлері

0
3793
Иллюстрация: Freepik.com

Жусан — киелі өсімдік. Жусанның бірнеше түрі бар: ақ жусан, қара жусан, дәрмене жусан, тықыр жусан, арқар жусан т.б. Арасында улы (таврий
жусаны ) да кездеседі, оны жүй жануарлары да жемейді.


Дәрмененің емдік қасиеті:

«Ермен жеген ер өлмес» деген сөздер жусанның емдік қасиетін айқындай түседі. Қазақша «дәрмене атауы «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді.

Ертеде аналарымыз құяң (радикулит) ауруымен ауырған адамның белін керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен 7 күн сипалаған. Сол арқылы белінен тұра алмаған адамды емдеп жазған.

Демікпеге шалдыққан адамға қара жусанның сабағының түтінін күніне 2 мезгіл иіскеткен. Ащы тіс өпкедегі құртты өлтіріп, тынысын ашатын болған.

Иммунитет көтеруде: 500 гр жаңа кесілген жусанның сөлін грек жаңғағымен араластырып ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір асқасықтан күніне үш мезгіл 1 ай ішу керек.

Демікпеге жас жусанды езіп шырынын күніне үш мезгіл 5 гр ішуге болады.

Жусан өсімдігін көбінесе үйге іліп қойған. Себебі үйде тұтынатын заттарға: тұскиіз, кілем, құндыз бөріктер мен тондарға көбелек құрттары түспеуі үшін.

Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Жүрегі қысылып, лоқсұған кезде бірден жусанды иіскетеді екен.

1 ас қасық жусанды 1 стақан суға 20 минут тұндырыңыз. Содан соң сол тұнбамен аузыңызды шайыңыз. Ауыз қуысындағы бактериалды жояды, стоматиттің алдын алады.

Қазіргі аяқ киімдердің ішінен иіс шықпас үшін аяқ киімнің ішіне күнде кешке жусан салып қойыңыз. Ылғалданудан, қатты иістенуден сақтайды.

Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. 1 шай қасық үгітілген жусан жапырағын 1 стақан қайнаған ыстық суға саласыз. Тұндырып жарты сағаттан соң сүзесіз. Тамақтың алдында 1 сағат бұрын күніне 3 мезгіл 1 үлкен қасықпен ішесіз. Осылай 15 күн емделесіз. Іштегі құртты түсіретін мықты ем.

Бұрын үйге бүрге, құмырсқа толып кетсе, жусанды қайнатып, соның суымен жуатынбыз. Содан кейін ешқандай жәндіктер үйге жоламайтын. Қазір де қала үйлерінде тарақан көрінсе, кілемнің астына жусан саламын.

Басқа материалдар:

  1. Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
  2. Жылы және суық судың пайдасы мен зияны қандай?
  3. Фастфудтың 10 зияны
  4. Майонезді неге жеуге болмайды?
  5. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  6. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  7.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  8. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  9. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  10. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ