Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары

0
1717
Иллюстрация: Freepik.com

Ата-аналарға бала тәрбиесінде көмек көрсету мақсатында баланың
психологиялық дамуы негізделетін ата-ана тәрбиесінің заманауи қағидаларын
қарастыру ұсынылады.

Бұл қағидалар бала тәрбиелеудің дұрыс, гуманистік талаптарына сәйкес келеді.

Сонымен, қазіргі ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуде келесі қағидаларға
негізделеді:

1. Ата-аналық өктемшілдік қағидасы.  Бұл қағиданы ұстанатын ата-аналар көбінесе бала не істеу керектігін, «ол ата-анасымен бірге тұрған уақытта» өмірлік жағдайларда өзін қалай ұстауы керектігін өздері шешеді.

Кейде мұндай бақылау баланың кіммен достасуын немесе достаспауын, инженерлік немесе экономикалық факультетке түсу керектігін, әкесінің фирмасында ма, әлде басқа жерде жұмыс істейтіндігін, тіпті таңертең тісін жуатынын немесе жумайтындығын ата-аналары шешетін жағдайға дейін жетеді.

Түптеп келгенде, кез келген бала күнделікті тұрмыстың мәелелері бойынша ата-аналық өктемшілдіктен қашып құтыла алмайтындығын айта кету керек. Тыйым салу, рұқсат ету, мадақтау мен жазалау – тәрбиелеудің қарапайым құралдары болып табылады. Әдетте ата-аналары балаға бір нәрсеге неліктен рұқсат етілетінін, ал басқа нәрсеге неліктен рұқсат етілмейтінін түсіндіріп жатпайды.

Ата-аналық өктемшілдікке негізделген тәрбие стилі баланың күшті тұлға болып дамуына жағдай тудырмайды. Мұндай балада өзіндік таңдау жасау мен шешім қабылдау, шығармашылық немесе кәсіби бастама, жауапкершілік пен тәуелсіздік үрдістері аз байқалады.

Осындай балалардың болашақ өмірінде невротикалық ауытқулар дамиды. Мұнан былай олар өзін өмірге бағыттап, нені қалай жасау керектігін айтып беретін адамдарды іздеп жүргендігін аңғармайды (яғни, іс жүзінде олардың өктемшіл ата-анасының орнын басатындарды іздейді). Нәтижесінде мұндай адам болып бастығы немесе әйелі немесе күйеуі шығады. Өктемшілдік стильде тәрбиелеудің басқа нәтижесі – ымыраға келмейтін
бүлікші, өз құқықтары мен еркіндігі үшін үнемі күресіп жүретін күрескер,
көтерілісші пайда болу.

Мұндай адамдар іштей өз ата-аналарын жек көреді, олардың бала кезінде оның бостандығын шектегендігін жаны жаратпайды. Бірақ бұл нұсқа сенімсіз және тәуелді адамның қалыптасуы сияқты бірінші нұсқаға қарағанда аз таралған.

2. Ата-аналық табыну қағидасы. Ата-аналар балада өзі туралы шамадан тыс жақсы түсініктер қалыптастырады («Сен ақылдысың! Сұлусың! Басқалардан ерекшесің!») және өз қажетіне қарай осылайша айла-шарғы жасайды. «Димаш, сен ең ақылды
баласың! Анаңның өтінішін орындашы!» немесе «Ботам, сен менің
ақылдымсың! Үлкендердің айтқанын тыңда!». Мұндай ата-аналар балаларды шамадан тыс қамқорлыққа бөлейді. Олар өз   балаларына өте сирек ұрысады, бірақ ең бастысы – оларды нағыз еңбектің ауыртпалығынан немесе нағыз қиыншылықтардан барынша қорғаштайды.

Мұндай жағдайда бәрінен оңайы ата-аналық иландыру жүргізу: «Біздің Димаш заң факультетіне оқуға барады, ол өте қабілетті», «Димаш бұл жаман қызбен кездеспейді, солай ма, Димаш?». Осылай тәрбиелеу нәтижесінде баланы өзіндік сезім кернейді, басқа адамдарға залал келтіретін шамадан тыс өзімшіл және қанша таңқаларлық болмасын басқа ақылды адамдармен жеңіл басқарылады.

Шынында, ол өмірінің соңына дейін түйсіксіз түрде оны барлығы жақсы
көрген, мәпелеген және ешқашан қарсылық көрмеген балалық шағының
шарттарын қайталауға ұмтылады. Мұндай адамдардың проблемасы өмір оларға қатаң сынақтар қойып немесе өздігінше бірдеңені жасау керек қажеттілігінен туындайды. Осыдан келіп олардың күш-қуаты кемігені байқалады. Мұндай адамдардың басқалармен қатынасы қолайлы болуы мүмкін, бірақ олар өздерін айрықша тәкәппар ұстайды.

3. Ата-аналық менсінбеу қағидасы. Бұл қағиданы басшылыққа алатын ата-аналар балаға немқұрайды қарайды, кейде тіпті менсінбеушілікке дейін жетеді. Осындай ата-аналармен тұратын балалар өмірлік бағдары болмағандықтан, өмірдегі орнын әрең анықтайды. Олар қайда бет алу керектігін, не істеу керектігін, неге ұмтылу керектігін түсінбейді.

Егер өктемшіл ортада тәрбиеленген балада өктемшіл ата-ана түріндегі қандай да бір бағдар болса, мұндай балаларда өмірде тіреніш ететін ешқандай бейне жоқ. Олар ата-аналарына жиі айтылмаған жиіркенішті сезінеді. Жоқ, мұндай балалар бастапқыда ата-аналарынан мейірімділікті, махаббат пен жылылықты күтіп, оған өзі ұмтылуы мүмкін, бірақ эмоционалдық қатаңдық немесе немқұрайдылыққа тап болып, ақыр аяғында өз-өзіне келіп тұйықталып қалады.

Ата-аналық тәрбиенің үш қағидасын және осыдан келіп туындайтын тәрбие стилін қарастыра отырып, балаларды бұлай тәрбиелеуге болмайды деген стильді көрсетеді: балаға іс-әрекет дербестігі мен шешім қабылдау еркіндігін бермей, шамадан тыс өктем түрде; балаға қиыншылықтарды бастан кешіріп, өз әрекетінің салдарын сезінуге мүмкіндік бермей, шамадан тыс қамқорлық көрсету түрінде; балаға жеткілікті көңіл бөлмей, жақсы көрмей, шамадан тыс немқұрайды қарау түрінде ТӘРБИЕЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ.

Тәрбие процесінде келесі қағидалар анықталған:

1. Араласпаушылық қағидасы – бұл баланың жеке өміріне ата-ананың өте
шектеулі түрде қатысуы. Ата-аналардың міндеті – баланы өздігінше және толыққанды өмірге бағыттау, және осы бағыттау барысында кез келген қысым немесе бала өміріне
араласушылық болмауы керек.

Бұл оның таңдауы, қате болса да олардың өзіндік еркін білдіру көрінісі ретінде оны құрметтеу керек. Бала кәсіби, шығармашылық, зияткерлік немесе жеке өмірін қаншалықты ерте бастаса, бұл оған тұлға ретінде соншалықты  дұрысырақ.

2. Сөзсіз қабылдау қағидасы балаға шүбәсіз құндылық ретінде қарау
қатынасын білдіреді. Бұл балаға деген жалпы қарама-қатынасқа, сондай-ақ кез келген жеке жағдайларға, нақты амалдар мен баланың әрекеттеріне қатысты. Бала қателесуі,
дұрыс шешім қабылдамауы, еркелеуі мүмкін – сөзсіз қабылдау қағидасы оны
қалай болса солай, ешбір кінәлаусыз, сынаусыз және моральсыз-ақ қатынаста
болуды ұсынады.

3. Демократиялық қағидасы. Балаға деген демократияшыл қатынас – бұл балаға ең кішкентай жастан бастап әлсіз, қорғансыз, тәуелді, айтарлықтай дамымаған тірі ағза ретінде қабылдамай, ал керісінше – тәуелсіз, толыққанды, жауапты шешімдер мен
әрекеттерге қабілетті тірі жан иесі ретінде қарауды білдіреді.

Бұл баланың пікірін үнемі ескеру керектігін, ата-аналардың меншігі емес, дұрысы дос, ата-ананың көмекшісі ретінде қарастыруды қажет етеді. Егер бала өзін отбасында өзін басқа мүшелермен тең сезінсе, онда ол қоғамда да өзін тең сезінеді.

Мысалы, бұл былай болуы мүмкін: «Сағат алтыда үйде отыр, кешігуші болма!» деудің орнына «Балам, сенің бүгін серуеннен нешеде келетініңді талқылайық?».

«Бүгін тағы екі алдың ба, қалай ұялмайсың ба?» деудің орнына «Бота, сен бүгін мектепте үш алдың ба, сенің үлгеріміңді уайымдап жүрмін, бұл үшін саған не істей аламын?».

«Баланы демократиялық тәрбиелеу кодексінен» қысқаша үзінді ұсынамыз:

1) Мен өз баламды «ақымақ», «жалқау», «тілазар», «топас» және т.б. деп атап, ешқашан жәбірлемеймін.

2) Мен өзімнің нашар көңіл-күйімді, ашу-ызамды немесе агрессиямды ешқашан балама шығармаймын.

3) Мен балама ешқашан бұйыра сөйлемеймін, оны күштеп отырып бірдеңе (өмірге қауіпті жағдайлардан басқа) жасауға мәжбүрлемеймін.

4) Мен өз балама оның қолынан бірнәрсе келмейді, бірнәрсеге қабілеті жоқ, бұл нәрсе оған арналмаған деп ешқашан айтпаймын.

5) Алдын ала баламмен ақылдаспай тұрып, мен оған еш нәрсеге тыйым салмаймын.

6) Мен баламмен талқыламай тұрып, отбасындағы маңызды шешімді ешқашан өзім қабылдамаймын.

7) Мен балам үшін оның қолынан келетін затты ешқашан жасамаймын, ол өтініш білдірсе де мен оған көмектеспеймін.

8) Мен баламды өмірлік қиындықтардан қорғауға ұмтылмаймын, оларды ол өзі жеңіп үйренуі керек.

Дереккөз: Ата-аналарға ақыл-кеңес, «Балаларды дұрыс тәрбиелеу қағидалары», әдістемелік ұсыныстар. ҚазҰУ дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
  2. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
  3. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.
  4. Терминге қойылатын талаптар
  5. Көркем троптар, олардың түрлері
  6. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  7. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  8. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  9. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  12. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  13. Этиканың пәні мен болмысы
  14. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ