Ерте ортағасырлық түркілердің жерлеу-ғұрыптық кешендері Орталық Азия археологиялық материалдары негізінде

0
823
Иллюстрация: Freepik.com

Б.д. II ғасырда деп жазады Гумилев, – сяньбийліктер (көне моңғолдар)ғұндардың көне мекені – Моңғол даласын басып алды.

Сонда ғұндар төрт бұтаққа жіктеліп кеткен еді: олардың бірі сяньбийлерге бағынды, екіншілері Қытайға кетті, үшіншілері соғыса жүріп, Жайық пен Волга бойына жетті, төртіншілері – «күші аздары» Тарбағатай мен Сауырдың тауларында қалып, кейін Жетісу мен Жоңғарияны басып алды. Бұл соңғылары анағұрлым өміршең болды. Олардың бір бөлігі Алтайда қыпшақтармен араласып, құман этностарын құрды, ал бір бөлігі Қытайға оралып, X ғасырға дейін өмір сүріп, «түркі-шатолар» деп аталды.

Ал, олардың ұрпақтары – XIII ғасырдағы онгуттер моңғолдармен кірігіп кетті. Автордың құмандар – қазақтардың тікелей аталарының бірі – қыпшақтар мен ғұндардың метисациясының нәтижесі туралы тұжырымы талассыз қызығушылық тудырады.

Гумилевтің төмендегі пікірі де аса мәнді: «Қазақ руларының арасында «уар» («вархониттер») ұрпақтары жоқ, ал хианиттердің көгілдір көзді ақ сарылары Кіші жүзде кездеседі, қаракидней – наймандардың ұрпақтары – Орта жүзде, ал қаңлылардың ұрпақтары – Ұлы жүзде кездеседі.

Қазақтардың басқа да ірі этностар сияқты тарихи жағдайларға сәйкес бір этникалық жүйеге кіріккен көптеген бабалары бар да, олардың реликттері этнос жаңаруының элементтеріне айналған. Біздің тарихи жазбаларда қазақ халқы құрамындағы хиониттер туралы «Казахстан: историко-публицистический взгляд», «Хазары и казахи» еңбектерін атамағанда, ешқашан айтылмаған.

Гумилевтің наймандардың қара қытайлардан шыққаны туралы пікірі, өз кезінде мұны Грумм-Гржимайло айтса да, тосын естіледі. Наймандардың шығу тегінің түркілік екенін қолдайтын біз үшін бұған келісу қиын, әрі бұл мәселе қосымша сенімді дәлелдерді қажет етеді. Л.Н. Гумилевтің қимақ пен қыпшақтардың шығу тегі мәселесіне қатысты да тұжырымы бар. Әсіресе, оны қимақтар қызықтырған. Ол: «Бұл қимақ этносы қызық.

Олардың мемлекеті үш ғасырдай – IX-XI ғасырларда жасаған. Қимақтар Обьтің жоғары бөлігі мен төменгі Волгаға дейінгі, Сырдарияның төменгі жағалауы мен Сібір тайгаларына дейінгі көлемді аймақта мекендеген. Ал, қазақтарда неге қимақтарды өзінің бабалары санайтын бір де бір ру жоқ?». Сұрақ шын мәнінде маңызды, алайда осы уақытқа шейін С.М. Ақынжанов, Б.И. Көмековтардың зерттеулерінің бар екеніне қарамастан, бұл сауалдың толық жауабы табылмаған.

Грумм-Гржимайлоның көзқарасынан тарата отырып, Гумилев қыпшақтар қола дәуірінде Минусин мен Алтайды мекендеген еуропаланған ел –динлиндерден шыққан, ал қимақтар ғұндардан тараған деген пікір айтады. Л.Н. Гумилевтің көне Қазақстанның этникалық тарихына, оның жекелеген аспектілеріне байланысты айтқан ұсыныстары мен ескертулері белгілі бір қызығушылық тудырады.

Алдыңғы кезекте бұл қола дәуіріндегі еуропатектес нәсілдерге, олардың қазақтың арғы бабалары – ғұндар, қыпшақтар және басқа да тайпалар мен ұлыстардың антропологиялық түрлерінің қалыптасуына жасаған ықпалына, олардың қазақтың этногенезіне тигізген рөліне қатысты. Еуропеоидтардың афанасьев және андронов мәдениетін жеткізушілер екенін дәл көрсете отырып, Гумилев олардың нәсілдік қалыптарының портретін сөзбен жеткізеді. Андроновтықтар арилерін көрген авторлардан ерекшелігі Гумилев бұл еуропеоидтарды динлиндер деп атауды жөн санайды.

Гумилевтің пікірінше динлиндер Гоби аймағын, Саян-Алтай шатқалын, Минусин және Туваны мекендеген. Олар «орта, көбінесе ұзын бойлы, мығым денелі, сопақ жүзді, терілерінің түсі ақшыл, беттері қызғылт, шаштары ақшыл, мұрындары түзу, бүркіт тұмсықты, көздері көк болған». Бірнеше жүз жыл бұрын өмір сүрген афанасьевтіктер «қыр мұрынды, жалпақ бетті, көз аумақтары төмен, маңдайлары кең болған». Жалпы

антропологиялық түр негізінде динлиндер мен афанасьевтіктер әр түрлі нәсілдерді құраған. Автордың пайымдауынша ди және динлиндер өздерінің мәдениетін б.д.д. III ғасырға дейін сақтаған, олардан тагар археологиялық мәдениеті қабылдаған. Динлиндер тарих сахнасынан б.д.II ғасырында жоғалған. Оңтүстіктен келген дилер Саянның оңтүстік аңғарына қоныстанып, ғұндардың ата-бабаларымен араласып кеткен.

Гумилев дилерді ертеде Қытайда қоныстанған сералармен теңгереді. Орталық Азияның көнедегі жұмбақ халықтарының бірі –юэчжилер тарихын қарастыра отырып, Гумилев ортаазиялық деректерде юэчжи атауы кездеспек түгіл, ирантілді баламасының жоқ екенін дәл аңғарады. Сондықтан да юэчжиді Орта Азия немесе Иранға белгілі халықтармен, мәселен, тохарлармен салыстыру, юэчжи ұрпақтары негізінде құрылған кушан династиясы осы атаумен белгілі болса да сәтсіздікке ұшырады

. Автор юэчжилер Хуанхэге дейін жеткенімен, ғұндардың кейін серпуімен өз отандары-Ортаазияға оралған соғдылар екендігі жөніндегі болжамын ұсынады. Гумилевтің пікірінше ди, динлиндердің моңғолтектес тайпалармен метисациясы Орталық Азияда кең тараған. Сонда, қыпшақ тектері – динлин ұлыстары Алтайдың батысында половецтер немесе кумандар (басқа нұсқада қыпшақтар қаңлылармен араласып, коман немесе половец халқын құраған), олар еуропатектес теле (оғұздар), печенегтер (кангарлар, кенгерестер), қырғыздар (енисейліктер), Гумилев ұйғыр ата-бабаларын ди, ал кангөйліктер ұрпағын – қаңлылар деп атайды. Бір қызығы, автор түріктерді барлық түркі тектестер ішіндегі неғұрлым моңғолтектестер деп атаған.

«Моңғолтектестердің сипаты: бет сүйегі шығыңқы, моңғолдық қабақ, төмендеу қыр мұрын, қысық көз болып келеді де, Ашин руына жататындығына ешкім шәк келтірмейді», – Л.Н. Гумилев Күлтегіннің мүсіндік бейнесін жасайды. Автор оғыздарды теле, телеуіттер деп атауды жөн санайды. Себебі, «оғыз» түріктердің берген атауы.

Л.Н. Гумилевтің «будун», «оғыз» ұғымдарына берген түсініктері де көңіл қоярлық. «Будун» термині «халық» деген сөздің синонимі ретінде алынады, бірақ оны этникалық мағынасында емес, әлеуметтік мағынада түсінген дұрыс. Будун орданың қатардағы құрамы, ал «беги» бұйрық мәнінде. Сонда орда тұтас алғанда әскери-әкімшілік ұғымын береді. Халық этнос ретінде «қып» деп аталды.

«Оғыз» ұғымына келсек ол қауым, ұлыс, мысалы, тоғыз-оғыз (ұйғыр атауы ретінде жиі кездеседі), үшоғыздар (қарлұқтар). Алайда дулу мен нушибтер оғыздар деп аталмаған, себебі олар этникалық қауымдастық ретінде табиғи жолмен пайда болмаған. Олар түрік қағанының манифесі бойынша пайда болған, – деп санайды Л.Гумилев.

Сондықтан олар «будун», «он оқ будун» деп («он оқты халық») деп аталған. Түркілерге бағынған ұйғырлар оларға қарым-қатынасы тұрғысынан будундар болған, бірақ өздерінің ішкі құрылымын сақтай отырып, олар оғыз деп аталуларын қойған жоқ. Білге қаған ескерткішінде былай деп айтылады: «тоғыз-оғыз халқы менің өз халқымболды», яғни олар тікелей қағанға бағынды.

Екінші жағынан, өзара жақын туысатын тоғыз тайпаның, солардың бірі – ұйғырлардың жинақталған атауы деп түсінген де жөн. Осыдан соң «оғыз» («гуз») этнонимге айналды.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ