Ашығудың пайдасы қандай?

0
1260
Freepik.com

Қазіргі заманда барлық адамға ашығу керек.

Сіз денсаулығыңызды қанша күтсеңіз де, ағзамыз тазалануды қажет етіп тұрады. Өйткені тағамды талғап жесеңіз де, ауа лас, су хлорға толы. Қоршаған орта таза болмай, біздің ағзамыз токсиндерден дін-аман деп ойлау бекершілік. Сенбесеңіз, сырт келбетіңізге бір қарап анализ жасаңызшы?

Шаш пен тырнағыңыздың күйіне көңіліңіз тола ма? Ал теріңізге ше? Бетіңізде қара дақ, безеу, саусақтар тілініп, өкше жарылса, оны неден көресіз?

Әрине, өзіндік себебі болу мүмкін. Бірақ бұл токсинге толы ағзадан шығып жатқан белгі. Оны беткей ғана жойып әр химикатты қолдана бергенше, тезірек емделуді қолға алған жөн. Ал эффективті әдіс беретін әрі пайдалысы — ашығу.

Ашығу таңнан кешке дейін нәр сызбай немесе диетаға отыру емес. Бұл дәрігерлердің бақылауымен жүргізілетін процесс. Яғни бауыр, өт, асқазан мен қан тазарып, керісінше, күш көбейеді.

Иммунитет күшейгесін, гормон мөлшері реттеліп, үнемі еңсені басып тұратын шаршау-шалдығудан арылады. Әр ашығудан соң қатысушылардың жастық шағыма қайта бардым дейтіні сол.

Ал сұлу келбет пен қыпша бел ашығудың бонустары деп қабылдаңыз. Өйткені жылдар бойы жиналған шлак пен токсин кеткенде, әр жасуша жаңарып, ол өңіңізге ажар береді. Теріңіз жылтырап, шаш сусылдап, ұйқы қанық, үнемі сергек жүретініңіз де сондықтан.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ