Ерекше қабілетке ие адамдар

0
3086
Иллюстрация: Freepik.com

Әлемдегі  кез-келген адам ерекше, олардың әрқайсысының өзіндік сипаты немесе бірегей қабілеті бар. Бұлай болуы заңды, өйткені өмір бойы біз басқаларды танып, олардың жеке тұлғасын ашамыз. Сонымен қатар, біз көптеген өмірлік сабақтардан өтіп, өзімізді де тұлға ретінде танимыз.

7 миллиард адамның ішінде, қарапайым адамдық ерекшеліктерден де асып түсетін, таңқаларлықтай қабілетке ие адамдар кездеседі. Олай болса, назарларыңызға әлемдегі ең, ең ерекше 10 адамды ұсынамыз.

Компютер адам

Бұл Ұлыбританияның жазушысы Даниэль Тамметтің есімі. Бұл жас жігітте математикалық есептеулермен байланысты ерекше қабілетке ие. Тіпті,  қазіргі ғылым бұл феноменальды қабілетті түсіндіре алмайды. Даниел сан жағынан көп таңбалы сандарды оңай көбейтеді және бірден дұрыс жауабын таба алады. Ол мұны қалай жасайды деп таңданатын боларсыз?

Даниел мұны жай ғана былай түсіндіреді: оның басындағы барлық сандар түсі, пішіні, құрылымы бар суреттермен бейнеленеді және төртінші өлшем пайда болады, онда дұрыс жауаптың ерекше бейнесі шыға келеді. Ол санау машинасынан тезірек текше тамырларын есептей алады, ПИ санындағы үтірден кейінгі 22500-ден астам санды атай алады. Суперматематикалық қабілеттерден басқа, Таммет бірнеше тілдерді біледі және өзінің тілін ойлап таптқан. Ол жаңа тілді тез меңгереді және оны еркін меңгереді!

Даниел Таммет аутизм мен Савант синдромына шалыққан.  Оның ерекшелігі, ол осындай қабілетке ие бола тұрып қоғамға бейімделуі, құқықты түсінуі және сол мен оңды ажыратуы, электр құрылғыларын қалай пайдалану керектігін түсіну қиын. Бірақ  ол бұны қалай істейтінін түсіндіре алатын жалғыз адам және бұл савантизм феноменін зерттейтін ғалымдарға үлкен көмек береді.

Эхолокатор адам

Ерекше қабілеттері бар бұл жас адам Калифорния штатының Сакраменто қаласында дүниеге келген. Бенджамин Андервуд мықты және дені сау бала болып дүниеге келген. Алайда, кейінірек, ретинальды қатерлі ісікке байланысты дәрігерлер Беннің өмірін сақтап қалу үшін екі көзді де алып тастауға шешім қабылдайды.

Осыған қарамастан, Андервуд салауатты жас жігіттің өмірінен еш айырмашылығы жоқ өмір салтын ұстанды. Себебі Бен эхолокацияны еркін қозғалу үшін қолдана алды. Ол әлемдегі дыбыстың арқасында өзінің барлық әрекеттерін үйлестіретін жалғыз адам болды. Ол әлемді жарғанаттар немесе дельфиндер сияқты көрді. Бен дыбыспен нысандарға дейінгі қашықтықты анықтай алады. Сонымен қатар, жас жігіттің есту қабілеті қарапайым адаммен бірдей, тек  Беннің миы оған визуалды ақпарат түрінде дыбыстар береді.

Бұл шеберлік Бенге спорттық ойындарды еркін ойнауға, серуендеуге және көмексіз жүгіруге, тіпті велосипедпен жүруге және компьютерлік ойындарды керемет ойнауға мүмкіндік береді!

Резеңке адам

Оны гутта-перче адамы деп те атайды. Американдық Даниэль Смит бірнеше рет Гиннестің рекордтар кітабының рекордсмені болған.  Кішкентай Даниел өзінің қабілеттерін бар болғаны төрт жасында ашты. Ол сол кезде денесін қалай бұрауды білді. Кейін 18 ге толған ол ересек адамға бұндай қабілет ерекше екенін түсіне отырып, үйінен қашып циркке жұмысқа кірген.

Циркке гастрольдік сапармен басқа елдерді аралап, Даниэль өзінің талантын елге паш етеді. Онымен қоймай,  ол түрлі телешоуларға, спорттық жарыстарға қатысқан. Д.Смит денесімен істейтін түрлі ақылға қонымсыз трюктары басқаларды таң қалдырады.

Ол біздің рейтингімізге сәйкес әлемдегі 10  ең икемді адамының тізімінде. Даниел денесін ақылға сыймайтын түйіндерге оңай байлайды, теннис ракеткасындағы тесіктен өте алады, тіпті кеудесінде жүректі қозғалта алады. Ол осындай қабілетінің арқасында үлкен жетістіктерге жетті.

Темір жегіш

Мишель Лотито-Францияның атақты адамы, және ол өзінің гастрономиялық тәуелділіктерімен танымал. Өйткені, ол бейорганикалық заттарды жейді. Ең алғаш тоғыз жасында Мишель шамды жеп, достарын таңдандырған. Кейін ол көпшілікке жеуге болмайтын заттарды жей бастады. Мысалы, велосипедтер, теледидарлар, шыны және резеңке заттар. Ол осы қабілетін елге ақшаға көрсету арқылы күнін көреді. Бұл заттарды жеу үшін олар әдетте кішкене бөліктерге бөлініп немесе кесектерге кесіп алады. Мишель мұның бәрін жеп, көп мөлшерде су ішіп, жұтқыншақты зақымдамау үшін аздап май қосып жейді.

Лотитоның өзі мұндай «тамақтан» кейін ешқандай зиянды салдар болмайды деп мәлімдейді.

Ең таңқаларлығы, Мишельді зерттеген дәрігерлер мұндай Гурманның ас қорыту проблемалары жоқ екенін растады. Жалғыз ауытқу-асқазанның қабырғаларының қалыңдығы қарапайым адамдарға қарағанда екі есе үлкең. Бұл Мишельге ұшақты, әрине, бірден емес, екі жыл ішінде жеуге мүмкіндік берді. «Сесна – 150» ұшағы Лотитоның денесінде із-түссіз жоғалып кеткен. Ол өмір бойы бірнеше велосипедтерді, супермаркеттерді, шамдарды, кереуеттерді, теледидарларды және т. б. жеген.

Азаптау патшасы

Тим Кридланд тағы бір ерекше адам. Оның феноменальды қабілеті-ауырсынуға ерекше төзімділігі. Тим мектепте жүріп ауырсынуды сезінбеу қабілеті бар екенін сезеді. Ол сыныптастарының көзінше қолын  үлкен инелермен тесіп, кез-келген температураға (жоғары да, төмен де) оңай төтеп берді. Кейін Кринланд өзінің денесін жақсы білу үшін адам анатомиясын мұқият зерттеді, өйткені көпшілікке қорқынышты трюктерді көрсете отырып, өмірлік маңызды мүшелерге зақым келтірмеу керектігіе түсінеді.

Ол от пен өткір қылыштарды жұтып, шегелерге жатып, семсермен, үлкен инелермен мойнын немесе бетін тесе алады. Ол сондай-ақ арқанды жұтып, оны қайта тартып шығара алады. Дәрігерлер “суперменнің” керемет ауырсынуға төтеп бере алатындығын растады, өйткені оның ауырсыну шегі қарапайым адамдарға қарағанда әлдеқайда жоғары.

Мықты басты адам

Джино Мартино американдық балуан және суретші бола отырып, өзінің қатты бас сүйегімен халықты таң қалдырады. Супермен өте қатты заттарды басымен сындыра алу қабілетіне ие. Мысалы, болат шыбықтар, бейсбол биттері, тіпті, бетон блоктары. Боулинг шары есіңізде ме? Джино Мартиноның басы, егер мұндай «доп» оған бес метр биіктіктен түссе, оңай төтеп бере алады. Джино көптеген рекордтарды жаңарта отырып барлығына өзінің бас сүйегінің мықтылығын дәлелдей алды. Шынында да, дәрігерлердің айтуынша, табиғат Джиноға ауыр бас сүйегін берген, сондықтан ол бүкіл әлемге «басы мықты адам»деген лақап атпен танымал.

Магнит адам

Малайзияда тұратын зейнеткер Лью Тоу Лин денесіне әр түрлі заттар, соның ішінде металдан жасалған заттар жабыса алатындығымен әлемге  танымал. Ол кеудесінде қасық пен шанышқы, балта, тіпті кірпіш ұстай алады. Тоу Лин денесінде салмағы екі келі болатын заттарды ұстай алады.

Бұл қабілеттер оның балалық шағынан бастап пайда болған. Магнит адам өзінің ерекше талантымен айналасындағыларды ғана емес, ғалымдарды да таң қалдырады. Бірнеше жылдан бері олар малайзиялықтың бұл ерекше қабілетін зерттеп, Тоу Линнің терісі ерекше «тарту» қасиеттеріне ие екендігін ғана анықтай алды.  Бір таңқаларлығы, оның отбасындағы бұл керемет қабілет мұра болып табылады.

Магнит адамның ұлдары мен немерелері бірдей қабілеттерге ие. Бірақ бірегей қабілеттері бар көптеген адамдардан айырмашылығы, Лью Тоу Лин шоу-бизнеске бармаған, бірақ ол әртүрлі телешоуларға, теледидар бағдарламаларына жиі қатысқан. Discovery Channel арнасындағы репортаждар мен бағдарламалардың кейіпкері болған.

Мұзды адам

Голландияның бұл тұрғыны өте төмен температураға оңай төтеп беретіндігімен танымал. Вим Хоф бірнеше рет мұзды суда өзінің қабілетімен әлемдік рекордтар орнатты. Ол өзінің бұл қабілеттін он жеті жасында ғана байқайды. Кейін өзінің ерекше қабілеттін дамыта отырып, денесін қатайта бастады. Сондай-ақ, ол дұрыс тыныс алу үшін көп жұмыс жасаған. Егер дұрыс дем алатын болсаш, онда иммунитет жоғарылайды, дене оттегімен қаныққан және қартаю процестері баяулайды, тоқтайды. Мүмкін, сондықтан 50 жастағы әйгілі голландиялық өзін жас сезінеді.

Вим үнемі мұзды суда жүзеді, үнемі қарда жалаң аяқ жүреді, мұздытойықтарда шомылады. Ол арктикалық шеңберден тыс жиырма шақырымдық марафонға қатысты, бірақ жарыс кезінде ауа температурасына қарамастан, оның үстінде жұқа киім ғана болған. Сол киімде ол Килиманжаро шыңында болған және Эверестті бағындырған.

Төрт жыл бұрын Хоф  Набиб шөліндегі марафонғада қатысқан. Осылайша ол жоғарғы температураға да төзімді  екенін дәлелдеді. Дененің осындай ғажайыптарын көрсете отырып, Вим салауатты өмір салтын насихаттайды. Ол барлығына ауруларды ұмытып, позитивті және бақытты болуға шақырады.

Тістер патшасы

Біздің рейтингтегі тағы бір ерекше жаратылыс Радхакришнан Велю. Ол үлкен көліктерді тістерімен тарта алады Малайзияның тұрғыны Радхакришнан 2007 жылы сүйікті елінің Тәуелсіздік күні қарсаңында оған кезекті рекордын сыйлады. Радхакришнан алты вагоннан тұратын және жалпы салмағы үш жүз килограмға жуық теміржол құрамын орнынан жылжыта алады.

Таңқаларлық қабілеттері үшін жергілікті тұрғындар Радхакришнанды “Тістер патшасы” деп атады. Оның күшті тістерінің құпиясы әлі белгісіз. Тіс патшасының өзі салауатты өмір салты күнделікті ұстанады. Оның жаттығуларына,жүгіру (25 км), медитация, штангалық жаттығулар және күшті жақтарына арналған жаттығулар кіреді.

Үрлеуіш адам

Аспан асты елінің бұл тұрғыны таңғажайып талантқа ие. Ол құлағымен шарларды үрлеп, шамдарды сөндіре алады! Вэй Мингтанг өзінің ерекше талантын ересек жасында байқап, ары қарай дамыта бастады. Ол кішкентай түтікті пайдаланып, құлағымен шарларды үрлеуді үйренді. Бұл қабілеті оның көптеген достары мен туыстарын таңдандырды. Сонымен қатар, Вэй әр түрлі мерекелер мен шоуларда жиі өнер көрсетеді, қалалық фестивальдерге қатысады. Ондп ол өз тұрғындарын жаңа трюктермен таң қалдырады,фестивальдердің бірінде ол 20 секундта 20 шамды сөндіре алған.

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ